Макроэкономика ғылымы, макроэкономикалық мәселелер

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Оқу сабағының жоспары

 

Жоспардың  бөлімі: Макроэкономика саласындағы негізгі мәселелер Оқытушыныңаты-жөні:

Баймуханова Г.И.

Күні: «____»  ____  20___жыл Курс:  ­­­­­I Топ: 1 Вет А/11
Модуль/пән  атауы: Макроэкономика
Сабақтың   тақырыбы: Макроэкономика ғылымы, макроэкономикалық мәселелер
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың мақсаты: Макроэкономика мәселелерін анықтау және меңгерту

Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуы.

2. Макроэкономиканың зерттеу пəні жəне негізгі макроэ кономикалық мəселелер.

3. Макроэкономиканың зерттеу əдістері, мақсаттары жəне құрал дары.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер —          Экономикалық мәселелерді білу және оларды іс жүзінде қолдана білу, жаңа экономикалық термин сөздерін кеңейту, жаңа сөздермен және макроэкономикалық ғылыми мағынасымен танысу, сөйлеу, ойлау, танымдық қызығушылық, ақыл-ойды дамыту, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру; өз  жұмысын бағалау.

—          Макроэкономикалық мәселелерді анықтау

 

—          нарықтық экономиканың Қазақстанда қалыптасуы мен даму ерекшелiктерiн терең түсiну арқылы, оны жетiлдiрудің жолдарын қарастыра бiлу;

 

—          — макроэкономикадан алған бiлiмді басқа нақты экономикалық пəндерде жəне күнделiктi тiршiлiкте қолдана бiлу;

 

—          — экономикалық бiлiмдi өз бетiмен терең игеруге үйрету жə не дайындау.

 

Қажетті ресурстар Ноутбук, презентация, оқулық, кесте, тапсырмалар , суреттер
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтың басы (5 минут) I.                   Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылармен сәлемдесу

Білім алушыларды түгендеу

Аудитория тазалығына көңіл бөлу.

Сабақтың  ортасы III.                                                Жаңа материалдарды меңгерту.

§    Макроэкономика – бұл жалпы экономиканың – нарықтың немесе кең ауқымда жұмыс істейтін басқа жүйелердің өзін қалай ұстайтындығын зерттейтін экономика саласы. Макроэкономика инфляция, баға деңгейі, экономикалық өсу қарқыны, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және жұмыссыздықтың өзгеруі сияқты жалпы экономикалық құбылыстарды зерттейді. Макроэкономика – бұл экономиканың құрылымы, өнімділігі, мінез-құлқы және шешім қабылдау мәселелерімен айналысатын экономика саласы.

§  Макроэкономикалық зерттеулердің негізгі екі бағыты – ұзақ мерзімді экономикалық өсу және қысқа мерзімді бизнес циклдар.

§  Макроэкономика қазіргі формада көбінесе Джон Мейнард Кейнстен және оның 1930 жылдардағы нарықтық тәртіп пен үкіметтік саясат туралы теорияларынан басталады; содан бері бірнеше мазхабтар дамыды.

§  Макроэкономикадан айырмашылығы, микроэкономика экономиканың жекелеген субъектілері (адамдар, компаниялар, салалар және т.б.) жасайтын әсер мен таңдауға көбірек бағытталған.

§  Макроэкономика – бұл тұрақты экономикалық өсу жағдайын, ресурстардың толық қамтылуын, инфляцияның төменгі деңгейін жəне төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету тұрғысынан экономиканың қызмет етуін біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық ғылымның аса маңызды бір саласы. Макроэкономика – бұл экономикадағы агрегатталған (іріленген, біріктірілген, жүйеленген, жиынтықталған) өлшемдер мен көрсеткіштерді зерттейтін ғылым, яғни ұлттық экономикадағы агрегатталған мінез-құлықтар мен тəртіптерді зерттейтін ғылым. Макроэкономика – бұл əлемде болып жатқан ғаламдық экономикалық мəселелерді жəне олардың кез келген ұлттық экономикамен өзара байланысын жəне оған əсер етуін зерттейтін ерекше ғылым.

Өзіндік жұмыс сұрақтарға жауап:

1. Тұрақты экономикалық өсу жəне оның қарқыны;

2. Жалпы экономикалық тепе-теңдік жəне оған қол жеткізудің жолдары;

3. Экономикалық цикл, оның пайда болу себептері;

4. Жұмысбастылық деңгейі жəне жұмыссыздық мəселесі;

5. Бағалардың жалпы деңгейі жəне инфляция мəселесі;

6. Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі жəне ақша айналымының мəселесі;

7. Мемлекеттік бюджет жағдайы;

8. Бюджет тапшылығын қаржыландыру жəне мемлекеттік қарыз мəселелері;

 

Сабақтың  соңы

( 5 минут)

 IV.Жаңа материал бойынша алғашқы  тексеру

1.Макроэкономиканың ғылым болып қалыптасуындағы негізгі бағыттар қандай?

2. Макроэкономиканың зерттеу пəнін атаңыз.

3. Макроэкономиканың негізгі мақсаттары қандай?

4. Макроэкономикалық талдау кезінде қандай əдістер қолданылады?

5. Қор жəне ағын көрсеткіштері қалай сипатталады?

6. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мəселелері қандай?

7. Экономика макродеңгейде қандай секторлар мен нарықтарға бөлінеді?

8. Макроэкономикалық саясаттың негізгі жүргізілу құралдары қандай?

9. Ұлттық есепшот жүйесі қандай мақсаттар үшін қолданылады?

10. Жалпы ішкі өнімнің жалпы ұлттық өнімнен айырмашылығы қандай? Белсенді білім алушыларды бағалау.

Сабақ  бойынша рефлексия Бұл сабақ сізге не үшін пайдалы болды?

— Жаңа не болды? Нені үйрендік?

— Сабақтың қай кезеңі қызықты болды?

— Не қиындық тудырды? Не жақсы болды?

— Немен жұмыс істеу керек?

Үйге тапсырма:

1.      Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М. Ə. Макроэкономика: Оқулық. — Алматы: Экономика, 2003. 5 бет оқу

2.      Жаңа тақырып бойынша презентация жасау

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *