ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Екі мемлекет, Түркия мен Қазақстан Республикалары негізін қазақ және түрік халықтары құрап отырған ұлттық мемлекеттер. Қазақтар мен түріктер түбірі бір бауырлас халықтар болып, олардың діні де бір – Қасиетті Ислам діні болды. Ендігі кезекте тарихын Ұлы Тұран далаларынан бастау алатын екі халықтың тағдыры екі географиялық аймақта жалғасты. Қазақтар Ұлы Тұранды мекен етіп қалған болса, түріктер Анадолы жерінде өз бетінше мұсылмандық мәдениетті түлетті. Халықтар арасында географиялық қашықтық болғандықтан, олардың исламдық мәдениет пен діни ұстанымдарында айтарлықтай өзгерістер болмағанымен, мұсылмандық білім беру саласында өзіндік даму ерекшеліктері мен ұқсастықтары болды.

Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, Қазақстандағы исламдық білім беру жүйесінің орта ғасырлардан басталған бай тарихы мен тəжірибесі бар. Ең алғашқы исламдық орта оқу орындарының бірі Түркістан өлкесінде пайда болғанын сөзге тиек етеді. Оның себебін тілдік фактордың əсерінен болғандығын айтады. Мұсылмандықты қабылдаған түркі халықтары үшін ислам дінінің негіздерін үйрену, шариғат заңдылықтарын түсіну, зерттеу, тарату талпынысын араб тіліндегі Құран Кəрімді, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) хадистерін, исламдық мəтіндерді игеру арқылы ғана жүзеге асыру мүмкін болғандығын айтады

Қазақстан жерінде де мұсылмандық білім беру орталықтары көп болған. Оның бастауы ислам дінінің келуімен тікелей байланысты болғандығы анық. Парсы территориясы арқылы Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы арабтардың дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIII ғ. ортасында, 751 жылы Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында араб əскерлері қытайларды жеңіп, Жетісу, Мәуереннахр, Шығыс Түркістан аймағына өз ықпалын орнатуы – қазақ даласына исламның тарала бастауының бастамасы болды

Қазақ даласындағы білім беру ісінің бір бағыты мұсылмандық білім беру мекемелері желісімен жүзеге асырылды. Бастапқыда балаларды ауылдағы молдалар киіз үйде сабақ беріп, сауатын ашқан. Бұл оқытудың басты ерекшелігі оқыту мезгілге қарамай, халықпен бірге көшіп-қонып жүрген білім орталығы болды. Молдаларға айлықты сол ауылдың байлары ақшалай не заттай төлеп тұрды. Сонымен қатар ауыл адамдары да молдаларға барынша көмектесіп тұрды.

Білім мен ғылым үздіксіз дамып отыратындығы белгілі. Ол ғылыми жаңалықтардың ашылуына қарай, технологияның дамуына орай бір орында тұрмай, үнемі ілгері дамып отырады. Бұл үрдіс діни білім беру мәселесін де қамтыған еді. Тарихи тұрғыда Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының, әсіресе қазақ этникалық топтарының діни дәстүрлеріне байланысты, олардың ислам дінін ұстанатындығы ислам дінінің өкілдері екендігін білдіреді. Қазақтар ханафи түріндегі суннит мұсылмандар. Ислам діні тек арабтар, түріктер және мысырлықтар емес, әртүрлі дәуірдегі адамдардың жүрегінде орын алды, бірақ көптеген басқа халықтар Исламды дәстүрге айналдырып, оның дамуына және өркендеуіне үлес қосты. Бүгінгі күні ислам – қазақ халқының рухани мұрасының ажырамас бөлігі. Қазақ этносының моральдық дамуында мыңдаған жылдар бойы тәжірибе жинақтаған қоғамның рухани және діни негіздерінің, ислам мәдениетінің жаңаруы өзін-өзі анықтауға, тарихи жадыға, мәдени-тарихи бірлікке қол жеткізуге бағытталған маңызды қадам болды

Орындаған Бағаев Бағдат

https://www.kaznu.kz/

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *