Әсем қалам Алматым!

Алматы өте үлкен,әдемі әрі тіршілігі қайнап жатқан мегаполис. Еліміздің бұрынғы астанасы. Халық саны жағынанда,көлемі жағынанда өте үлкен қала. Өзінің табиғаты және ауа-райымен талай адмның жүрегін жаулап алған әсем қала. Менің де Алматы қаласына деген махаббатым шексіз. Мен қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің www.kaznu.kz студентімін. Айтары жоқ, Алматының кептелісі деген кезде барлық студенттер бірден күлім қағады. Бұл қалаға қонақ болып, қыдырып немесе туысқандарының хал-жағдайын білуге,жұмыс сапарымен, саяхаттап жиі басқа қаланың тұрғындары келеді, менің бүгінгі жазып отырған мақалам қала қонақтарына немесе қалаға енді қадам басып келген студенттерге арналады. Ендеше Алматы қаласындағы күйбең тіршілік пен бір тыным таппаған көлік қатынасынан, қаланың шуынан демалу үшін қайда баруға болады?Менің топтамамды қабыл алыңыздар:

 

1. Медеу таулары. Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан. Тамаша табиғатымен бір-рет барған адамды өзіне баурап алады,жылдың төрт мезгілінде де өте таза ауа әрі керемет салқын самалы бар. Бұл демалыс орында қыста коньки,Шымбұлақ шыңында шаңғы немесе сноуборд теуіп , жазда да керемет демалыс ұйымдастыруға болады.

 

2. Көк-Төбе. Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей. Бұл жерге шыққан адамға Алматы алақандағыдай көрінеді. Дәл фильмдердегідей әсем көрініс Көк-Төбенің бөктерінен көрінеді. Әсіресе түнгі көрініс тым көз тартарлықтай.

 

3. Үлкен Алматы көлі. Үлкен Алматы көлі — Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ. Бұл жерге демалып бармауға еш сылтау жоқ деп ойлаймын.

 

Егер сіз Алматы қаласына келіп тұрып, дәл осы жерлерге бармай кетсеңіз, онда, бұл өте үлкен қателік болғаны…

www.kaznu.kz

Автор 1 курс дінтану мамандығының студенті: Тоқай А. Б.

Жетекші аға оқытушы: Тунгатова Ұ.А.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *