Поэзия

КІНДІК ҚАНЫМ ТАМҒАН ЖЕР
Жалпы тарих бойынша айтатын болсақ Азия құрлығының жартысы Қазақтың жеріне тән болып есептеледі,қазыргі таңда да Қазақ елінің аумағы өте кең,жан-жағымыз бір неше елге тиіп тұрады,Қытай, Ресей ,өзбекстан,т,б сияқты елдерге ,ал менің туған жерім шығыста бізге тіреліп тұрған алып ел қытай,бірақ қытай елінде туылсамда мен туылған ауыл таза Қазақы,салт-дәстүрін ұмытпаған,сондай бір керемет жер.
Шығыс түркістан жалпы бәрімізге мәлім,1944-жылы қытай әлі Қытай халық республикасы болып құрылмай тұрған кезде ,қытайдан бөлініп шығып жеке мемлекет болып құрылған,әрине ғұмыры ұзаққа бармады,бірақ,кезіндегі жер су атаулары сол күйінше қалды.
Мен туған жердің аты Іле қазақ автономиялы обылысы,моңғол күре ауданы,көріп тұрғандай,бұл қазақ обылы,қазақтар көбірек қоныстанатын аймақ,2миллионға жуық қазақтар қоныстанады,Қытайдың елінде тусақта ,ұлтымыз қазақ,рухымыз қазақ,салт-дәстүрге берік,ет жеп қымыз ішетін қазақтармыз,Қазақ еліне жаңадан келгенде маған түрлі сұрақтар қойылатын,сендер бақа шаян,құрт құмырсқа жейсіңдерма?қытайлар сияқты әр нәрсені жейсіңдерма ?әйтесіңдерма,бүйтесіңдерма т,б ,адамның қанын қайнататын сұрақтар қойылған,осы тұста сондай сұрақ қойған кісілерге айтқым келеді:біз Қазақпыз,мұсылманбыз,ондай айтылып жүрген харам,таза емес заттарға еш қашан жолоған емеспіз,кейбір өз тілін білмей өзенің тілін мақтан тұтатын мәңгүрттерге қарағанда 10 есе артықпыз,сондықтан еш қашан ондай күмәндар туындамасын дегім келеді.
Мен тұратын жер моңғол күре ауданы,сол түстік шығыс жағы үйсін тауымен,оң түстік батыс жағы Хан тәңірі яғни тянь-шань тауларымен қоршалған,биіктігі 1500-6995метір аралығында,таулы аймақ болып есептеледі ,шөбі шүйгін суы мол,малға жайлы,жанға рахат жер,жәнеде біздің аудан Шыңжаң өлкесіндегі бірден бір құмды шөл жоқ аудан,табиғаты айтарлықтай керемет,қарасаң көзің тоймайды,кейде өзім мен туған жер қазақ еліне тәуелді болса ғой ,шіркін,деп қиялдап кетем,бірақ қиялдың аты қиял…
Моңғол күренің Тұлпар мекені,қышы мекені ,бидай мекені,деген сияқты әдемі жағымды атаулары бар,соның ішінде тұлпар мекені деген атау әлемге әйгілі,солай аталуының себебі өте көп,жылқының саны өте көп жәнеде сапалы бәйге ге шабатын тұлпарлар өте көп,талай халықаралық бәйге ден орын алған ,мен өзімде кішкетай күнімнен атқа мініп өскем,талай өзіміздің бәйгелерде шапқам,жалпы ат десе ішкен асын жерге қоятын адаммын,бізде әр жыл сайын халықаралық ат бәйге өтеді ,әлемнің әр елінен келіп қатысады,тек қана бәйге емес Ақындар айтысы ,көкбар,қыз қуар,палуандар күресі сынды ұлыттық ойында болады.Жәнеде бұл жерден мықты ақын,жазушыларда шыққан,мысалға Ерлан Аманқожа,талай республикалық айтыстардың жеңімпазы,Ербол Алшынбай,презтдент кубогының иегері,бір неше кітаптардың авторы,т,б-да мақтанып айтарлықтай мықты мықты тұлғаларымыз бар.
Жалпы осы менің туған жерім,кіндік қаным тамған жер,табиғаты жанға жайлы,шөптері малға жайлы,айналасын қоршаған тауларды сөзбен айтып жеткізе алмаймын,мен үшін істей алатын іс тек қана тамашалау,сүйсіну,барғысы келетін кісілер болса індет жойылса,шекара ашылса менімен жүріңіздер,туған жерімді бір қанғанша аралатып,тамашалатайын…

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *