: «Жаңартылған білім беру мазмұнында белсенді оқу әдісін қолдану»

Бертлеуова Рахила Хансултановна

Атырау облысы, Атырау  қаласы,  «№34 жалпы  орта  білім  беретін

мектеп» КММ ,бастауыш  сынып  мұғалімі, модератор

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе   қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты  болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.

Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қол данылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.[Бастауыш   Бағдарлама Мұғалім]

«Қазақстан-2050» стратегиясынан үзінді

«…Біріншіден, барлық дамыған елдердің өзіндік бірегей білім беру жүйелері бар. Біздің алдымызда ұлттық білім берудің барлық буындарын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға дейін Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балалардың 100 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.Демек, бұл балаларды заманауи білім беру əдістемелерімен жəне жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады. Орта білім беруде жалпы білім беретін мектептердің деңгейін Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу қажет. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін меңгеріп шығуы  тиіс. Оқытудың нəтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын, өз бетінше зерттеу жүргізу жəне ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгеруі тиіс».[Әдістемелік  нұсқау  хат ] 2017-2018 оқу жылы

Заманауи білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық коммуникативтік технологиямен қамтамасыз етілуін, білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Осы уақытқа дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, ал қазір заман ағымына сай оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгеріп отыр.

Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс  ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін көрсетеді.[Бастауыш   Нұсқаулық  Мұғалім]

Белсенді оқу əдістері арқылы əзірленген оқу мақсаттарының жəне білім беру бағдарламасының бірізділігі, белгілі бір жүйелі білім беру бағытын көздейді. Бұл белсенді оқыту стратегияларының құрамына мыналар кіреді:

«оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру», «оқушылардың жеке, топтық жəне тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсету»

Белсенді оқу оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі əдіс-тəсілдер арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Олар: оқушының жеке пікірін тыңдау;

оқушыларды мұқият іріктелген шығармашылық жəне логикалық оқу тапсырмалары арқылы ынталандыру;

оқушылардың           оқу      мақсаттарына            қол      жеткізуі          үшін

тиімді əдіс- тəсілдерді ұсыну жəне үлгісін көрсету;

-оқушылардың білім алуына «оқу үшін бағалау» жəне «оқуды бағалау» арқылы қолдау көрсету;

оқушылардың           пəн      бойынша        меңгерген      біліміне          жүйелі   түрде мониторинг жүргізу;

-оқушының өз білімін жетілдіруіне жəне бағалауына ынталандыратын мүмкіндіктер жасау;

-түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-əрекетті жүзеге асыру;

-ізденуді жəне қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды ұсыну; зерттеу жұмыстарын жүргізуге жəне зерттеу əдіс-тəсілдерін меңгеруге бағытталатын оқушылардың белсенді оқуын марапаттау;

-оқушылардың өзара бірлесіп оқуын (сынып ішінде жəне сыныптар арасында) ұйымдастыру;

жеке, жұптық, топтық жəне ұжымдық жұмыстарды өзара үйлесімділікпен қолдану.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан  шынайы  проблемаларды  анықтап  зерттей

білуді  талап етеді.

Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін белсенді əдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары толығады. Оқу үдерісінде мұғалім оқушының неғұрлым белсенді болғанына назар аудара отырып, оқу материалын дайын күйінде бермеуі, оларға ашық сұрақ қою арқылы  назарларын шоғырландырып оқу, шолу жасауы, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттауының нәтижесінде нәтижеге жетеді.

Бекіту жəне қолданысқа енгізудің де тиімділігі мол. Бұл -жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну. Сонымен қатар, коммукативтік дағдыларды дамытуға негізделген сабақтарды құрылымды етіп құру оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға жетелейді, яғни олардың қызығушылықтарын оятады. Әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қою арқылы мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге және ашық қоғамның азаматы болуға үйретеді. Шынында да оқушылардың интелектісін дамыту мақсатында интерактивті оқыту амалдарын қолдану – ақпараттың мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге ауысып отыруына мүмкіндік береді. Сұрақ қою жəне талқылау әдісі  де сабақтың бағытына жəне қарқынына сəйкес  тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу үшін қажет.        Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқушыны сөйлете алу мен пікірталас, қажетті ақпаратты іздестіру, жеке   жұмыс жасау да орынды.

Белсенді оқу арқылы  оқушылардың танымдық дағдылары дамып артады. Кез келген материалмен жұмыс жасауда қорытынды шығару жəне есте сақтауға оқушылардың сабақ мақсатына сай не үйренгенін түйіндеу мен түсінгенін анықтау мен қате түсінген жағдайда түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, өз идеяларын ұсынуға шақыруға көмектеседі.

Белсенді оқу әдістері:

Тұжырымдамалық карта»

Бүгінгі өтіліп жатқан тақырып бойынша тұжырымдамалық карта жасау (постер) тапсырылады. Карта тақырыпты ашатындай болуы керек. Картаға сурет, кесте, ойдың түйінді идеясы, график  т.б. салуға не дайын материалды жапсыруға болады. Тұжырымдамалық карта бергенде, оқушыға оның қалай бағаланатыны жайлы критерийлер беріледі не айтылады. Соңында әр топтың жұмысы сол критерий бойынша бағаланады.

«Қар кесегі»

Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді.

“Болжау ағашы”.

Оқушыларды мəтіннің тақырыбымен немесе мəтінге байланысты суреттермен таныстырып алып, мəтін не жайында деп ойлайсыңдар деген сұрақ қойып, жауаптарын стикерге жаздырып ағашқа ілдіреміз немесе осы мəтін не жайында деп ойлайсыңдар соған байланысты білгілерің келген мəселе бойынша сұрақ жазып ағашқа іліңдер деп тапсырма беріп,оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырып алуға болады.Соңынан мəтінді өз беттерімен оқыттырып, өздерінің ойларын яғни болжауларын дəлелдеп немесе басқа да ойларын ортаға салғызуға болады. Өте тиімді əдіс.

«Жасырын сөз».

Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда  айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.

Түйінді сөздер

Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.

«Фрейер моделі» әдісі

Алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.«БББ» кестесі

«Борт журналы»

5-10 минут мұғалім бүкіл аудитория бойынша дәріс оқиды. Оқушылар 20 минут ішінде өз «борт журналдарын» толтырады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибемен байланыстыра отырып. Оқушылар жұпта, сосын топта өз журналдарының мазмұнын талқылайды, бір-бірінің сұрақтарына жауап береді, түсінбеген жағдайларда – мұғалімнен кеңес алады. Мұғалім бүкіл сыныппен «борт журналдарын» талқылайды, жалпы сұрақтарға жауап береді.

«Маршрут» ойыны.

Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.

Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ,-қарбыз т.б.

«Екі әріп» ойыны.

Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.

«Еске түсіру» ойыны.

Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер  қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

«Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады.  Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп  жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады.  Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.

«Қара жәшік» ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш,  айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.

«Дұрыс-дұрыс емес» ойыны. Ойынға қатысушыларды екі топқа бөледі. Оларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызған дұрыс.  Ортаға бос екі орындық қояды.  Бір орындық «дұрыс» дегенді білдірсе, екінші орындық «дұрыс емес» дегенді  білдіреді. Мұғалім немесе бір оқушы қағазда жазылған ой-тұжырымды оқиды: Ы.Алтынсарин – алғаш мектеп ашушылардың бірі». Бұл тұжырымды дұрыс деп санаса, олар тез барып «дұрыс» орындығына отыруы тиіс.   «Дұрыс емес» деп санаса, соған сәйкес белгіленген орындыққа отырады. Қайсысы бірінші барып отырса және жауапты дұрыс тапса, сол жеңімпаз болады.

«Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші  топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.

«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді.  Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады

«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты

кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер  қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.

Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.

1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.
2.“Автор орындығы”
оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады.
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

Бұл жаңартылған  білім бағдарламасы  оқушы үшін де , мұғалім үшін де  тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы  маңызды  тәжірибені дамыту  бойынша бірнеше  өте маңызды  кеңестер ұсынды. Осы кезде оқушы  оқудерісіне  белсенді  қатысқанда  ғана    материалды  терең меңгереді. Басқаша  айтсақ, оқушыға  бағдарланған оқыту ортасында мұғалім  оқушылардың  сыныпқа  келген    кездегі  бастапқы  сенімдерін, білімін және  өзіндік  ойын негізге ала отырып, өз  пайымдарын  жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі  оқушы мен оқу  материалын  жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда  осы үдерісті  үйлестіретін  мұғалімдер  көпірдің  екі жағын да  қадағалай  білуі тиіс.  Мұғалімдер  оқушылардың  не білетінін  және нені  жасай  алатынын, сондай-ақ  олардың қызығушылықтарын, әр оқушының  нені жақсы көретінін  және  не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Осы  тәсілдерді  сабақта  қалай  қолданатыныма  тоқталайын.

Дүниетану  сабағында  мына  әлістерді қолдандым.

«Сұрақ қой»әдісі

Балалар бір-біріне неге?қашан?қай? сұрақтары арқылы жауап береді.

«Мен –саяхат  жетекшісімін»әдісі

Сендер қазір  саяхат жетекшісі  ролінде ойнайсыңдар.Парталас көршіңе  ежелгі қалалар туралы,оның  адамдары туралы айтасың.

«Дәлелде»

Қазіргі   қала        ежелгі   қала

Әр оқушы өзі  таңдаған қаланы  сипаттайды,дәлелдейді.

Қазақ  тілі   сабағында топтық жұмыс  ретінде  сәйкестендіреді.

Оқу      лар               балық               да

Ұш       шы               терек                тар

Ата       қыш             дала                 тер

(Т)

Сөздерге  сұрақ  қойдыру,мағынасына қарай  сөз таптарына   ажырату.

Жұлдыз, тау, екі, ата, көк, оқыды, үлкен, ақын, жуынды,

спорт, жеті, адам, отыз, құс, жүзді, биік, жасыл,

айналысады.

«Қар  кесегі» стратегиясы

Мақсаты:зат есімдерді  тауып ,олрға сұрақ қою.

Балалар  бір-біріне  умаждалған  қағазбен  сөздер жазып лақтырады.Оларды оқып,сұрақ қояды.

Күтілетін    нәтиже:

«оқушылардың зерттеу іс-əрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру», «оқушылардың жеке, топтық жəне тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру», «оқу үшін бағалау» қағидаты бойынша оқуға қолдау көрсету»

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан  шынайы  проблемаларды  анықтап  зерттей

білуді  талап  етеді.

Өзін-өзі реттей білетін , жаңалыққа құштар ұстаз заман ағымына қарай өзгере алатын болуы керек. Мұғалім тағдыры-үнемі , өмір бойы іздену, оқу-тоқу. Үнемі ізденіс үстінде жүретін мұғалім жаңа мектеп моделін шығаруына өз үлесін қосады. Себебі білікті ұстаз өз сабағына оқушыларды тегіс қатыстыра алады. Егер сабағын балалардың қызығушылығы арттыратындай етіп құрастырса, оқушының оқуға деген ынтасы да пайда болады, әр сабаққа бала өз қалауымен барады. Бұның бәрі тек біздіің өзіміздің қолымызда және балаларды қолдап, мадақтап отыру қажет.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *