ФУНКЦИОНАЛДЫ0Қ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Сердалинова Гульмира Химиевна

№11 ЖББМ, бастауыш сынып мұғалімі

Жезқазған қаласы.

 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 

            Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудағы басым міндеттерінің бірі болып табылады. Биылғы оқу жылында Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығы өтті.

           Мақсаты: Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Сондықтан қазіргі таңдағы өзекті мәселе функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың негізгі бағыттары болып табылады.

       «Айналамыздағы математика» жобасы аясында зерттеу бағдарламасы білім беру сапасын көтеруге, функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған болатын, бұл білім беру саласындағы басым бағыт болып табылады.

         Заманауи ғылым цифрлар мен дәйектерді біліп қана қоюды емес, ақпаратпен жұмыс істей білуді, берілгенді түсіну мен өңдеуді, жаңа нәтижелерді сараптауды, шаблонды емес есептерді шығара білуді талап етеді.

        Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудағы басым міндеттерінің бірі болып табылады.

         Қазіргі кезде өз бетінше шешім қабылдай алатын, белсенді адамдарға деген қажеттілік өсіп отыр. Біздің өркениетті дамудағы заманауи кезеңінде балаларға телегей-теңіз ақпарат беріледі. Осыншама ақпаратты қабылдап, өңдеп, қолдануды қалай үлгеру керек?

          Жаңа оқушының жаңа басты тұлғалық сапасы болып, мектеп жағдайында қалыптасатын белсенділік, шығармашылдық ойлауға және стандарттан тыс шешімдер табу қабілеттілік болып табылады. Қазіргі таңда қоғамда білім берудің негізгі мақсатын түсіну жаңаша қалыптасқан. Бұл-мұғалім балада ең алдымен, оның әлемдік және ұлттық мәдениетке кіріктірілуін қамтамасыз ететін өзіндік даму қабілетін, белгілі бір құзырлылықтарын қалыптастыруды ойластыруы. Сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі, онда тілдік іс — әрекеттің түрлеріне – жазуға, оқуға, әңгімелеуге, тыңдауға, есепке үйрету екпінді түрде жүреді, сондықтан жалпы оқу біліктерін дамыту (ұйымдастырушының, интеллектуалдық, коммуникативтік және бағалаушылық) — бұл функционалдық сауаттылыққа жол.

        Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын, оны оқып үйренудің ғылыми бейнесін меңгерту;

 Математикалық есептерді шешуде дұрыс қадамдарды жасау;

      Төменгі сынып оқушыларының математика сауаттылығы әдістері мен тәсілдері мазмұнында жазылған тапсырмалар жинау;

        Сонымен қатар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын және математикалық сауаттылығын дамытуға бағыттылған инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына сүйенеді. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана біліп сыни тұрғыдан ойланта білу. Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір — көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру, тәрбиелеу. Сыни тұрғыдан ойлау көбiнесе қарсы пiкiр айтуға баламалы шешiмдердi қабылдауға, ойлау және iс-әрекетiмiзге жаңа немесе түрлендiрiлген тәсiлдердi енгiзуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды бiлдiредi. (Мұғалiмге арналған нұсқаулық, 49 бет, 2-модуль, 13 бет).

          Өзімнің мектеп тәжірибемде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан тұратын «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулiн жүзеге асыру барысында математикалық ребустарды шешіп, орындай отырып, математикалық сауаттылығы мен логикаға деген қызығушылықтарын арттыру барысында «Математикалық ребустар» байқауы ұйымдастырылды.

       Математикалық есептеулер, математикалық сауаттылықтың, есеп шығарудың бастауы ретінде қабілеттері мен дағдының қалыптасуына  ребустарды шешу өте маңызды.

Сонымен қатар сынып сағатында Александрдің (2008) «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді» деген сөзін басшылыққа алып, диалогтік оқытуды қолданамын. «МАТЕМАТИКА АЙНАЛАМЫЗДА» математикалық сауаттылық апталығында «Сандар күні» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Диалогтік әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз ойын, топшылауын, пайымын білдірді, өзіндік дәлелдер келтірді. Оларға бұл тапсырма өте қатты ұнады. Олар өзара талқыға түсіп диалог орнатты.

 Адам өмірі сандармен тығыз байланыста, сан ол адам өмірінің бір бөлшегі сияқты. Өзімізде бар нәрсені қайта санау үшін немесе бізге тағы да қанша қажет екендігін сандардың көмегімен анықтайтыны жайлы өз пікірлерін білдірді. Оқушылар сандар өмірге қажет, сандар мен цифрлар бір – біріне керек, әр санның өзінің құпиясы бар екеніне көз жеткізді.        

«Қызықты сандар мен фигуралар» туралы қызықты әңгімелесу болды. Әр оқушы өзінің салған фигуралары арқылы сыни тұрғыда анықтама беріп, топқа бөлінді. Олар осы атаулармен бөлек отыра бастады. Оқушыларға Неліктен олай бөліңдің? Себебі не? — деген ашық сұрақтар қойып отырдым. Оқушылар сандар мен фигуралар туралы өз білгендерін ортаға салды. Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша нақты тұжырымдар айтты. Сандар мен фигура арасындағы заңдылықты анықтай отырып, сан мен фигура өз ара байланысты екеніне көз жеткізді.

         Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру барысында математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту болып табылады.

          Хабарлама мен хабарландырулардың маңыздылығына мән беріп, оқушыларға өмірде қолдана алуға бағыт — бағдар беріп отырамын. Қазіргі таңда оқушылар мен ата-аналардың көңіл — күйіне назар аударып, кез-келген шаруаны дұрыс түсінуге тырысып, жағдай туғызғаннан кейін, жұмыстың барысын, мақсатын түсіндіруге тырысамын.

Қорытындылай келе, функцоналдық сауаттылықты дамыту арқылы рухани бай, ұлттық құндылықты бағалай білетін, келешекте өз білгенін өмірде қолдана алатын тұлға шығады. Бәсекелестіктің озық нышандарының бірі сауатты тұлға болып қалыптасады және болашақ мамандығын таңдауға да септігін тигізеді.

       Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қажет.

 

Пaйдaлaнғaн әдeбиeттер:

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016;

«Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016;

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *