Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!

   Күні кеше өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Асс. профессоры, тарих пәнінің лекторы Тасилова Нәзия апайымызбен журналистика мамандығының 101-102 топтарының, Тарих факультетінің 1 курс магистранттары Маникова Анар, Мейрамбекқызы Нұрсұлудың ұйымдастыруымен тарих факультетінде  “Алаш туы астында күн сөнгенше, сөнбейміз” атты шағын ашық сабағымыз өткен болатын. Бұл ашық сабағымыздың мақсаты – қәзіргі жастардың патриоттық сезімі мен ұлтқа деген махаббатын ояту және Алаш зиялыларының елі, жері дегенде қалай жан аямай күресіп, үлкен ерен еңбектер атқарғанынан құлағдар ету. Қарап тұрсақ, қазіргі жастар Алаш зиялыларының қатарында болған кісілердің кім екенін де білмейді. Өйткені, жастарды өзінің тарихынан хабардар ететін ұстаздар да, ата-анасы да кемде-кем. Осы ашық сабақтың арқасында көптеген жастарымыз тың ақпараттарды біліп, оны болашақта ескеретін болады. Өзімнің қатарластарымның талантында шек жоқ екеніне тағы бір мәрте көзім жетті. Ашық сабақ уақытында Алаш зиялыларының кезіндегі сауаттылық пен ұлт тағдыры үшін күрескендігі жайлы көріністен шағын үзінді келтірсе, енді бірі домбырасын күмбірлете күйін шертіп, жанды дауысты әндерінде орындады. Жеке өзіме қатты ұнаған жері – құрбы-құрдастарымның Алаш қайраткерлеріне арналған жыр-шумақтарын арнаған сәті. Сол бір сәтке куә болып, қатты қуанып қалдым. Қазіргі таңда, екінің бірі ұлт игілігі үшін күрескен азаматтарды есіне алып, өлең жолдарын арнамақ тұрмақ, олардың кім екенін де білмейтіндер бар. Ал менің қатарластарым оларға осылай өздерінің өлеңдерін арнағанда бір риза болып қалдым. Ал кеш соңында барлығымыз бірге “Алан ұраны” атты барлығымызға белгілі әнді шырқадық. Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні – осындай патриоттық сезімді ұлғайтып, ұлт игілігі үшін жүргізілетін іс-шараларымыз көбейе берсін. Ешқашан да біз үшін, болашақ ұрпақ үшін, ұлт үшін, халық үшін күрес жолында ештеңелен тайынбаған Алаш арыстарын ұмытпайық, болашақ ұрпаққа дәріптейік! Біз – келер ұрпақты өз тарихынан хабардаи ету жолында аянбаймыз! Алаш қайраткерлері біздің мәңгілік есімізде!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *