Менің маңызды таңдауымның бірі

Менің маңызды таңдауымның бірі ол- жоғарғы оқу орнын дұрыс таңдау.11-сыныптан бастап жоғары оқу орындары туралы ақпарат іздей бастадым.Мен IT мамандығын таңдадым, сондықтан маған жақсы университет керек болды. Өйткені кез-келген университет жақсы білім бере алмайды. ЖОО мен мамандықты таңдайтын кез келді. Бір күн бұрын мен интернетте көп уақытымды өткізіп, университеттерді іздедім. Олардың жатақханалары мен грант ұпайларын оқыдым. Барлық ЖОО-да менің мамандығыма тек 65 балл керек болды.Ал КазНУ-да ақпарттық қауіпсіздік мамандығына 90 баллдан асу керек болды.Менің маман болуыма сенімді, тәжірбиесі көп, тарихы мол универ кажет деп білдім.Және де бул университет Еуразия бойынша 16-орында, ал Қазақстан бойыншы 1-орын алып тұр.Бір айдан кейін гранттардың нәтижесі шықты. Мені ҚазҰУ таңдады. Қуанышымда шек болған жоқ. Өйткені бұл оқу орны Қазақстандағы ең мықты университеттердің бірі.

Алғаш университетке келгенімде қатты қуандым. Сондай үлкен аумақ: көп жасыл желектер, саябақта серуендегендейсезімде боласың. Бұл жерде оқып жатқаныма 2 айдан асып кетті. Өзімнің ойымды айта кетсем:

Кітапхана. Кітапхананың ішінде барлық жағдай жасалған. Демалатын орын да бар.Бұл кітапханада сұрақтарыңызға жауап алып қана қоймай, көркем әдебиет кітаптарын оқуға да болады. Бұл шетелдік студенттерге де қолжетімді, себебі ағылшын тілі кітаптары да бар. Мұнда басқа тілдерді үйренуге болады. Мысалы, араб, қытай, орыс. Сонымен қатар, кітапхана 246 өте құнды және сирек кездесетін кітаптармен толықтырылды

Студенттік өмір. Студенттер үшін мұнда:Жастар ұйымдары, спорт клубтары, Баспа орталығы бар. Баспа орталығы қазіргі заманғы технологиялармен және көшіру техникасымен жабдықталған. Мұнда кез келген құжатты басып шығаруға, көшіруге, сканерлеуге және басқа да көптеген қызметтерді алуға болады. Жастар ұйымдары комитеті — барлық факультеттердің, студенттік ұйымдардың және қызығушылық клубтарының студенттік декан кабинеттерін біріктіретін бірлестік.

Жеңілдіктер. Жыл сайын осы ЖОО үміткерлерге гранттар мен квоталар береді. Сондай-ақ, шетелден келген азамматарға ағылшын тілінде сабақ беріледі. Студенттерге қиын болмас үшін университет жатақхана ұсынады. Оның ең басты артықшылығы – университет жанында орналасқан.

Мен осы жерде оқып жатқаныма өте қуанамын.Менің университетім тек оқу орны ғана емес, бұл әр студенткеашылып отырған мүмкіндіктер әлемі. Бұл жерде мен өз болашағымды қалыптастырып, достасып, әлемді кеңінен көруді үйренемін.

Ақпараттық технологиялар факультеті

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығы 1 курс

Ақпараттық технологиялар факультеті

Мухтарова Арайлым

Филология факультетінің аға оқытушысы Уразгалиева Светлана Аманжоловнаның жетекшілігімен

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *