«Жаһандану азық түлік саудасының еркін қозғалысы арқылы әлемдегі кедейлікті жоюға ықпал етеді»

«Жаһандану азық түлік саудасының еркін қозғалысы арқылы әлемдегі кедейлікті жоюға ықпал етеді»

    Адамзат баласы сан мың ғасыр бойы қалыптасу,жетілу,өмір сүру процесін жоғалтпай жалғастырып келе жатқан жер бетіндегі бірден бір тіршілік иесі.Әлем өзіндік жаһандану жұмысын жақсарта бастаған кезде ақ,адам баласының күнделікті өмір сүру қалпы күрт өзгеріске ұшырай бастаған.Жер шарының теңдей төрт терезесінің бір бөлігін мекендеген,әр ірге тасы қалана қалыптасқан мемлекеттердегі тіршілік иелерінің жыл сайынғы сандық үлесі 80миллионға ұлғайып отыр.Егер біз жер бетінде 7,5 миллиардқа жуық адам бар екенін есепке алсақ,2050жылдың орта тұсына қарай тіршілік етуші адамдардың жалпы саны 10 миллиардтан астам болуы әбден мүмкін.Ал бұл біз үшін жаһандық мәселе бола алады.Не себептен? Азық түлік саудасының еркін айналымының қалыптасуы,күллі жаһанды жаһандық кедейліктен құтқара алуы шындыққа жанасама?

    Менің пікірім бойынша,әлем халқының өсім пайызы бірден жоғарғы көрсеткіш көрсетіп демографиялық жарылыс болғалы,кедейлік белең алды.Оның себебі әрине,жер бетіндегі миллиардтаған халық тұтынатын азық түліктің тапшылығы.Мемлекет қарымағындағы азық түлік өнімдерінің жетіспеушілігі мен фабрика,зауыттардағы қысылтаяң кезеңдері болуы әбден болжамды.Тағы бір себептеріне,экспорт мен импорттың сауда айналымындағы нашар қозғалысы дер болсам артықтық етпес.Мен жасаған болжамдарды әлем экономикасымен тығыз байланыстыра аламыз.

    Бірақ дәл қазіргі уақытта азық түлік экспорттаушы мемлекеттерге сұраныс көбейе түскен деген ақпараттар кездеседі.Бұл біздің мемлекетімізді де алаңдатпай қоймады.Халықты сапалы әрі нәрлі азық түлікпен қамтамасыз ету,мемлекет жоспарындағы бірінші кезектегі мәселе болып тұрғандығы белгілі.Әрине,азық түліктің сауда айналымын жақсарта отыра,біз жаһандық жылынудың жаңа белесіне аттағалы отырмыз,әрі кедейліктің кең мөлшерде таралуына тоқтау болар едік.Дәл қазіргі сәттерде  Украина мен Ресей арасындағы текетірес салдарынан экспорт сауда қозғалысына төнген қауіп әлем жұртшылығының назарынан тыс қала қоймады.

   Қорытындылай келе,бәсекеге қабілетті ұлы үлкен державалар біріге отырып,«ЖАҺАНДАНУ»атты үлкен өзгеріске қадам басса,азық түліктің еркін сауда қозғалысына ықпалын тигізіп қана қоймай,сонымен қатар әлем мемлекеттерінің жоқшылық атты кедейлену процесін тежеуге қауқарлы болар еді.Толықтыра айтқанда «Әлемдік Жаһандану» құбылысы дүниежүзіндегі елеулі мәселелердің тоқтауы болатынына сенімдімін әрі толықтай ауыз толтыра келісемін.

Жаһандану жаһан жұртшылығының жағдайын жақұтқа жеткізетін жарқын жетістіктің жемісі!!!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану мамандығының 1-курс студенті

Сәрсен Мөлдір

Жетекші:Жұмаділ.М.Т

www.kaznu.kz

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *