Төрелік және медиация

Төрелік және медиация

Кейде қоғамда нақты, сараланған заңдар арқылы шешімі табылмайтын оқиғалар болады. Мұндайда олардың орнына баламасы қолданылады. Яғни төрелік пен медиация.

Төрелік көбіне жеке немесе заңды тұлғалар арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастантуындаған дауларды шешуге бағытталған. Дау субъектісі мемлекет ішінде немесе одан тысқары болуы да мүмкін. Ал төрешілер немесе төреліктер өздеріне берілген азаматтық дауларды шешу кезінде тәуелсіз болады, яғни төрелік қызметіне қандайда бір мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды араластырмауға құқылы. Елімізде арнайы Төрелік палатасы жұмыс істейді. Бұл коммерциялық емес ұйым. Ол – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен төрелік қызметін іске асырады және төрелікті ынталандыру және оларға қолдау көрсету, қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылған бірлестік.

Төрелік заңға сәйкес, дауға араласатын, оны жеке-дара шешетін төреші заңды білуге тиіс. Дауды алқа боп шешкен жағдайда да құрамда тағайындалған төрағаның жоғары заң білімі болуы керек.

Медиацияның төреліктен айырмашылығы – медиацияның көмегімен  дауласқан тараптар жанжалды келіссөз арқылы өздері шеше алады. Яғни медиация – туындаған дауға үшінші тараптың, медиатордың араласуы. Медиатордың міндеті – дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуге септігін тигізу және ол жанжалдасқан немесе келіссөзге келе алмаған екі тараптың да өкілі емес, тәуелсіз келіссөз жүргізуші. Медиацияда да медиатордың жұмысына ешкім араласпауы керек және медиатор көмегімен жүргізілген әр іс құпия сақталады. Егер дауда тараптар келісімге келе алмай жатса немесе мүлде келісімге келмесе медиатор ол істен бас тартуға құқылы.

Медиация тек Қазақстан аумағында ғана емес, сыртқы істерде де жиі қолданылады. Халықаралық келіссөздер кезінде шартты даулар туындаса, оны бітімгерлік жолмен шешу үшін осы Медиация заңы көмекке келеді.

Медиацияның тағы бір ерекшелігі – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды басты назарда ұстайды. Мұнда соттағыдай кінәлілер мен кінәсіздер ұғымы болмайды. Атап айтқанда, медиация абайсызда жасалған қылмыстық істерді сотқа жеткізбеуге тырысады.

                  Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті з,ғ,к Атаханова С.К
Заң факультетінің студенті Нұрдаулет Шапағат Нұржанқызы 404-топ

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *