Кітапханаға саяхат

    «Кітапхана» саяхаты

2020 жылдың 5-ші қазанында «Қарлығаш» ересек топтары балаларымен мектеп ішіндегі    кітапханаға саяхат жасадық.

Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.

      Бүлдіршіндерге ең бірінші кітапхана, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны,

кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы толық мағлұматтар берілді. «Кітап-білім бұлағы. Кітап-білімнің қайнар көзі» екені барынша түсіндірілді. Сондай-ақ іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына ертегі кітаптар, сөйлейтін кітаптар және де тағы да басқа көркем суреттелген иллюстарциялы кітаптар ұсынылды.

     

Кітап әлемінің табалдырығын аттаған-ақ бізді кітапханашы Әния  апай құшақ жая қарсы алып, кітапхананы  аралатты. Балалар кітапханашы апайды еліміздің тарихы туралы, ұлы тұлғалары және балаларға арналған әдебиеттер туралы әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Балақайлар өздерін қызықтырған сұрақтарға тағылымды жауаптар алды. Кітапханашы балаларға келушілердің тіркелу орнын, кітапханаға оқырман құжатын көрсетіп қана өтуге болатынын ұғындырды. Олар кітапхананың оқу залдарында өздерін қалай ұстау керектігін, кітапты қалай пайдалану керек екенін білді.

Әния апай балаларға  кітапқа деген құштарлығын оята білді. Адамға рухани байлық беретін кітап екенін балалар түсінді. Сонымен қатар Әния апай өзі дайындаған «Балаларға базарлық» атты ертегілер жинағымен таныстырды.

Кітапханашы: Кітапты шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз оны қалай ұстауымыз қажет?

Тәрбиеші: Кітапты жыртпай кірлетпей , бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.

Балаларға кітапхана өте қатты ұнады және кітапханашы апайдың көрсетіп, оқыған кітаптары қатты қызықты болды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *