ОЙЫН ОЙДЫ ӨСІРЕДІ

Сәлікжан Айдана Кәдіржанқызы, тәрбиеші.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы

№16 «Аққайың» бөбекжай-балабақшасы

 

Тақырыбы: «Ойын ойды өсіреді»

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Балалардың байланыстырып сөйлеуін,көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, түсіндіру.

Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, геометриялық пішіндерден жасалған зымыран, ғарышкер, құрастыру ойынына қажетті таяқшалар, ойынға қажетті суреттер, тақырыпқа сай көрсетілетін слайд, фонарик.

(Балалар музыка әуенімен залға кіріп шеңберге тұрады).

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 

Балалар көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі ерекше оқу қызметіне дайынсыздар ма?

-Ендеше бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын алдымен музыка әуені ырғағымен көңіл-күйімізді білдіріп жіберейік.

(Әуен қосылып, ырғақ бойынша балалар билеп шығады)

-Жарайсыздар балалар!

—  Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Көктем мезгінде қандай өзгерістер болуда?

Балалар: Күн жылынады, жерге көк шөп шықты, ағаштар бүршік жара бастады,біз жеңіл киім киіне бастадық.

— Балалар 12-сәуір бізде қандай ерекше күн болды?

Балалар: 12-сәуір Ғарышкерлер күні.
-Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа ұшатын адамдар. Аспан әлемінде де, көптеген ғаламдар бар. Біз жер ғаламында өмір сүреміз.

-Жарайсыздар! Балалар мен қазір сіздерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр?

Жұмбақ:

Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.

Балалар: Зымыран

-Дұрыс балалар! Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?

Балалар: Автобус, поезд, кеме, машина, ұшақ т.б.

-Дұрыс. Ендеше біз қазір ойын ойнаймыз. Тақтаға назар аударамыз. Жер, аспан және теңіз берілген.  Алдарыңыздағы көлік түрлерін топтастырып дұрыс орналастыру керек.

Ойын: «Көліктерді топтастыр»

-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
Балалар: -Ұшақ, тікұшақ,зымыран.

—  Жарайсыңдар,балалар
— Экранға назар аударайық.

-Аспан әлемін зерттеу үшін ғарышқа ғарышкерлер зымыранмен

ұшады. Ең алғаш иттерді ұшырып тәжірибе

жасаған, Лайка және Белка. Осы иттер аман-сау оралған соң, алғаш рет

адам ұшты.

Әлемдегі тұңғыш ғарышкер Ю. Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде

«Восток» ғарыш кемесімен, Жер шарын 1 рет  айналып шықты.

Ал мына суретте- біздің елімізден тұңғыш ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ал мына суретте-Талғат Мұсабаев ағаларың.

Ғажайып сәт: «Ғарышкердің келуі»

Ғарышкер: -Сәлеметсіңдерме, балалар! Сендерге сұрақтарым бар.

Сұрақ-жауап.

Ғарышкер: Керемет  қандай ақылды балалар. Сіздердің арқаларыңда менің де зымыраным дайын болды. Балалар осы зымыранмен менімен бірге ғарышқа ұшуға қалай қарайсыңдар? Ғарышта қызықты тапсырмалар өте көп.

-Олай болса балалар ғарышқа бірге сапарға шығайық. Ол үшін көзімізді жұмып аспан әлемін көз алдымызға елестейік. Мінекей балалар біз аспан әлеміндеміз.

Ғарышкер: Балалар сендер ғарыш , аспан әлемі туралы біраз мәліметті біледі екенсіздер. Менің де сіздерге арнаған ойын тапсырмаларым бар.

1-тапсырма:

1-топ: «Сандарды ретімен орналастыру».

2-топ: «Дұрыс санды көрсет».

2-тапсырма:

«Көлеңкесін тап».

3-тапсырма: «Фонарик» ойыны.

Ғарышкер: Балалар түн болғанда аспан қандай болады?

Балалар: Аспан қараңғы болады.

-Бізге жарық түсіру үшін не қажет? Алдарыңызда  түнгі аспан берілген. Балалар ғарышқа қандай көлікпен ұшады?  Дұрыс.

-Жарайсыңдар балалар, енді біз аспан әлемінен зымыранға отырып, өз тобымызға оралайық. Барлығымыз көзімізді жұмып отырып, өзіміздің тобымызды көз алдымызға елестейік. Жаксы, енді көзімізді ашамыз.

Ғарышкер: — Керемет балалар! Маған бүгін сендермен уақыт өткізген қатты ұнады. Менің де аспан әлеміне қайтып барып, зерттеу жұмыстарымды жалғастыратын уақытымда болыпты. Кетпес бұрын өзімнің сыйлығымды табыстап кетейін. Сендерде жетістікке жетіп осы жұлдыздай әрқашан жарқырап жүріңдер! Сау болыңдар балалар!

Қорытынды

Сау болыңыздар!

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *