Алматы-ең алғашқы махаббатым

Талайлардың арманы болған,талай ғашықтардытабыстырған,сезімнің заңғарына жетелеген,талай ақын біткен сүйсіне жырлаған ,сүйікті менің Алматым.Саған деген махаббатымды айтуданда,жазудан да шаршамаймын.Тамаша табиғатыңмен ,аспанмен таласқан заңғар тауларыңмен,сарқырап аққан өзен-суларыңмен,көк майса,жасыл желегіңмен,нарттай алмаңммен , мен үшін әрқашан да ерекшесің.Сендегі бар әдемілік, құдды бір  әлемнің сегізінші кереметі дерсің.Мен үшін Алматы әдеміліктің символы іспеттес.Алматы да өткізген әр күнім ғажайыптарға толы.Бір де теуіп,бір де өзіне тартқан Алматыға деген менің махаббатым ешқашан сөнген емес тіпті сөнбейдіде.Өзім Ақтөбе қаласының тумасы болсам да Алматы десе ет бүйрегім бұрып тұрады.Арман қуып келген жастардың арманын орындайтын және де өмірде қатты болуға,әр келген қиындыққа мойымай,керісінше мықты болуға үйрететін сүйікті қалам.Қаншама шет елді араласам да ,қаншама алпауыт елдер есігін құшақ жайып ашса да,сендегі әдемлікті таппаспын.Көктөбемнен алақандағыдай ,бірақ сол кішкентай алақанның ішінде өзіңді жылулықта сезінетін қалам.Қанша суық кездері болса да,өзіндегі жылулық ешқашан суымайтын ару қалам. Дінмұхаммед атам жырлағандай,шашатын шартарапқа шапағатын, ару қала,Алматы менің ең алғашқы махаббатым. «Таланттар далада туып,қалада өледі» демекші,нағыз өнер мен білімнің қайнап жатқан ордасы.Талай өнерлі тұлғаларды тәрбиелеген,қолына салып әлдилеген сұлу қалам.Бүгінде мәңгілік махаббат мекеніне айналған,өнер мен білімнің,әдебиет пен мәдениеттің,сұлулық пен жылулықтың символына айналған,кәрі таулары мен жасыл шөптерінің әдемі көрінісін сипаттай білген,маған әрдайым есіктерін айқара ашқан ,Алматының тұрғыны болғаныма бақыттымын.Арайлап атқан әр таңым  мен қызарып батқан әр кештері үшін,жаңбырдан кейінгі керемет иістері үшін,мені жақындарыммен табыстырған,керемет студенттік шағымның естеліктері  үшін,маған берілген керемет мүмкіндіктердің ішінен бағындырар белестерімнің көп екендігін көрсете білген керемет кездер үшін ,мен сені құлай сүйем Алматым.

.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *