Мен неліктен грантқа лайықтымын?

Мен неліктен грантқа лайықтымын? 

 

   Жалпы, Грант — әрбір түлектің арманы деп айтсақ қателеспейміз. Әр түлек өзің грантқа лайықты деп есептеуі керек. Әрине, егер олар тыңғылықты дайындалып, әркез кітапты жанынан тастамай жүрсе. Мен де 2022 жылдың түлегімін. Бастапқы уақытта әлі көп барғой, кейін дайындықты бастармын деп жүрдім. Кейін уақыт зымырап, дымда жаттап үлгермей, басып қатты десем де болады. Уақыттың қадірін білмегенімді еске түсіре отыра, қатты қынжылдым. Ата-анам маған зор үміт артып, сеніммен қарап отыр. Ал мен әлі дайындықты бастамай, ерініп жатырмын. Бұл мен үшін үлкен ұят болды. Тек отбасымның алдында емес, достарымның алдында да. Неге? Себебі мектепте достарым әркез кітап оқып, сұрақ-жауап жаттап, тесттерге талдау жасап нәтиежелерін көрсетіп отырады. Ал менде ол жоқ. 

   Сосын үйге келіп не істерімді білмей, көзіме жас тола JOO. KZ программасына кірдім. Журналистика саласын таңдауым керек болғасын ішін толықтай зерттей келе, пікірлерден Qadaz Media туралы көрдім. Сосын инстаграммнан аккаунтты іздеп, таптым. Маған керекті нәрсе екенін бірден ұқтым. Дәл осы курсқа қатыса тұра  неге мен грантты иеленбеуім керек? Мен грантқа лайықтымын деп осы курсқа тіркелгеннен соң түсіндім. Себебі шығармашылыққа 100 пайыз дайындайды. Эссе, мақала, сұхбаттасу бәрін меңгертеді. Осының бәріне мен дайындалып, зерттеп жатырмын. Ұстаздардың әрбір мақтауы, шабыт беруі бәрі маған ұнайды. Соның арқасында, мен біраз нәрсені меңгеріп, әлі де қабілетімді шыңдаудамын. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Осы курсқа тіркеліп, үйрену арқылы өзімді грантқа лайықтымын деп есептеймін! Сен де бағыңды сына! Сенде лайықтысың!

Түлектерге кеңес бере отыра уақытынды жоғалтпай, қазірден дайындал дегім келеді. Сол уақытта сенде грантқа толықтай лайықты боласың! Сенімділік пен шабыт берген Қадазым, рақмет саған! Қадаз арқылы өзіңді грантқа лайықсыз деп есептеу үлкен әбестік-ау шамасы. Қатемен жұмыс арқылы қателіктерімді ескердім, тапсырма арқылы көп дүниені біліп, өзіммен жұмыстанудамын. Бұл маған күш пен жігер береді. Бұрыңғы кезімде ҰБТ-ны ойлап қатты қобалжып, уақыт тез өтпеуін қалайтын едім. Ал, қазір менде сенімділік бар. Осының арқасында мен тестке баруға қорықпаймын. 

   Себебі менде ҚАДАЗдың шабыты бар. Жалпы, қазақ тілі, әдебиет бойынша олимпиадаға қатысып, осы пәндерден тапсырамын деп ойлағанмын. Бірақ, шығармашылық таңдап, еш өкінбейтінімді білемін. Бұрын дебаттарға қатысып, барлығы журналист болған саған жарасады деген де қатты қуанатынмын. Бірақ, журналистиканың қыр-сырын білмедім. Ал Қадаз маған бұны үйретіп жатыр. Лагерьде белсенді болып, түрлі газеттерге шыққан жазбаларым менің бұл салаға баруыма ықпал еткендей. Енді өзімнің шыңыма жетіп, грант иеленсем, ата-анамның үмітін ақтасам, менен бақытты жан болмас?! ҚАДАЗ сені қатты жақсы көремін! Грантқа лайықты болу үшін маған көмек беріп жатқанына рақмет❤

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *