Ауыр –жеңіл ұғымы.

Толеуканова Гулжанат Турлановна, тәрбиеші.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№51 «Жарқын бала» бөбекжай-балабақшасы

Тақырыбы:  Ауыр –жеңіл ұғымы.

Мақсаты:  Заттардың самағы бойынша ауыр- жеңіл екендігін анықтайды.

Заттың  салмағы  оның өлшемінің айырмашылығын ажыратады. Заттардың қалай  өлшенетінің біледі.

Керекті құралдар: Тастар, су, жапырақтар, үлестірмелі қағаздар,өлшеуші құралдар.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,  көрсету, сұрақ — жауап, салыстыру, тәжірибе жасау.

Сабақ барысы:

Амандасады. Психологиялық дайындық.

Т: Балалар  қыздар (1-10)  тура  ербалдар (10-9) кері санайды.

Б: (балалар жауабы)

Т: Балалар мен жолда келе жатып 1 дорба тауып алдым. Өзі ауыр. Бірақ ішінде не бар екенін білмедім.  Ішінде не бар екенін бәріміз бірге білетін боламыз.

Б: Балалар дорбадағы заттарды  ұстап көріп қандай ерекшеліктер мен айырмашылықтарын айтады. (ауыр –жеңіл заттарды атайды.)

Т: Ендеше бүгінгі оқу қызметінің  тақырыбы «Ауыр және жеңіл».  Қолдарына тас және қауырсын суреті бар карточка беріледі. Сол бойынша топқа бөлінеміз.

1-топ Қауырсын

2- топ Тас

Т: Балалар  бізді қоршаған ортамызда көптеген заттар бар. Олардың салмақтары әртүрлі болып келеді.  Ауыр және жеңіл болады.  Ауыр және жеңіл ұғымына  бірнеше мысалдар келтірген. Тақтадағы  суреттер бойынша түсіндіру.

Педагогика жетекшілігімен ойын:

Т: Балалар заттардын салмағын  анықтау үшін тәжірибе жасайық.

  • топ: тас пен жапырақты суға салып тәжірибе жасайды
  • топ: бүтін мен бөліктерді таразыға өлшеу арқылы салыстыру.

Тәжірибе жұмысының  қорытындысы:

1-топ  Тас суға бірден батып кетті  себебі салмағы ауыр, ал жапырақ судың бетінде тұрды ,себебі самағы жеңіл.

2-топ: Таразының оң жағына бүтін алма, сол жағына жарты алмұрт салынады. Бүтін алманың салмағы ауыр, төмен тұрады. Жарты алмұрттың салмағы  жеңіл болғандықтан көтеріліп тұрады.

Т:Балалар  заттардың салмағын  қалай, немен анықтауға болады?

Б: Таразы арқылы өлшеп білеміз.

Т: Дұрыс , таразыға өлшеу құралдарын пайдаланып заттардың салмақтарын анықтаймыз. Мысалы алманы өлшесек ,таразының тілі 2 де тұрса ,онда 2кг болғаны.

Құрылымдалған ойын:

Т: таразыға байланысты тапсырма орындаймыз.

1-топ Артык ,кем, тең   ұғымдарына байлынысты заттарды санмен сәйкестендіру.

2-тор балықты аулап,балық салмағын өлшеуші құралдармен сәйкестердәру.

Б: 8 кг балык +8 саны

4кг балық + 4 саны т.б

Т. Тапсырмаларды жақсы орындадындар. Бүгінгі тақырыбымызды қорытындылау мақсатында бейне тапсырмаға назар аударайық.

Б:  Ауыр                   Жеңіл

Асқабақ             баклажан

Шапка                   жапырак

Үтік                        қарандаш

Суы бар шелек     кошалек

Аквариум               ойыншық

Т: Балалар  жарайсындар. Бүгінгі оқу қызметінде  тапсырмалар ,тәжірибелік жұмыстар, ойындар ойнадық. Қандай тапсырмалар  ұнады?

Б: (балалар жауабы)

Т: Балалар  бүгінгі оқу қызметі ұнаса, түсінсек 3 рет шапалақтаймыз.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *