Экология — ел тынысы

«З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі БМ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырыбы: «Экология – ел тынысы»

 

 

 

Баяндаушы: Биология пәнінің оқытушысы

Мантугелова А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экология тақырыбы бүгінде көкейкесті екені мәлім. Бұл сала қай елдің де өмірінде айрықша орын алатын мәселе.

Экология – «мекен ететін табиғи орта туралы ғылым» деген мағыныны білдіреді. Шынындада экология өзіңнің тұрған үйіңнің, қоршаған ортаңның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның алдын алу мәселелерін қарастырады.

«Жасыл экономика» бүгінгі күні еліміздің тұрақты да­муын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі болып табылады. Елбасының Жарлығымен Қа­зақстан Республикасының «жа­сыл экономикаға» көшу тұжы­рым­дамасы бекітілген. «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы дамудың «жа­сыл» жолына негізделген эконо­миканың тұрақты моделін қалыптастыру үшін бағдар жасап, алдына өр мақсаттар қойды.

Экологияның ел өмірінде ай­рықша орны бар сала екенін бәріміз білеміз. Тыныс алып отырған мынау ауадан бастап, күнделікті пайдаланып отырған ас-суға дейін осы экологияға байланысты екені кім-кімге де белгілі. Сайып келгенде, ол адамның денсаулығына келіп тіреледі. Ал халықтың денсаулығы − мемлекетіміздің ең алтын қазы­насы, баға жетпес байлығы.

Ел экономикасының негізі өнер­кәсіп десек, осы сала қарыштап өс­кен сайын, экологиялық ахуалға ауыртпалық соғұрлым ауырлай түспек. Бұл жерде енді қалдықсыз өнім өндіруге бейімделген жаңа тех­нологиялардың, күнделікті аузы­мыздан түспейтін жаңа инно­ва­циялардың пайдасы зор болмақ.

Бүгінгі кезеңде шетелдік және отан­дық кәсіпорындар көптеп ашылуда. Әри­не, олардың бәріне бірдей шошына қарауға болмас. Олардан елімізге түсетін пайда өз алдына, тұрғындар үшін қыруар жұмыс орнының ашылуының өзі неге тұрады? Алайда, еліміздің экология­сын кірпік қақпай қадағалап, ондай орындарға жоғары талап қойып отыру қажет.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек.

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.

Ауылдық жерлерде экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әліде тартуда: рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғарлауы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндіріс, құралдарын жасап, сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде. Семей аумағында кәзір 700 мыңға жуық радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен.

Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балабақшадан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды. Ата аналар тазалық сақтауды балаларының бойына неғұрлым ерте сіңірсе, соғұрлым іс алға басып, бүгінгідей күрделі жағдайлардың алдын алуға септігі тиеді.

«Табиғатым – тал бесігім» деп дана халқым айтқандай өзіміздің туған өлкеміздің табиғатын қорғап, ластамау біздің парызымыз.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *