Сиқырлы пішіндер

Павлодар қаласы, №5 сәбилер бақшасы,Нурахметова Нуршат Канатовна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: Сиқырлы пішіндер
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту,
Міндеті: Пішіндерді ажыратып айта білуге, заттардың көлемін,түсін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой — өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер макеті

Кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациалық-қозғаушылық

Ұйымдастыру
іздестіру
Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.
Алақанды ашайық,
Күн нұрын салайық. Жүрек жылуын салайық.
Сәлеметсіздер ме, балалар?Мен сендерді бүгін «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.«Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме? Поезбен бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен: Гу — гу, гу — гу гуілде,қалып қойма біріңде.
Қане, балалар, тоқтайық. Пыш — ш — ш.
— Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. — Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:Сен қандай пішінсің?
Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.
Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?
Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
Дөңгелек:
— Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.
Дөңгелектің бұрышы бар ма? Пішіннің түсі қандай?
Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні»
Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көңілденіп біз енді,
Бой сергітіп алайық.
Д/О: «Ойыншықтардың үйін табу»
Шарты: — Мына жерде биік және аласа үй бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою керек.
Пішіндерден үй құрастырады.Үй қандай пішіндерден тұрады?.
Машина қандай пішіндерден тұрады?
Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. «Сиқырлы пішіндер» әлемімен
қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.
Пыш — пыш, пыш — пыш біз кеттік,
Қалып қойма біріңде.

Сәлеметсіз бе?

— Иә.

Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.
Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.
Рефлексивті — түзетушілік Бүгін біз қандай пішіндермен таныстық?Үшбұрыштың неше қабырғасы, бұрышы бар, пішіннің түсі қандай?
Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар.төртбұрышпен, үшбұрышпен таныстық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *