«Қоянның арманы» жаңа жылдық ертегісі.

Қоянның арманы» жаңа жылдық ертегісі.
Зал іші безендірілген
Қатысатын кейіпкерлер:
1. Жүргізуші: Джалмухамбетова А.Е.
2. Қоян: Ахметова Қ.Қ.
3. Қояндар (Қыздар биі)
4. Санта Клаустар (ұлдар биі)
5. Аяз ата: Жанакулов Ж. Ө.
6. Ақшақар: Джалмухамбетова А.Е.
(шыршаның артына қоян жасырынып тұрады)
Балалар әдемі безендірілген залға поровоз болып кіреді
Ән: «Шырша»
(балалар мен тәрбиешілер шыршаны айналып тұрып ән айтады)

(әннен кейін, шыршаның артында жасырынып тұрған қоян, қар лақтырады)
Жүргізуші: Кім лақтырды қарды?
Жүргізуші: сен, сен , сен,сен (балалардан сұрайды)
Қоян: (Музыка әуенімен кіреді) Сендерге не болды?
Жүргізуші: Қарды сен лақтырдың ба?
Қоян: Ия, ия мен лақтырдым сендермен ойнағым келді.
Сәлем достар!
Жүргізуші: Сен қайдан келдің?
Қоян: Мен сиқырлы орманнан арманымды орындатайын деп келдім. Жаңа жылда армандар орындалады деп естідім.
Жүргізуші: Ол қандай арман?
Қоян: мен өзіме көп достар тауып, олармен шырша жанында билегенді армандаймын.
Би: «Қояндар биі» (қыздар)
Қоян: Менің ендігі арманым ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «музыкалық ойын»
Жүргізуші: Қоян тағы қандай арманың бар?
Барыс: Армандар көп. Аяз атадан балалармен бірге сыйлық алу.
Жүргізушілер: Балалар аяз атаны шақырайық.
Балалар: Аяз –ата, аяз-ата ау-ау-ау…Музыка әуенімен аяз-ата кіреді.
Аяз-ата: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймын бәріңді.
Жасым келіп қартайған,
Мен ақ шашты атамын,
Жерді мұзбен, қармен қатырамын!
Бүгін бірақ мейрімдімін,
Ешкімдіде қатырмаймын,
Ешкімді де ауыртпаймын!
Аяз-ата: Көріп тұрмын, барлығың мерекеге жиналыпсыңдар, көңіл-күйлерің де көтеріңкі екен.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын, айнала сондай әдемі, ал шыршамыз неге көңілсіз? Шыршамыздың шамдарын жарқырату керек.
Ақшақар: Бәріміз шыршаға сиқырлы сөзімізді айтып көрейік.
Алақанды соқ, соқ
Аяқтарды топ, топ
Шырша шамы жарқыра
( Шыршаның шамдары жанады)
Жүргізуші: Қандай әсем шыршамыз.
Ән: «Аяз ата»
Ақшақар: Аяз ата балалардың сізге арналған өлең жолдарын тындаңыз.
Альнаир:
Аяз ата келіңіз,
Оң аяқпен еніңіз,
Өнері бар балаға,
Сыйлығыңды беріңіз.
Рабиға:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келдіалыссапардан,
Аязатаоралып.
Айсұлу:
Аяз ата келіңіз,
Дайын сізге төріміз,
Тақпақ айтам, ән айтам,
Сыйлығымды беріңіз.
Айзада:
Аяз ата, Ақшақар,
Келе жатыр үн қатып,
Балалар тұр қуана
Өлеңдетіп, жырлатып.
Аяз ата: Рахмет балалар, көңілімізді көтеріп ойын ойнайық.
Ойын: «Қатырма»
Би: «Санта Клаустар»(ұлдар)
Ақшақар: Ата, балалардың сыйлықтары қайда?
Аяз ата: Ой-ой ұмытып кетіппін,сыйлықты ортаға әкеліңдер. (жыл басы қоян сыйлықтарды алып кіреді)
Қоян: Орманнан сыйлықтарды алып келдім.
Аяз ата: Балалар сендер өлең айттыңдар, би биледіңдер, ойын ойнадыңдар. Көңілім көтеріліп, қуанып қалдым, енді сыйлықтарыңды табыстайын.
Аяз ата: Жыл басы қоян саған рахмет!
Қоян: Рахмет балалар, сендер менің арманымды орындадыңдар.
(Ақшақар мен аяз ата сыйлықтарды таратады)
Аяз ата: Мен енді кетейін, мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *