Құран ілімі
Құран –араб тілінде «қорә» оқу мағынасындағы етістіктен туындаған есім сөз.Ең көп оқылатын кітап болғандықтан «Құран» деп аталған.
Терминдік мағынасы: «Құран Кәрім» -араб тілінде Фәтиха сүресінен басталып Нас сүресімен аяқталып,жадыларда жатталып,ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және жазбаша түрде мутауатир жолмен бір әріпі де өзгеріске ұшырамай жалғасатын әрі оқылуы ғибадат саналатын,Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың пайғамбарымыз Мұхаммедке түсірген қасиетті сөзі.
Құранның атаулары-Әлкитаб,әлФурқан,әтТанзил,әзЗикр т.б атаулары бар.
Құран Кәрімнің түсу тарихы: Құран Кәрімді Алла Тағала әуелі «әл-Лауху әл-Махфузда» бекітіп,сосын оны аспан дүниесіндегі «Бәйту әл-Иззаға»бір мәрте түсірілген кейін Мұхаммедке пайғамбарлық келгеннен бастап дүниеден озғанға дейінгі 23 жыл көлемінде түрлі оқиғалар мен жайттарға байланысты бөлек-бөлек түскен.
Құран аяттарының бөлек-бөлек түсуінің сырлары.
1)Пайғамбарымыздың жүрегіне тоқтау салып,көңіліне қуаныш ұялату үшін.
2)Сахабалардың көкейлеріне тез қонып,жеңіл жатталуы үшін.
3)Ғасырлар бойы әдетке айналған жаман мінез-құлықтардан бірте-бірте арылту.
4)Әр түрлі жағдайлар мен оқиғаларға байланысты түсуі.
5)Мүшріктер мен кәпірлердің сұрақтары мен келтірген күмәндеріне қарсы жауап ретінде бөлек –бөлек түсірілген екен.
Магистрант:Оразбаев Әділбек
Практика жетекшісі:PhD докторы,аға оқытушы
Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718