Білім сапасын арттыру-басты мақсат

Усенова Нүрила Қайырғалиқызы

Білім сапасын көтеру егемен елдің білім саласының,Жаңа Қазақстанның жақсы мұғалімінің ең үлкен мақсаты.Бұл бағыттағы жұмастарды күшейте түскенде абзал.Яғни сапалы білім беру ісі жаңа заманауи технологиялармен,оқытудын озық әдіс-тәсілдерімен толы жарақтандырылып,оқыту мен тәрбелеудің үрдісі үздіксіз жалғаса берсе,баланның бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіруге саналы ғұмырын сарп ететін мұғалімнің рөлі арта түссе,ұлағатты ұстаздарымыз өз біліктігілігін ұдайы арттырп отырса,білімнің сапасын көтеруге болады.

Қазақта «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» деген сөз бар.Сондықтан,білім мен тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек.

Орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың маңызды шарты.Әрбір оқушының білім алып,жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.Сол үшін «Жайлы мектеп»ұлттық жобасы қолға алынып,бүгінде ол өз жемісін беріп те жатыр.

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  биылғы Жолдауында баса мен бере отырып,былай деген болатын:Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың замануи мектепте оқуына жағдай жасаймыз.Мектеп формасын барлық оқышуға барынша қолжетімді ету аса маңызды.Мектеп формасына арналған қолжетімді тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн.

Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөл айрықсыз екені сөзсіз.Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды.Дегенмен,бұл бағытта әліде біршама өзгерістер жасау қажет.

Ата-аналар мен оқышулар алған білімнің және игерген машық-дағдысының сапалы және сұранысқа ие болуы үшін белгілі бір деңгейде жауапты екенін сезінуге тиіс.Сондықтан,олармен де үнемі әріптестік қатынас орната білу керек.Осы мақсатта жеке білім беру ваучерлерлерін енгізу жоспарланып отыр.

Баланың білім алуына,оның ішінде сыныптан тыс оқуына мемлекет бөлетін қаражат бірыңғай білім беру есепшоттарында жинақталады.Бір сөзбен айтқанда,мұны балалардың білім алуына инвестиция ретінде жұмсалатын алғашқы мақсатты капитал деуге болады.Бұл қадам еліміздің әрбір азаматы үшін бірдей мүмкіндік қағидатын іс жүзінде қолдануға жол ашады.

Білім сапасының жоғары болуы мен оқушылардың ынта-жігерін  арттыруда үйдегі ата-ананыңда ықпалы зор.Білім сапасын арттыру үшін басты мақсат-мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру,үздіксіз білім алу арқылы сапалы білім беру көзделеді.Мұғалім кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп отыруының арқасында ғана сапалы білім беруге ұмтылады.Өркениет көшінен қалмай,білім беру ісін зор ізденушілікпен жұмыс жасағанда ғана оқушының білім сапасы артады.Жаңартылған білім беру мазмұны мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен,тәуелсіз меңгеріп,алған мәліметтері пайдалы болатындай ойлануына мүмкіндік туғызады.Сонымен қатар оқышулар жаңа идеяларды әр түрлі көз қараспен зерттеп,шынайылығы мен пайдасын талқылап,идеяны жалпы құндылығын анықтай алады.Мұғаліммен бірге ең алдымен ,оқышуда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға атсалысуы керек.Қорыта айтқанда,қазақ елінің болашағы білікті ұстаз бен білімді жастардың қолында

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *