Керей мен Жәнібек

Керей мен Жәнібек.

Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып,мемлекет етіп құруКерей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Жәнібек пен Керей сұлтандардың билік жүргізу үшін Шыңғысханның ұрпақтарымен күресуі ру ақсақалдарымен бірге,қатардағы малшылар мен егіншілердің әр түрлі әлеуметтік топтарының да мүддесімен сай келді.Бұл жағдай тайпалардың дербес өз мемлекетін,қазақ хандығын құруғадеген ұмтылысын айқын бейнелеп берді.

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарының бірісол кездегі Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің-Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар болды.XVғасырда Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп,күйреу дәрежесіне жетті.Бұл хандықтағы билік басында отырған ақсүйектердің күш-қуаты артып,олардың жоғарғы билікке деген үміт,талпынысы күннен-күнге арта түсті.Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының неғұрлым ықпалды,беделді көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылыс жасады.Билікке таласушылар тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өздеріне қуатты одақтастар іздестірілді.

Қазақ хандығының іргесін нығайтып,оның күш-қуатын арттыру,сөйтіп ірі,дербес мемлекетке айналдыруға бағытталған іс-әрекеттер,қазақ қоғамын билеуші топтардың мүддесіне сай келді.Сондықтан қазақ тайпаларының ақсүйек көсемдері тарапынан қолдау тапты.Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы,Қаратау баурайындағы,Сырдария бойындағы,Түркістанның солтүстік бөлігіндегі тайпалардың басым көпшілігі XV ғасырдың 40-50-жылдарының өзінде-ақ Керей мен Жәнібек сұлтандардың төңірегіне топтасқан еді Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғы шарттардың бірі XV ғасырдың орта шеңінде Әбілхайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды. Сонымен қатар феодалдық езгі мен қанау халықты ауыр күзеліске ұшыратты. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде өз мақсаттарына шебер пайдаланады.Сөйтіп,Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсылық көрсеткен қазақ тайпаларының көсеміне айналып,қазақ тайпаларын бастап,Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш бастады.Керей мен Жәнібек сұлтандардың басшылығымен Жетісу жерінде құрылмақ Қазақ хандығының Алтын Орда,Ақ Орда,т.б.хандықтарының мемлекеттік құрылымынан негізгі айырмашылығы-Қазақ хандығы жаулап алушылық нәтежиесінде құрылған жоқ, жергілікті экономикалық,этникалық негіздерден шықты.

XV ғасырың орта шенінде қалыптасқан саяси-экономикалық, тарихи жағдайлар Батыс Жетісу жерінде феодалдық негіздегі Қазақ хандығының құрылуына алғышарт жасады.

Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

XV ғ. Басында Ақ Орда мемлекеті ыдырап, оның орнына Шайбани әулетінен шыққан Әбілхайыр хандығы құрылды.Әбілхайыр хандығы негізінен түрік және кейбір түркіленген ру-тайпалардан құралды. Бұл тайпалардың тілдері, шаруашылығы ұқсас, мәдениеті мен тұрмыс-салты да бірдей. Әбілқайыр хандығығының ішкі-сыртқы саяси жағдайы тұрақты, берік бола қоймады. Ұлыс ішінде жоғарғы өкімет билігі үшін таласқан Жошы ұрпақтарымен толассыз және қатал күрес жүргізуге тура келді. Әбілқайыр хандығындағы талас-тартыстар, қан төгіс соғыстар барған сайын өрши түсті. Феодалдық езгі мен қанау қалың халық бұқарасын өте ауыр күйзеліске душар етті. Шыңғыс әулеттерінің билікке таласқан өзара тартыстары Әбілқайыр хандығын әлсіретті. Әбілқайыр ханның өз қарсыластарын аяусыз басып-жаныштауы мен бұқара халықты езуді күшейтуі хан билігін күшейте алмады.

XVғ.басында жайылымдық жерлер іздестіріп, олжа табуға ұмтылып сауда орталықтарына шығуды көздеген ойрат тайпалары Әбілқайыр хандығы жеріне шапқыншылық жасады. Әбілқайыр хан ойраттармен шайқаста жеңіліс тауып, көп шығынға ұшырады.

Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Қазақстанның Оңтүстігінде өз билігіне мойынсұнбағандарды жазалай бастады. Елде қатаң тәртіп орнатты. Ойрат ойранынан кейінгі алауыздық және ашу мен ыза белең алған жағдайда Әбілқайрдың бұл әрекеттері сұлтандар мен

бұқара халықтың наразылығын бұрынғыдан да бетер өршітіп жіберді.

Керей,Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр хандығындағы осы бір саяси-тарихи жағдайдағы өз мүдделеріне тиімді пайдалануға ұмтылды. Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы наразылық күреске шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, олардың көсеміне айналды. Әбілқайырға қарсы шыққан қалың қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударды.

Қазақ тайпаларының Жетісуға көшуі әдеттегі ауа көшу болған жоқ. Мұның өзі қазақ тайпаларының Әбілқайырдың адам төзгісіз езгісіне, үсті-үстіне көбейе берген салықтар мен міндеткерлікке, феодалдық тартыстар мен соғыстардың ауырпалығына деген қарсылығы еді.

Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

Моғолстан ханы Есен – Бұға Керей,Жәнібек сұлтарды

Әбілқайыр ханға қарсы пайдалану үшін құшақ жая

қарсы алады. Сұлтарға Моғолстанның батыс аймағы-Шу бойынан қоныс бөліп берді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан,Керей,Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқығы болды.Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша,хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар,жасының үлкендігі де ескерілген.сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолына алды. Ақылдаар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы, Керей хан болса, Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді.

Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды. Көшіп-қонам десе солтүстігінде керіліп Сарыарқа, оңтүстігінде Шу мен Сыр бойының жолбарыс жортқан қалың орманы жатты. Жазы- шүйгін жайлау, саумал самал, қысы панасы мол шұрайлы жыныс еді.

XV ғасырдың аяғынала Қазақ хандығы экономикалық жағынан біршама нығайып, шаруашылығы дамып, бытырап жүрген қазақ тайпаларын өзіне қаратып алды. Керей, Жәнібек хандардың көршілес отырып, жаулық ұстанған хандықтармен Қазақ хандығын нығайту жолында ашық шайқасқа түсетін мезгілі тарих сахнасынан белең ала бастады. Қазақ халқының тарихи тағдыры шешілетін кезең туды, оны жүзеге асыру қазақ хандары Керей, жәнібек ханның үлесіне тиді.

Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати”Тарих-и Рашиди”атты шығармасында:”Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтежиесінде Керей, Жәнібек хандар Моғолстанға көшіп барды. Есен-бұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Әбілхайыр ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады” деп жазды.

Ішкі жағдайы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, орда тіккен Жетісу жеріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Көшпелі қазақ тайпарарының отырықшы егіншілігі дамыған аудандармен, әсіресе қол өнері мен саудасы өркендеген орталықтармен, Сырдария бойындағы қалалармен сауда-саттық қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге айналды. Өмір талабына айналып отырған бұл мәселенің дұрыс шешілуіне тек қана көшпелі халықтар ғана емес, отырықшы аймақтағы егіншілік өнімдерін өткізуді аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп,шикізат-жүн,тері,т.б. алуды аңсаған қолөнершілер де, тауарын өткізіп, пайда табуды көздеген саудагерлер де мүдделі болды. Бай аймақтарды және қалаларды өз қол астына қаратуға феодалдар тіпті мүдделі еді. Әсіресе жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:

1).Көшпелі шаруалардың жайылымдағы пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;

2).Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы(Түркістан),т.б. қалаларын Қазақ хандығына қарату;

3).Қазақ хайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

Хандардың Сырдариябойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыруы Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сыр бойындағы қалалардың саяси-экономикалық және әскери-стратегиалық маңызы зор еді. Сырдария бойындағы егіншілігі мен қолөнері өркендеген қалалы аудандармен сауда-саттық жасауға тек даланың әкімері ғана емес, Дешті Қыпшақтың шаруалары да ынталы болататын.

Сыртқы саяси жағдай. XVғасырдың аяғында-XVI ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саяси өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Темір әулеті Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапты. Моғолстан хандығы іс жүзінде біреше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілхайыр билігі жойыды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап,жаңа мемлекеттер-Сібір хандығы,Қазақ хандығы, Астрахан хандықтары тарих сахнасынан орын алды.

Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың мемлекетіндегі ішкі-сыртқы қайшылықтарды толық пайдаланды. Көптен бері Әбілхайырмен билікке таласып келе жатқан Жошы ұрпақтарын, Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ ханды, ноғайды билеген мырзаларды одаққа тарта отыра, бірлесе күес жүргізді. Әбілхайыр ханның ұрпақтарымен соғыста жеңіске жеткен қазақ хандары Дешті Қыпшақ даласын, ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте хандықтың құрамына қосып алды. XV ғасырдың 70-жылдарында қазақ хандығы Сырдария бойы мен оған жалғасып жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтежиесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлдеқайда ұлғайды, оған тұс-түстан қазақ тайпалары қосылып жатты. Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммет Шайбани ханмен соғысы отыз жылдан астам уақытқа созылды.

Сыр бойындағы қалалар үшін қазақ хандарымен талас-бәсекеге түскендер Әбілхайыр әулеті, Әмір Темір әулеті, Моғолстан ханның ұрпақтары болды. Бұлардың бәрі стратегиалық маңызы зор, берік бекініс-қамалдарды қалаларға арқа сүйей отырып, қазақ даласын басып алуға, онда өзінің өктемдігін жүргізуге ұмтылды. Қазақ хандары да Сыр бойындағы бұл қалалар үшін қаржылы қайрат жұмсады.

1470 жылы Керей хан бастаған қол Түркістанға, жәніьек хан Созаққа шабуыл жасады. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс тапқан Шайбани хан Бұхараға қашты. Созақ пен Сауран Қазақ хандығының құрамына кірді. Шайбани хан екі жылдан соң Ноғай Ордасының мызаларымен одақ құрып, Аркөк пен Сығанақ қалаларын басып алды. Қазақ хандарының жіберген әскерлері Шайбанидің бірлескен әскерлерін талқандап, Сығанақ қаласын қайтарып алды. Шайбани хан Маңғыстауға қашты. Сыр бойындағы қалалар Қазақ хандығының құрамына қосылды.

XV ғасырдың 80-жылдары Шайбани хан Моғолстан ханының қолдауымен Қазақ хандығына қарсы шабуылға шығып, Аркөк пен Сығанақты екінші рет басып алды. Қазақ хандары жіберген қазақ жасақтары Сығанақ қаласын қоршады. Бұдан кейін қазақ жасақтары уақытша жау басып алған Йасы (Түкістан) қаласын қоршауға алды. Шайбани ханның біріккен қолы Аркөкке тығылды да, қырық күн қоршауда отырды. Ақыры үш жылға созылған қанды шайқаста жеңіліс тапқан Шайбани Йасыны тастап, Хорезмге кетті.

XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы, Шайбани әулеті, Әмір Темір әулеті, Моғолстан хандығының арасындағы соғыс одақтары ұрыстың мақсаты мен хандардың мүддесіне қарай тез өзгеріп отырды. Мысалы, 1482-1485 жылдары Моғолстан ханы Жүніс хан Шайбани ханның қолдауымен Ташкент пен Сайрам қаласын басып алды. Осы кезде Қазақ хандығының жағына Әмір Темір әулеті хандары келіп қосылып, бірлесіп соғыс қимылдарын жүргіді.Моғолстан билеушісі Отырар қаласын басып алып, оны Шайбани ханға сыйлады. Мақсаты Шайбани ханды Әмір Темір әулетіне қарсы соғыс одағына тарту еді. Отырарға табан тіреген Шайбани хан Сауран мен Йасыны басып алды.

Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып, Шайбани ханға қарсы шабуылға шықты. Созақ қаласы түбінде болған шайқаста Созақтың атақты адамдары Қазақ хандығын қолдап, Шайбани ханның Сауранды билеуге қалдырған туысын тұтқындады. Қазақ жасақтары Сауранды қайтарып алған соң, жау қолындағы Отырар қаласын қоршауға алды. Шайбани хан қазақтармен бітім жасауға келісетінін білдірді.

Шайбани ханның Сыр бойындағы маңызды қалаларды алу үшін және Әбілхайырдың Дешті Қыпшақта құлаған билігін қайта орнатуға ұмтылып, Қазақ хандығына қарсы бірге Әмір Темір әулетіне, біпге Ноғай мырзаларына, бірге Моғолстан хандарына сүйеніп, 30 жыл жүргізген соғысы аяқталды. Қазақ хандығы мен Шайбани хан арасында жасалған келісім шарт бойынша Отырар, Йасы(Түркістан), Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммет Шайбани ханға қарады да, Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ хандығының құрамында қалды. Ташкент пен Сайрам қалалары Моғолстан хандығының құрамына кірді.

Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті, қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандары бірінен соң бірін жеңіп, оны қорғап қалды.

XV ғасырдың аяғында Сырдария өңіріндегі күрес барысы, билікке таласушы күштердің ара қатынасы, түптеп келгенде қазақ хандарының басымдылығын танытты. Қазақ хандарының күш-қуатының артып, билігінің нығаюы Шайбани ханның Дешті Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігімен Мауараннахрға көшіп-қонған көшпелі қазақ тайпалары бірте-бірте жергілікті халықпен араласып, олардың тілін, дінін және мәдениетін қабылдады.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығындағы ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартысты тоқтатты. Адам өліміне, өріс бұзылуына әкеп соғатын тайпааралық қатынастарға тыйым салынды. Ел ішінде тыныштық берік орнап, береке-бірлік кең өріс алды. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады. Шаруалар дер кезінде өріс-қоысқа, жайлау мен қыстауға көшіп-қонды. Бейбіт өмір, мамыражай заман орнады. Сөйтіп Қазақ хандығының іргесі бекіп, күш-қуаты мен беделі артты.

Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.Есім хан (1598-1628)Тәуекл ханның мұрагері, сондықтан Тәуекел хан қайтыс болған соң, Есім мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірбиелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханмен бітім шарт жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш-қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік пен билік

берді.

XVII ғасырдың басында Қазақ хандығына ішкі саяси өмір біршама тұрақтанғаымен, бұрыннан келе жатқан кейбір қайшылықтар шешімін таппаған еді. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті.Феодалдық талас-тартыстар кең өріс алды. Көшпелі ақсүйектердің әр түрлі топтары өзара бақталастыққа түсті. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билік етті. Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етсе, Тұрсын хан өзін тәуелсіз хан деп жариалап, Ташкент қаласын астана жасады. Бірте-бірте Қазақ хандығында хандардың дара билігі көрініс тапты.

                                                                    Орындаған. Ақжолтай Мейіржан.

                                                                    Тексерген. Жұмаділ.М.Т

                                                                     www.kaznu.kz

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *