Жүрекке жылу сыйлаған аялы алақан

Жүрекке жылу сыйлаған аялы алақан

«Өмірдің бір қызығы – бала деген»

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болмасын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. «Отан отбасынан басталады» — демекші, осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып біріге aтсалысса, aлар асуыдың биік болары сөзсіз. Aлайда, әртүрлі себептермен ата-аналарынан айрылған  балаларды тәрбиелеу үшін  жауапкершілігі жоғары жүк қамқоршыларға жүктелген.  «Қамқорлық» дегеніміз адам бойындағы  мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Қинaлған жандарға  аяушылықпен қарау, қол ұшын беру, көмектесу,  жанашырлық көрсету, жылы жүректілікті  білдіреді.

Елімізде тәуел­сіздік жылдарынан бас­тап балал­арды қорғау шаралары кешен­ді түрде қарастырыла баста­ды. Бүгінде Қазақстан Республикасы бала құқық­тарын сақтау бойынша заңна­малық тетіктерді жолға қой­ған ел. Бала құқықтарын қор­ғау саласында мемлекеттік орган­дар, халықаралық ұйымдар мен үкі­мет­тік емес секторлар біріге жұмыстар атқаруда . Бұл әсіресе ба­ла­ларды зорлық-зомбылық­тан қорғау, әлеуметтік әлсіз отба­сы­лардағы балаларға материал­дық көмек, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала­ларға қолдау көрсету сияқты іс-ша­раларда айқын көрінуде.

Aлақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау бәріміздің борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық! Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықылас пен аялы алақандарын созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандары үшін қамқоршыларға алғысымызды білдіреміз. Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болсын! Бес түлейтін бал­дыр­ған – ертең ел туын желбіретер ер! Ел ертеңіне қамқор болайық!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *