Құран ілімі

Құран –араб тілінде «қорә» оқу мағынасындағы етістіктен туындаған есім сөз.Ең көп оқылатын кітап болғандықтан «Құран» деп аталған.

Терминдік мағынасы: «Құран Кәрім» -араб тілінде Фәтиха сүресінен басталып Нас сүресімен аяқталып,жадыларда жатталып,ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және жазбаша түрде мутауатир жолмен бір әріпі де өзгеріске ұшырамай жалғасатын әрі оқылуы ғибадат саналатын,Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың пайғамбарымыз Мұхаммедке түсірген қасиетті сөзі.

Құранның атаулары-Әлкитаб,әлФурқан,әтТанзил,әзЗикр т.б атаулары бар.

Құран Кәрімнің түсу тарихы: Құран Кәрімді Алла Тағала әуелі «әл-Лауху әл-Махфузда» бекітіп,сосын оны аспан дүниесіндегі «Бәйту әл-Иззаға»бір мәрте түсірілген кейін  Мұхаммедке пайғамбарлық келгеннен бастап дүниеден озғанға дейінгі 23 жыл көлемінде түрлі оқиғалар мен жайттарға байланысты бөлек-бөлек түскен.

Құран  аяттарының бөлек-бөлек түсуінің сырлары.

1)Пайғамбарымыздың жүрегіне тоқтау салып,көңіліне қуаныш ұялату үшін.

2)Сахабалардың көкейлеріне тез қонып,жеңіл жатталуы үшін.

3)Ғасырлар бойы әдетке айналған жаман мінез-құлықтардан бірте-бірте арылту.

4)Әр түрлі жағдайлар мен оқиғаларға байланысты түсуі.

5)Мүшріктер мен кәпірлердің сұрақтары мен келтірген күмәндеріне қарсы жауап ретінде бөлек –бөлек түсірілген екен.

Магистрант:Оразбаев Әділбек

                                                       Практика жетекшісі:PhD докторы,аға оқытушы

                                                        Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы

                                                        www.kaznu 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *