Геометриялық пішіндер

Сегизбаева  Алмаш  Байтелгиевна

 Білім  беру  саласы:

 

«Таным»
Бөлімі:

 

«Математика  негіздері» , «Құрастыру»
Тақырыбы:

 

Геометриялық  пішіндер
Мақсаты: Геометриялық  пішіндерді  атай  білу,  пішіндерді сипап  сезу  арқылы,  түсіне  қарай  ажырата  алу
Күтілетін  нәтиже: Геометриялық  пішіндерді  атай  біледі, пішіндерді  сипап  сезу  арқылы, түсіне  қарай  ажырата  алады.
Қолданылатын  әдіс- тәсілдер: «Миға  шабуыл»  әдісі, «Бағдаршам»  әдісі,  сұрақ-жауап  әдісі,  практикалық  тапсырмалар.
                                                                Жоспарлау

 

          ҰОҚ

      кезеңдері

              Жоспарланған  іс- шаралар                  Ресурстар
Кіріспе  бөлім

2  минут

Күнделікті  шаралар:

Балаларды  сабаққа  дайындау,  үш  топқа  бөлу

 
3 минут Ширату  жаттығулары:

Балалар шеңберге  тұрады.

«Миға  шабуыл»  әдісі  бойынша сұрақтар:

-Қандай   геометриялық  пішіндерді  білесіңдер?

— Топтың  ішінде  геометриялық  пішінерге  ұқсас  заттар  бар  ма?

-Геометриялық  пішіндерден  қандай  заттар  құрастыруға  болады?

Негізгі  бөлім

   10 минут

1 тапсырма: Құрылымдалған  ойын  «Пішіндерді  тап» 4 К  моделі , Саралаудың  жылдамдық, қарқын, уақыт  тәсілі.

Геометриялық  пішіндерді атап, түстерін  ажырату, топпен  жұмыс  ,ресурстар  таратылып, балалар тапсырманы  уақытында  аяқтауға  тырысады.

1 – топ: Берілген  ресурстарға  қарап , пішіндердің  атауын  атау

2- топ:  Деньеш  блоктары  арқылы  ұстап  көріп , пішіндерді  атап  береді

3- топ: «Түрлі  түсті  пицца» көрнекілігі  бойынша пішіндердің   түстерін  ажыратады

 

Кері  байланыс: «Бағдаршам»  әдісі бойынша бала үнін  тыңдау.

Жасыл  түс – пішіндердің атауын  атай алдым, түстерін  ажырата  алдым

Сары  түс – пішіндердің  атауын  атай  алдым , бірақ  түстерін  ажырата  алмадым

Қызыл  түс- пішіндердің  атауын  атай  алмадым, түстерін  ажырата  білмедім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2  тапсырма:  Еркін  ойын  «Кім  тапқыр?» 4К моделі, Саралаудың  нәтиже, ресурс   тәсілі  бойынша топпен  жұмыс жасап балалар  бір – бірімен  тілдік  қарым- қатынасқа  түседі.Балаларға   дайын  ресурстар  таратылады, пішіндерден  әр  түрлі  заттар  құрастырады.

 

Кері  байланыс: «Смайликтер» Бала  үнін  тыңдау

 —  пішіндерден  түрлі  заттар  құрастыра алдым

 

 —  пішіндерді ажырата алдым, бірақ  түрлі  заттар  құрастыра  алмадым

 

—  пішіндерді  ажырата  алмадым,  түрлі  заттар  құрастыра  білмедім

 

Сергіту  сәті: Бойды  сергек  тік  ұста,

                        Емін- еркін  тыныста.

                        Оң  қолыңды  соз  алға,

                        Қол  ұшына  қарада,

                        Үшбұрыш  сыз  ауаға.

                        Сол  қол  қарап  тұрмасын,

                        Шеңбер  жасап  тынбасын.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Қорытынды     

       бөлім 

     5 минут

3  тапсырма: Педагог  жетекшілігімен  жүргізілетін  ойын  «Кім зерек?» 4К  моделі, саралаудың  қарқын, жылдамдық, уақыт  тәсілі  бойынша  жұмбақтар  жасырып,  шешуін  тез табу.

 

Пішіндер  туралы  жұмбақтар,

Атына  сай  балалар.

Үш  бұрыш  , үш жағы  бар,

Ол  пішінді  кім  табар?

 

Допқа  өзі  ұқсайтын,

Ерекше  бір  пішін  бар

Атын  оның  атаңдар?

 

Бөлініп  ап  екіге,

Отырған  сәт  шетінде

Қандай  бұрыш  ұқсайды,

Үстелдердің  бетіне?

 

Пішін  бар бір  ерекше,

Жұмыртқаға  ұқсайтын,

Атап  көрші  бұл қандай

Пішін  екен  балақай?

 

 Кері  байланыс: «Сұрақ- жауап»  әдісі.

—          Пішіндердің  қандай  түрлерімен  таныстыңдар?

—          Пішіндерден  қандай  заттар  құрастыруға  болады  екен?

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *