Ғарышқа саяхат

Технологиялық карта

Білім беру саласы: әлеумет, шығармашылық

Пән аралық байланыс: қоршаған орта, сурет салу

Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат».

Мақсаты: ғарышқа жасанды ғарыш кеңістігін(планетарий) ұйымдастырып саяхатап,ғарышкерлер,ғаламшарлар,ғарышты зерттеу жайлы мағлұматтар беру арқылы білімдерін бекіту.

Білімділік міндеті:ғарышкерлердің қызметі жайлы ұғымдарын қалыптастыру,ғаламшарлармен таныстыру.білімдерін толықтыра түсу, ғарыш жайлы білетіндерін әңгімелету,ғарышкермен кездесу сұхбат арқылы білімдерін бекіту..

Дамытушылық міндеті: көру,тыңдау,есте сақтау,қиялдау,ойлау қабілеттерін, зейіндерін,сөйлеу мәдениетін, дүниетанымдарын кеңейтіп,шығармашылық арқылы ұсақ саусақ моторикаларын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: эстетикалық талғамға,ұжыммен бірлесіп әрекет ету татулыққа,тиянақтылыққа,батылдыққа,отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: саяхат, әңгімелесу,кездесу,ой-қозғау, сұрақ-жауап,жұмбақ шешу,фазылдар құрастыру,сөздік құрастыру,өлең жолдарын оқу,дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданып бейнелеу,бағалау,психологиялық процестер жүргізу.

Көрнеліктер: бейне таспалар,теледидар,дидактикалық ойындар,фазылдар,әріптер,ғарыш тақырыбында суретті үлгілер,портреттер,көрме.

белингвалды компонент: ғарыш-космос,ғарышкер-космонавт,зымыран-ракета,ғаламшарлар-планеты.

Алдын-ала жүргілірген жұмыс: тақпақ,жұмбақ,жаңылпаштар жаттату,ғарыш кеңістігін ватманда  дайындау,ғаламшарларға арнап әртүрлі көлемде дөңгелектер бастырып,қию дайындау.

Мотивациялы ынталандыру  кезеңі: Шаттық шеңбері:

Аспан,аспан арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын

Тәрбиеші: Сұрақ-жауап

— Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінің үш айы бар

Қазір көктем мезгілінің қай айы?

— Сәуір айы

-Сәуір айында қандай мереке бар?

-Ғарышкерлер мерекесі.

Тәрбиеші: өте дұрыс айтасыңдар балалар.Жарайсыңдар!

Ғажайып сәт:  Ғарышкер қонаққа келеді.

 

Ардана Ботай  қазақтың тұңғыш  ғарышкер  қызы

Сәлеметсіңдер ме! Балалар мен сендердің жерлестерің боламын,Алпамыс тобында ғарышкер болғысы келетін,балалар бар деп естіп келдім.

Тәрбиеші: иә Ардана Ботай  балалар сізбен кездездесуді асыға күткен еді.

Ғарышкер: жақсы,мен сендерге жұмбақ жасырсам,шешіп көрсіңдер ме?

Балалар: иә.

Бейне таспа көру: жұмбақтар шешу.

Ғарышкер: керемет өте білімді балалар екенсіңдер ғарышкер болу үшін бәрін білу керек.

Тәрбиеші: Ардана Ботай біздің балалар ғарышкерлер туралы не білетінін тексеріп көрсек қалай қарайсыз.

Ғарышкер: жақсы.

Бейне таспадан слайд арқылы сұрақтарға –жауап беру.

-Алғаш ғарышқа не ұшты?

-ит Лайка Белка Стрелка ұшты.

-Алғаш ғарышқа ұшқан кім?

— Юрий Гагарин.

-Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім?

-Тоқтар Әубәкіров

-Талғат Мұсабаев.

— Айдын Айымбетов

Тәрбиеші: Ардана Ботай балалардың ғарышкерлер күніне арнап жасаған шағын көрмелерін тамашалауға сізді  шақырамын.

Көрме бойынша:қысқаша сұхбаттасу.

Тәрбиеші: Рахмет!

Ардана Ботай біздің балаларымызда ұшқыш болуды армандайды.

Сізге алдын ала дайындаған өлең жолдарын арнайды,жұмбақтарын жасырады.

Жұмбақ :

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс,жүрген аң бәріне тең.

Адамзат,жан- жануар арасында,

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.  ( Жер)

Жылт-жылт етіп төбеде,

Түсе алмай тұр төменге    (Жұлыз )

Аспанда,алып доп,

Жарқырайды жарық боп.  (Күн)

Тақпақтар:

Тоқтар ұшты ғарышқа,

Талғат болды ғарышта.            Досым

Таңғалдырып қазағым,

Тағы ұшса марсқа.

Ғарышкер менде боламын,

Боламын десе боламын.

Көктің жүзін барлаймын,

Үлкен ғалым боламын.                  Інжу

Тоқтар, Талғат және Айдын,

Ғарышқа ұшты самғап.

Өлең жазды ақындар,

Үшеуіне арнап.                                Сәния

Жаңылпаштар:

Ғарышкер ұшты ғарышқа,

Ғарышкер ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?               Рауан

-Жарайсындар,балалар !

Ғарышкер: Жарайсыңдар балалар!Рахмет!

Тәрбиеші: Ардана Ботай сіз балаларға өзіңіз жайлы айтып берсеңіз?

Ғарышкер: балалар мен сендердей кішкентай кезімнен ғарышқа ұшуды армандап өстім.Әкеме ұқсап ғарышкер болғым келді.Менің сүйікті ойыншықтарым қуыршақ емес,әуе көліктері ұшақ,тікұшақ,батпырауықпен ойнағанды ұнататынмын.Бүгін сол ойыншықтарымды сендерге сыйлаймын. Ғарышкер болу үшін ержүрек білімді, тәртіпті  азамат болуымыз керек. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Қызылорда облысында орналасқан .

Менің  арнайы киімім  скафандра деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге аламын.

Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар,шоқ жұлдыздар бар. Балалар сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы  жұлдыздарға қарағанда, олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені, олар өте биік жоғары орналасқан. Ал енді солардың арасында ең үлкен жұлдыз  бар, ол қалай аталады? (Күн ) Күн, ол-үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар. ғарышқа зымыранмен ұшады оны- ғарыш кемесі деп те атаймыз, ғарышта аспан әлемін зерттейміз.

Тәрбиеші: Рахмет!

Сергіту сәті:

Ғарыш  сондай алыс па?

Аспан , аспан арайлым,

Саған жиі қараймын,

Сені көзбен шоламын.

Көкке ұшамын,самғаймын,

Мен ғарышқа сәлем жолдаймын!.

Сурет мұғалімі:

Балалар біз сендерге  ең үлкен ғаламшар Күнді айналып тұрған 8-ғаламшармен таныстырамын.

Бейне таспадан слайд арқылы таныстыру.

Меркурий-ең жеңіл күнге жақын орналсқан.

Шолпан-қызғылт сары дақтары бар ,екі серігі бар ғаламшар

Жер-таңға жуық және кешке қарай көрінетін жұлдыз

Марс— тіршілік белгілері бар  жалғыз ғаламшар

Юпитер-ең үлкениғаламшар

Сатурн-сақиналар жүйесі бар ғаламшар

Уран-негізінен мұздан тұратын көгілдір түсті ғаламшар

Нептун-күнен ең алыс орналасқан үнемі жел болып тұратын ғаламшар.

Бейнелеу шығармашылық жұмыс жасау.

Балалар  сендерді ғарышқа шығармашылық арқылы саяхаттауға алдына ала жүргізілген жұмыстарды қолданып,ғарыштағы ғаламшарларды  сиқырлы бояларды қолданып бейнелеуге шақырамын.

Бейнелеудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолдану жолдарын таныстыру.Санитарлық  гигиеналық талаптарды  ескерту.

Сурет салу әдіс- тәсілдері: (мөр басу,түртік салу)

Сергіту сәті: саусақ жаттығуы.

Алақанды ашамыз

шапалақтап аламыз

Саусақтарды билетіп,

Зымыранмен от алып,

Ғаламшарға ұшамыз

Ұшып,ұшып аламыз

Шапалақты соғамыз

Біз өсенде ғарышкер   боламыз.

Шығармашылық жұмыстарын жалғастыру,

Балаларға көмек қолын созу,бағыт беру,мадақтау.

Тәрбиеші:

Дидактикалық ойын:фазыл құрастыру.

1-топ «Ғарыш әлемі», -2-топ «Ғаламшарлар»

балалар  біз сендермен фазыл құрастырамыз.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы  әріптер»

Ойын шарты: берілген  дауысты,дауыссыз дыбыстардан тұратын әріптерді қолданып белингвалды  компонент: қазақша-орысша  сөздік  жасау.1- топ: «ғарыш-космос»,2-топ: «ғаламшар-планета» сөздерін құрастырып жазу.

Рефлексия :

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.

Балалар бүгінгі күн қалай аталады?

Бізге кім қонаққа келді?

Біздер қандай ғаламшарда тұрамыз?

Ғарышқа киетін киімді не деп атайды ?

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар өзін- өзі бағалау әдісі: «бас бармақ»

Тәрбиші мен сурет мұғалімінің бағалау әдісі: «Сиқырлы жұлдыздар»

 

Күтілетін нәтиже:

біледі:ғарыш,ғаламшар,ғарышкер туралы.

игереді:ғарыш әлемі,ғаламшарлар,ғарыш кемесі туралы түсініктерді

меңгереді:ғаламшарларды бейнелеуді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.