Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі

 

 «Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі»

 

«Ел болам десең бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине ол отбасы екені мәлім. Сәби күнінен ананың әлдиімен ақ бесікте тербетіліп, асыл әженің ертегісін тыңдап тәтті ұйқыға батып өскен әрбір қазақ топырағының перзенті жаман болмайтыны анық. Сәби дүние келгеннен бастап салт-дәстүріміз бойынша жоралғыларын жасап, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңірсек ұлтымыздың ұлы азаматы болары сөзсіз. Тәлім – тәрбие беруде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды пайдалану ең бір оңтайлы тәсіл. Себебі, баланың қырқынан шығару, ақ бесікке жатқызу тазалыққа, бесік жыры мейірімділікке, тұсау кесер адалдық пен адамгершілікке, сүндетке отырғызу мұсылмандығын тануына өз септігін тигізеді. Сондықтан әр ата – ана балаға тәрбие берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін ескерген жөн.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *