Сыпайы болу сәнді

 

«№20 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг:«Сыпайы болу сәнді»

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:Аукенова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг мақсаты:Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды  адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Тренинг міндеттері:

  • Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, инабаттылық, адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру;
  • Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, әдептілікке, адамгершілік,сыпайылыққа тәрбиелеу
  • Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: интерактивті тақта,А4 қағаз,фломастерлар,стикерлер

Тренингтің жүргізілуі:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Негізгі бөлім.

а) «Сағат тілі жаттығуы (амандасу тренингі)

б) Топқа бөліну «Капитан» ойыны бойынша

в)«Сыпайылық күні» видеоролик

г)«Құпия хат» жаттығуы

д)Шығармашылық тапсырма

Кері байланыс.

III. Қорытынды бөлім.

 «Көңіл-күй термометрі» жаттығуы.

Тренингтің жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі /амандасу,психологиялық ахуал орнату/

II.Негізгі бөлім.

            «Сағат тілі» жаттығуы

 Нұсқау:Әр қатысушының қолына қағаз беріледі. Олар сағаттын суретін салып (12-ге дейін сандарды жазып) әр санына сол жердегі адамдардың атын жазады. Кейін жүргізушінің айтуы бойынша әр санға қатысты есімі жазылған адамдармен тиісті әрекет жасайды.

Топқа бөліну

«Капитан» ойыны арқылы шағын топтарга бөлу.

Белгілер бойынша мыналарды орындайды:

  • Капитан-өзі шеңбер ішінде қозғалады;
  • Еден жуамыз-екі адамнан жұптасады;
  • Құтқару шеңбері-үш адамнан шеңбер жасайды;
  • Тамақтанамыз-төрт адамнан бірігеді;
  • Қайық-бес адамнан қатарға тұрады.

Осылайша бірнеше рет қайталанады.Соңында  төрт адамнан құралған топ өзара топтасады

«Сыпайылық күні» видеоролик.

Оқушылар сыпайылыққа байланысты видеороликті көріп,талдау жасайды.

«Құпия хаттар» жаттығуы

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады.

Хаттардың мазмұны:

1-хат Сен өте асығыссың,себебі сабаққа үлгеруің қажет.Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің.Ол кісі құлап түсті,немересі қорыққанынан жылап жіберді.Не істер едіңіз?

2-хат Сіз жаңа сатып алған волейбол добымен ойнап жүріп, қымбат құмыраны  сындырып алдыңыз… Үйде ешкім жоқ.Ата — анаңыздың реакциясын  көз алдыңызға елестетіңіз.  Ата — анаңыз не дер еді? Сіз олардың орнында  болсаңыз  не дер едіңіз? Қандай іс — әрекет  қолданар едіңіз? Осы жағдайдан  қалай  шығуға болады?

3-хат Сабаққа кіруге қоңырау соғылды.5-ші сынып оқушылары кабинеттің алдында оқытушыны күтіп тұр.Кабинет жабық.Мұғалім келіп,кілтпен есікті ашайын десе,кілттің орны қағазбен бітелген.Мұғалім оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: «Бұл кімнің ісі,осылайша сабаққа кедергі жасайын деп дедіңдер ме?» -деп өзінің наразы көңілін білдірді.Оқушылар сасып қалды,қарсыласайын деп еді,мұғалім тыңдамай одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді.Осы сәтте директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары келіп: «Жамал Бектасқызы,кешіріңіз сәл кешігіп қалдым.Мен сізге басқа кабинет ашыр берейін,себебі бұл кабинет сырланған еді,бөгде адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім» деді.Бұл жағдайда сіздердің әрекетіңіз?

Сергіту сәті

«Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау: — Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді (арқаны қаттырақ басамыз) .

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді

         Шығармашылық тапсырма

Әр топ интерактивті тақтадан тақырыпқа сәйкес суретті таңдап,суреттің артында жасырылған шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма:Сыпайылық ережесін құру;

2-тапсырма:Сыпайы адамның макетін құру;

3-тапсырма:Сыпайы адамға тән қасиеттер.

III. Қорытынды бөлім

Рефлексия

«Көңіл-күй термометрі»

Оқушыларға көңіл-күй термометрі  белгіленген парақтар таратылады,тренинг соңындағы көңіл күйлерін белгілеп,тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *