«Ертегілер елінде»

Білім облысы: Әлеумет, Таным, Қатынас, Шығармашылық.

Білім бөлімі: Кіріктірілген. Қоршаған ортамен танысу, ҚМҰҚ, Құрастыру, Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет, Сурет салу.

 

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету.

Міндеті: Балаларды қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: үлестірмелі материалдар, суреттер, геометриялық пішіндер, шығармашылық жұмыстың қажетті заттары.

Қызмет

түрі

              Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Ой-қозғау

шылық

қызмет

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Күндей таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастаймыз

 

Шаттық шеңбері

Үлкен шеңбер құрайық

Қолымызды созайық

Күлімдесін күнде

Күлімдейік бізде.

 

 

 

Шеңбер құрып шаттық шеңберін орындайды

Ұйымдастырушы- ізденушілік      Балалар қараңдаршы біздің топтағы сөреде бір ғана ертегі қалыпты. Ертегі кітапшалардың барлығы сендерге ренжулі сияқты. Өйткені балалар сендер ертегі кітапшаларға емес, ұялы телефондағы ойындарға қызығушылықтарын басым болып жатыр екен.

Қателігімізді жөндеймізбе?

Олай болса Ертегілер елінен іздеп көрейік.

Ертегілер еліне сиқырлы кілемшемен жетіп алайық.

Біздің кілем ұшып барады

Алыс жерге апарады

Кәне достар көзді жұмамыз

Ертегілерімізді табамыз

Балалар қараңдаршы Ертегілер еліне де келіп жеттік. Мұңда бізге көптеген қиындықтар күтіп тұр. Біз шыдамдылықпен, төзімділікпен тапсырмаларды орындап шықсақ, сол кезде ертегілер қайта оралады.

1- тапсырма

Балалар тапсырманы орындау үшін алдымен жұмбақты шешуіміз керек. Дайынсыңдарма? Бұлттар төніп, жерге төгіліп

Дымқыл туман басады

Шөптер сарғайып, өңі тайып

Дала нұры қашады

Бұл қай мезгілде болады?

Күз мезгілі молшылықтың, байлықтың, берекенің белгісі болып келеді.

Күз мезгілінде әбден пісіп жетілген көкөністермен жемістер дауласып жатыр. Әрқайсысы өз пайдасын шаршамай айтуда. Олардың әр қайсысының құрамында дәрумендер өте көп. Сол себепті әр қайсымыз бір көкөніс және бір жеміс алып теңдей етіп жайғастырамыз. Көкөніспен жемісті достыққа шақырамыз.

(тосын сыйға ертегі кітапшасы пайда болады )

Балаларды мадақтау.

Бой сергіту:

Вместе сварим мы компот

Много нужно фруктов . Вот

Яблоки измельчим

Грушу резать поспешим

Вкусный сварим мы компот

Угастим их нород

2-тапсырма

Балалар мұнда да тапсырманы орындау үшін жұмбақты шешуіміз керек.

Аяз қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды

Қарға омбығып, бет домбығып

Балалар сырғанап ойнайды

Бұл қай кезде болады?

Бұл мезгілдің ең кереметі жауған қарында. Қар қандай? Балалар қысқы орманға нелер жетіспей тұр? Әрине жабайы жануарлар. Қандай орман жануарларын білесіңдер? Олай болса қысқы орманға геометриялық пішіндерден құрастырып берейік.

( тосын сйға ертегі кітапша пайда болады)

Балаларды мадақтау.

Бой сергіту:

Прыг- скок, прыг- скок

Прыгнул зайчик на пенёк

Ему холодно сидеть

Хочет лапки он погреть

Лапки вверх,лапки вниз

И на месте развернись

3- тапсырма

Үшінші жұмбақты шешіп көрейік.

Ақ қар еріп

Су көбейіп

Сай салаға толады

Ағаш басы бүршік атып

Бұл қай кезде болады?

Көктем мезгілі келгенде үй жануарларды жайлымға шығарады. Жайлым деген көк шөп. Көк шөп далалы жерлерде көп болады. Күннің жылуы аздау болғаннан шөптер жайқалып өсе аомай жатыр. Олай болса біз шөптерді салып берейік..

Әдіс-тәсілін түсіндіру.

Оң қолымыздың жеңін түртіп, сұқ саусақтың ұшымен суға малып жасыл түсті  бояуға батырып ұзын-қысқа, жуан-жіңішке шөптерді саламыз. Балалардың  жұмысы.

Шөптер өскен сайын, иісі құлпырып жәндіктерде сезініп жатыр. Бал ара тозаңын жинауға ұшып келді. Көбелектер мен қаңқызылда шөптегі шырынмен қоректенуге ұшып келді.

( тосын сйға ертегі кітапша пайда болады)

Балалар енді сиқырлы кілемшемен өз тобымызға оралайық.

Өлең:  «Ертегілер».

 

Назар салып тыңдайды.

 

 

 

 

Ия

 

 

Кілемшеге отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақшы шешеді

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды

 

 

 

 

 

Өлең мәтінін айта отырып қимыл- қозғалыс жасайды

 

 

 

Жұмбақты шешеді

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындайды

 

 

 

Өлең мәтінін айта отырып қимыл- қозғалыс жасайды

 

 

Жұмбақты шешеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұсқау бойынша сурет салады

 

Кітапшалар

ды алып ертегі өлеңін тындап сиқырлы кілемшемен топқа оралады

Жетекші- жөндеуші Қорытындылау:

Балалр қараңдаршы біз қаншама ертегі кітапшаларын алып келдік. Енді кітапшаларға  көп көңіл бөлейік. Балалар бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметі аяқталды. Сендерге ұнадыма? Несімен ұнады?

Балалардың жауабы

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегі кітапшаларға  көбірек  қызығушылық танытуды

Игерді: әр мезгілдің ерекшелігін ажыратуды

Меңгерді: тапсырмаларды ретімен  нұсқау бойынша орындауды

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.