«Tourism and English language»

№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі КММ

 

       Келісемін                                                                                                           Бекітемін

      Директордың оқу ісі                                                                                         Мектеп директоры

      жөніндегі орынбасары:                                                                      

 

 

 

«Tourism and English language»

 

«Туризм және ағылшын тілі» арнайы курсының бағдарламасы

(оқушы компоненті)

7-сынып

 

 

 

Бағыты: Саяхат

 

                      Құрастырған: Танкубаева А.О.

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жыл

Түсінік хат

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін,  мәдениетін таниды. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Оқытылып отырған тілдің отаны туралы, оның мәдениеті туралы білмей ол тілді үйрену мүмкін емес. Қарым- қатынас тілі ретінде ағылшын тілін оқыту міндеттері сол тілдің отаны мен мәдени өмірі  және халқы туралы мәлімет берумен сәйкес келеді. Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Ұсынылып отырған «Туризм және ағылшын тілі» арнайы курсының бағдарламасы оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Жалпы курста оқушылар Өз елінің түпкі мәдениеті мен  тарихы, білім жүйесі, діни ахуалы және саяси жүйесімен таныстыра алатын болады.  Бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде  өз ойын еркін айтуға, ағылшын тілінен  өз мүмкіндіктерін көрсете білуге ықпал ету, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге, белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.

 

 

 

 

Курстың бағыты: Саяхат

 

Курстың мақсаты

    Оқушылардың шет елдер туристеріне өз өлкесін, елін таныстыруда өз ойын еркін жеткізе білу, оқушылардың коммуникативтілігін дамыту

 

Курстың  міндеттері

  • Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
  • Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
  • Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу.
  • Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру

Өзектілігі:

  1. Бағдарламаның өзектілігі елімізде, Төлеби ауданында туризм басты мәселе болуда, сондықтан жеткіншектеріміз туристтерге туған жерімізді еркін жарнамалап, өз бетінше саяхатшыларды алып жүруге, киелі жерлерді ағылшын тілінде таныстыруға мүмкіндік алады.
  2. Оқушылар өзге шет мемлекет азаматтарымен қарым қатынасқа өз бетінше түсіп, ақпарат алмасады.
  3. Өзінің туған өлкесіне құрметі, отанға деген адалдық сезімі күшейе түседі
  4. Оқушы өзін көпшілік ортада ұстау әдебін үйреніп, өзгеге үйрете алады.

 

 

Жаңалығы: Туризм саласындағы тілдік қажеттілікті жүзеге асыру ерекшелігі.

Ерекшелігі: Көпшілік алдында өзін – өзі ұстау мәдениетін практикада қолдану.

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар жеке тұлға ретінде қалыптаса отырып, өзін – өзі тәрбиелейді.
  2. Оқушылар көпшілікпен араласуды, өзге елдердің мәдениетімен танысады.
  3. Оқушылар жарнамалаудың қыр – сырын үйренеді.
  4. Оқушылар туризм дамуына өз үлесін қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Туризм және ағылшын тілі» арнайы курсының күнтізбелік -тақырыптық жоспары

Ұсынылып отырған курс бағдарламасы 1 оқу жылына, аптасына 1 сағатқа негізделіп құрылған. 34 аптаға жылына 34 сағаттан тұрады кіріспе (1сағат),негізгі бөлім 32 сағат, қайталауға (1сағат)

Theme hour date
1.       Introduction 1  
2.       On board 1  
3.       In – flight meals 1  
4.       Landing card 1  
5.       Baggage in hall 1  
6.       A ride downtown 1  
7.       Hotel check – in 1  
8.       An appointment 1  
9.       Breakfast buffet 1  
10.   Hotel reception 1  
11.   City guide 1  
12.   A taxi ride 1  
13.   Visitors 1  
14.   Connections 1  
15.   Fast food 1  
16.   Gift store 1  
17.   Small talk 1  
18.   Routines 1  
19.   Lunch 1  
20.   Dealing with problems 1  
21.   Meeting people 1  
22.   About yourself 1  
23.   Attractions 1  
24.   The menu 1  
25.   At the table 1  
26.   Interests 1  
27.   E — mail 1  
28.   Flightseeing 1  
29.   At the airport 1  
30.   Making friends 1  
31.   Souvenirs 1  
32.   Communications 1  
33.   Good bye 1  
34.   Revision 1  

 

Білімді тексеру әдістері:

БФЕ шаблоны  — CAF (Consider All Factors)

Креативті матрица — CREATIVE MATRIX

Факт немесе Пікір — FACT or OPINION

Әуе шары — HOT AIR BALLOON

Ыстық орындық — Hot chair

Тұжырымдамалық карта —  MIND MAPS

Теледидар дикторы  — RADIO PHONE-IN

 

 

Әдебиеттер

  1. A Practical English Grammar. Oxford University Press.

 

  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Ағылшын тілі мектепте»

 

  1. Қосымша материалдар интернет ресурстарынан алынды.

 

  1. ustaz.ks , www.45min.kz , www.bilimdiler.kz

 

  1. Basic survival. Macmillan

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі  Танкубаева Абиба Оспановнаның

«Tourism and English language»  тақырыбындағы

7-сыныптарға арналған оқушы  компоненті курсының авторлық

бағдарламасына

 

                                                   Пікір

     Танкубаева Абиба Оспановнанаң  7-сыныптарға  ұсынып   отырған  «Tourism and English language»  тақырыбындағы  авторлық  бағдарламасы    курсы элективті  курс талаптарына  сәйкес  келеді. Тақырыптың мәтіндері оқушылардың ағылшын тілі грамматикасын игеру деңгейіне және ағылшын тілін терең үйрену құралы ретінде қолданылуына байланысты таңдалып алынған. Жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасына сай алынған. Оқушыларға тақырыпқа сай алынған текстер бойынша жұмыстар бар. Бағдарламадағы материалдар ағылшын тілінде сөйлейтін елдермен танысу үшін,  әлемдік көзқарастырын дамытуға, алған білімдерін диалогке түсу барысында қолдануына, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс жасауына ықпал етеді деп есептеймін.

 

 

 

Ағылшын тілі  пән  бірлестік  жетекшісі: 

                                             Тастемирова Айман Данебеккызы

 

 

 

 

 

 

Ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі  Танкубаева Абиба Оспановнаның

«Tourism and English language»  тақырыбындағы

7-сыныптарға арналған оқушы  компоненті  курсының авторлық

бағдарламасына

 

 

                                                   Пікір

       Танкубаева Абиба Оспановнанаң  7-сыныптарға  ұсынып   отырған  «Tourism and English language»  тақырыбындағы  авторлық  бағдарламасында оқушылар өзара сөйлесуде қарым- қатынасқа түсуге, сөйлесуші адамның сұрағына жауап беруге, өз елі туралы, оның мәдениеті, тарихы, ғылым мен білім жүйесі, әдебиеті, салт -дәстүрі, танымал адамдары туралы мазмұндай алауға сонымен қатар, оқушыларға журнал мен газет беттерінен алынған мақалалар мен Интернеттен алынған материалдар ұсынылған. Алынатын материалдар оқушылардың өз пікірлерін білдіруге, Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер мен Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін салыстыруға арналған жаттығулармен толықтырылған. Факультативті курстың мазмұны қазақ тілі, тарих, география пәндерімен тығыз байланысты.

  Бағдарлама 7- ші сынып оқушыларының  мектеп  компоненті бағдарламасына  сәйкес  құрылған  деп  есептеймін.

 

 

 

Қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімі:   

                                               Керімбекеова  Өркен  Асқарқызы

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *