83-ім жүрегім!

 

83-ім жүрегім!

Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп.
Ян Амос Коменский

Мектеп оқушыға этиканы, өмірдің неше түрлі аспектілерін және принциптерін білуге көмектеседі. Мен өз мектебімді жердегі жұмақ деп санаймын. Өзі сондай кең болса, берер біліміде және үйретеріде дәл сол секілді.
Менің мектебім Алматы қаласы,Түрксіб ауданында орналасқан. 83 гимназия. Жалпы өзім өз мектебімді өнер мектебі депте санаймын. Себебі, менің мектебімде бүкіл аспаптың үйірмелері, өнердің барлық үйірмесі бар. Қай түріне қатысамын десеңіз, сол таңдаған өнеріңіздің дипломын қолыңызға ұстап шығасыз. Өзім 10 жыл бимен сол алтын ұя мектебімде айналысқанмын. Қазіргі таңда кәсіби бишімін. Мектебімде оқушы ретінде жүруіме 1 жыл ғана уақыт қалды. Енді уақытты бағалауды екі есе арттырамын.
Өз мектебіммен мақтанамын, себебі, ол бізге жай білім беріп қоймай, болашақ құруға көмектеседі. Бұл тактика, кез-келген ұлттың мінезін қалыптастырады. Менің ойымша, мектебім болашаққа жол ашатын мекен.
Біздің ұстаздардың өзі бір төбе. Ұстаздар бізді оқытып қана қоймай, бізді жақсы нәрсеге, алдыға әрқашан ұмтылуға баулиды. Өздерінің беретін пәндерін терең түсіне алады және де соны әр оқушы түсінетіндей түсіндіре алады. Ұстаздарымыздан дисциплинаны, ұйымшыл болуды және өзіңе сенімді болуды үйренеміз.
Мектепте әр кабинет компьтермен жабдықталған, оқушыларға арналған ойын ауласы бар, минимализм стильіндегі кітапханамыз бар. Аула деп кеттім ғой, біздің жанымыздағы мектептердің оқушылары біздің аулаға келіп ойнайды. Сол көріністі көргенде бойыңды мақтаныш бойлайды.
Менің мектебім- өмірімдегі маңызды орынның бірі. Тәнім мен жаным бірігетін алтын мекен. Жеке тұлға болуыма үлес қосып жатқан ол мектебім. 83-ім әрдайым жүрегімде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.