«Мақтаншақ алма» ертегісі.

Молдашева Зияда Сарсенкалиқызы
Мақсаты:
1.Білімділігі: Балаларға өткен тақырыптарды еске түсірте отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру. Ертегіні оқып беру және үстел үсті театры бойынша көрсету, сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін сұрау. Пішіндерді, түстерді ажыратуға үйрету.
2.Дамытушылығы: Ертегіні көрсете отырып, балалардың қиялын, мнемокесте арқылы баланың сөздік қорын дамыту. Үлестірмелі материалдар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін арттыру.
3.Тәрбиелілігі: Достыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Керекті көрнекі құралдар: слайд, алма ағашы, алма, құрт, үлестірмелі материалдар.
Билингвальды компонент: алма-яблоко, бір-один, көп-много, қызыл-красный, жасыл-зелёный, сары-желтый, көк-синий, дөңгелек-круг, үшбұрыш-треугольник, шаршы-квадрат, сопақша-овал.
Жүру барысы:
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме?!
-Здравствуйте?!
-Ең алдымен өткен сабағымызды қайталап жіберейік.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінің неше айы бар, атайықшы?
-Күз мезгілінде күн қандай болады?
-Күз мезгілінде нелер піседі?
І.Сұрақ-жауап.
-Мынау не? Алма.
-Алманың түсі қандай? Қызыл
-Пішіні қандай? Дөңгелек.
-Алма нешеу? Біреу-көп.
-Ендеше балалар, бүгінгі танысатын ертегіміздің тақырыбы — Мақтаншақ алма деп аталады.
ІІ.Үстел үсті театры. «Мақтаншақ алма»
-Алма бағы ерекше бір күйге бөленген. Топырақ пен судан нәр алған алма ағаштары бой түзеп өсе бастады. Күн күлімдеп, шуағын шашқан сайын алмалар қызарып, толысып пісе бастайды. Алмалардың арасында бір ерекше қызара піскен алма болады. Ол қасындағы басқа пісіп үлгермеген алмаларға мақтанып, тәкаппарлана қарайды. Бір күні қарны ашқан құрт алма ағашымен жорғалай жоғары көтеріледі. Аңқыған алма иісінен басы айналған құрт тағатсыздана : «шырыны балдай тәтті, ең дәмді, ең үлкен алманы іздеп жүрмін»,-дейді. Сол-ақ екен, мақтаншақ қызыл алма жан-жағына масаттана қарап: «мен, мен ең үлкені, ең тәттісі менмін»,- деп мақтанады. Қарны ашып, әзер шыдап тұрған құрт жорғалап барып, мақтаншақ алманы жей бастайды. Осыны көрген басқа алмалар, бір-біріне сыбырлап: «мақтаншақ болма…мақтаншақ болма…»,-деп сыбырласып жатты.
-Ертегі қалай аталады?
-Алма қандай? Мақтаншақ
-Құрт не істейді? Алманы жеп қояды.
ІІІ. Мнемокесте бойынша бір бала ертегіні құрап айтып береді.
ІV.Ғажайып сәт. Математика ханшайымы келеді. –Сәлематсыздарма, балалар, мен математика елінен келдім, сіздерге ойын алып келдім, қане, бірге ойнайықшы.
-Балалар, мынау қандай пішін? Түсі қандай?
V.Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап» (сергіту сәті).
Барлық бала қолдарына пішіндерді таңдап алады, сол бойынша жердегі пішіндерге қарап, өз үйлерін табады. (әуенмен)
-Балалар, мынау не? Қоян
-Қоян қандай? Үлкен-кіші.
-Енді балалар, осы қояндарға өз сәбіздерін тауып, орналастырып берейік.
VІ. Дидактикалық ойын: «Қоянның сәбіздерін тап»
Үлкен қоянға үлкен сәбізді, кішкентай қоянға кіші сәбізді береді.
«Санамақ» айту
Бір үйде біз нешеуміз,
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым-апам,
Балаң үйрек-әкем,
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-мен,
Титтей бөбек-сен.
Бір үйде біз нешеуміз,
Бір үйде біз-бесеуміз.
1,2,3,4,5.
VІІ.Дидактикалық ойын: «Түсіне қарай орналастыр»
Үйшіктің түсіне қарай құстарды орналастыру. Түстерді ажыратып білу.
VІІІ. Қорытынды
Балаларды мадақтап, ашық оқу қызметін аяқтау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *