Заттық дамытушы орта

ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТАЛАПТАРЫ

  1. Барлық жас ерекшеліктеріне ортақ талаптар:

— қауіпсіз;

— қолжетімді;

— таңдауы көп;

— мазмұнды;

— көп функциялы;

— өзгермелі;

— тартымды.

 

  1. Баланың жас ерекшелігіне байланысты қойылатын талаптар:

 

  • Сәбилер тобында:

танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін  қозғалмалы ойыншықтар, қозғалыс ойындарына қажетті құралдар, соның ішінде ірі және ұсақ моторикасын дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар.

 

  • Орта жастағы бүлдіршіндер тобында:

дамытушы ойыншықтар, құрастыруға, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, саусақ театрының ойыншықтары, рольдік ойындарға арналған жиынтық, дамытушы ойыншықтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, зертеушілік қызығушылығын белсендіруге арналған табиғи материалдар, шағын модельдер.

 

  • Ересек жастағы балалар, мектепалды даярлық тобында:

дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел-баспа ойындары, ребустар, оқу құралдары, фотосуреттер, балалар энциклопедиялары, планетаның жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалармен толықтыру.

Сонымен қатар, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру барысында, барлық топтарда ойыншықтар мен ойын құралдарын ер бала мен қыз баланың ерекшеліктеріне сәйкес толықтырып отыру қажет. Көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және басқа). Олар ойын барысындағы балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *