Майлықожа жырау

Мұсылманды жазалаудан Алла сақтасын деп өз өлеңдерінде ащы шындықты айтып, казактарды ескертеді.  Одан кейін отаршылдық езгі әлі де елдің аянышты халін көрсететін шығармалардың табиғатын суреттейді.  Меркі, Әулиеата, Сайрам, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Қиуа, Иқан, Ақбұлақтарды жаулап алуы Сыздық сұлтан Кенесарыұлы бастаған казак қолының ерлік істерін, оның азаттық идеясының мәнін насихаттайды.  Майлықожа «Шалқып жатқан елім – ай» атты ұзақ халық өлеңінде нағыз ақиқатты арқау етіп, тарихшының білімі мен біліктілігін танытады.  Әңгімені қолына алғандай айтып береді.  «Тербелең елім – ай» күннің әсем табиғатын кестелеу барысында аздап көтерілгені рас, бірақ осындай әдемі, құнарлы шығып жатқан өзегін өртеген өкінішті жырлайды.

Әсіресе дін мамандары үшін Майлықожаның жырларының тигізер әсері мол. Қазіргі таңда қоғамда шығып жатқан неше түрлі топтардың аузына қақпақ болатын күшті қару деп айтсақ болады. Себебі қәзір былай тартсаң өгіз өлетін, былай тартсаң арба сынатын бір кезең қалыптасып тұр. Құран аяттары мен хадстерді ғана айтатын болсаң арабтанған қазақилығын жоғалтқан дейді. Тек қазақшалап кететін болсақ сауатсыз деп санайды.

Сондықтан арбаныда сындырмай, өгіздіде өлтірмей арқы бетке аман алып шығу үшін екі жақты бір деңгейде ұстау керек. Фанаттық сезімге берілмей өз халқын жақсы көріп құрметтеу керек. Жас ұрпақты ақын-жыраулардың рухани тәлімімен сусындандыру керек. Қазақы тәрбие алған жеткіншек өзге топтың шырмауына түспейді. Өйткені шариғатта айтылған дүниелер қазақтың дала тіліне аударылып қойған деп айта аламыз.

Түбіміз түрік, дініміз Ислам екендігін танытатын көптеген шығармаларымен мәлім болған тұлғалар төл әдебиетімізде жетіп артылады. Сол ізгілердің айтқандарын кәдеге жарата білу- бүгінгі ұрпаққа уақыттың өзі беріп тұрған тарихи мүкіндік болып тұр. Ақын -жыраулардың сан ғасырлар бұрын бізге дайындап беріп кеткен дайын жоспарын тек іске асырып, осы заманға сай өңдеп жіберетін тұстары ғана бар. Оған жүрегі қазақ деп соғатын әрбір тұлға атсалысуы керек болады.

Майлықожа жыраудың рухани мұрасы біздің болашақ ел үшін соның ішінде қәзір көретіліп жүрген Жаңа Қазақстан үшін өте маңызды. Әсіресе тілге қатысты мәселелерді шешуде де өзіндік рөлін тигізе алады. Ел басқаратын адамдар және діни мамандар осындай жыраулардың айтқан сөздерін келтіріп сөйлейтін болса халыққа тез арада өтеді деп ойлаймын. Оны қалыптастыру үшін ақын-жырауларды зерттеуді тереңдетіп, халыққа әліде болса жақынна таныту керек.

Орындаған: Романұлы Н.

Аға оқытушы: Тунгатова Ұ.А.

https://www.kaznu.kz/

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *