Қазіргі табиғат мәселесі

Табиғат ежелден адам өмірінің қайнар көзі бола отырып, оған қызмет етіп келеді. Мыңдаған жылдар бойы адамдар қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүрді және адам баласына табиғи ресурстар шексіз болып көрінді. Бірақ өркениет дамыған сайын адамның табиғатқа араласуы арта бастады. Бүгінде дүние жүзінде мыңдаған түтінді өнеркәсіп орындары бар ірі қалалар бой көтеруде. Олардың қызметінің жанама өнімдері біз тыныс алатын ауаны, ішетін суды және астық пен көкөніс өсіретін жерді ластайды.

Жыл сайын жаһандық өнеркәсіп атмосфераны шамамен 1000 миллион тонна шаңмен және басқа да зиянды заттармен ластайды. Қазірдің өзінде түтіннен зардап шеккен науқастар саны күн артып өсуде. Кең байтақ ормандар кесіліп, өртеніп жатыр. Олардың жоғалуы оттегі балансын бұзады. Соның салдарынан жануарлардың, құстардың, балықтардың, өсімдіктердің кейбір сирек түрлері біржола жойылып, бірқатар өзендер мен көлдер құрғап қалды. Ауаның және дүниежүзілік мұхиттың ластануы, озон қабатының бұзылуы адамның абайсыз әрекетінің нәтижесі, экологиялық дағдарыстың белгісі.
Ең ауыр экологиялық апат Украина мен оның халқына 1986 жылғы сәуірдегі Чернобыль апатынан кейін келді. Бұлда адамзаттың байқаусыздығынан. Беларусь аумағының 18 пайызға жуығы да радиоактивті заттармен ластанған. Ауыл шаруашылығына, ормандарға және адам денсаулығына орасан зор зиян келді. Атом электр станциясындағы бұл жарылыс салдары Украин, Белорус және басқа да халықтар үшін қайғылы.

Қоршаған ортаны қорғау – жаһандық мәселе. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік жүйесін құру үшін байыпты шаралар қабылдау қажет. Мысалға БҰҰ мен 159 елде қоршаған ортаны қорғау агенттіктері құрылған. Бұл бөлімшелер экологиялық жағынан қиындыққа ұшыраған аймақтардың, соның ішінде Арал теңізі, Оңтүстік Орал, Кузбасс, Донбасс, Семей және Чернобыль АЭС-ті қамтитын проблемаларды талқылау үшін көптеген конференциялар өткізді.
Байкал көлінде экологиялық зерттеулердің халықаралық орталығы құрылды. «Гринпис» халықаралық ұйымы да қоршаған ортаны қорғауда көп жұмыс істейді. Бірақ бұл шаралар тек бастапқы қадамдар ғана, және осы істі табиғатты қорғау, планетадағы тіршілікті қалпына келтіру, болашақ ұрпақты үшін одан әрі жалғастырылуы керек.
с

Авторы: С. Күннұры

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *