Сүйікті қалам

Сүйікті Қызылордам, Алтын Ордам
Өлеңнен сый арнады мендей балаң
Еңсерген екі ғасыр уақытты
Құтты болсын туылған күнің, қалам!

Көркейе бер, өркендеп, ақ мекенім
Сені қиып қалай жырақ кетемін?
Екі емес он ғасырың тойлансын
Сен арқылы мақсатыма жетемін.

Сен деп соғар менің бала жүрегім
Нағыз қазақ тек осында білемін!
Қазақстан қаласының ең алып
Бірі болғын — саған тілер тілегім!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *