«Түрлі-түсті шарлар»

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика, Сурет салу
Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар», «Менің шарларым».
Мақсаты: Шарлардың түстерін ажырату. Дәстүрден тыс тәсілді пайдаланып,шарлардың суретін бояуды меңгерту.
Көрнекілігі: шарлар.
Керекті құрал-жабдықтар : шарлар,слайгер пакеті,бояулар.
Технология түрі: Ойын технологиясы.
Қолданған әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,мадақтау,бағалау.
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі :
1) Сәлемдесу. Сәлеметсіздер ме?
2) Балалар назарын оқу қызметіне аудару.
Тосын сәт : Маша кіреді. (қолында түрлі-түсті шарлар)
Балаларды мадақтау: балалар сендер шарларды және түстерін жақсы біледі екенсіңдер.
— Балалар қараңдаршы менің қолымда шарлар. Шар резеңкеден жасалады. Шарларды үрлейтін құралы болады. Себебі, шар жеңіл болады,үрлегенде ішіне ауа толады. Шардың ішіне су құюға болады екен. Егер қатты қыссаң шар жарылып қалады екен.
— Ал,балалар ойын ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Түсіне қарай орналастыр».
Мақсаты: Түстерді ажыратуға үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Алдарында қиынды шарлар тұр. Шарларды түстеріне қарай сәйкестендіріп орналастыру.
Саусақ жаттығуы:
Кел,санайық санамақ,
Саусақтарға қарап ап.
Басмармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдар шүмек,
Кішкене бөбек.
-Ал,балалар енді шардың суретін бояуды үйренейік. Ол үшін маған назар аударыңдар. Слайгер пакетін пайдалана отырып, саусақ арқылы шарларды бояуды үйренеміз.
Балалардың жұмыстарын мадақтап ілу.
Ойын: «Қонжыққа көмек».
Мақсаты: Балалардың саусақ моторикасын дамыту. Достарына көмек беруге баулу.
Шарты: Қонжықтың жердегі шарларын ұшыруға көмектесу.
Қорытындылау:
1) Балалар біз бүгін ненің суретін боядық? (түстеріне қарай орналастырдық)
2) Қандай ойындар ойнадық? (қонжыққа көмек бердік)
3) Немен сурет салдыңдар? (слайгер пакетін пайдалана отырып,шарларды боядық).
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.
Ал,енді қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.