《Жетісу》 газетінің тарихи жолы

《Жетісу》 газетінің тарихи жолы
Тарихқа үңіле қарайтын болсақ, қазақ баспасөзінің тарихында көптеген газет басылымдары болғаны,бәрімізге мәлім.Ал сол басылымдарының бірі-Жетісу газеті.
Жетісу газетінің басылымының бастау жолы,газеттің алғашқы атауы,редакторы, жалпы газеттің тарихы жолы қандай және қалай болды,соны түбегейлі тарихын түсіне алуымыз керек.
Жетісу газеті басылымның бастау жолы XIX-ғасырда басталады.
Газетті Көпшілдер (большевиктер) партиясына қарасты Жетісу кеңесінің төңкерісшіл органы– «Жетісу ісші халық мұхбыры» газеті атауымен аталады.Ал газеттің алғашқы саны 1918 жылы 21 маусымда шығады. Редакторы-Сабыржан Шәкіржанов.
Газеттің алғашқы саны партияның жарғыларын, әскери биліктің үкімдерін басты. Ой салатын, қоғамдық тәртіпті қаузайтын мазмұнды мақалалар мұнда мүлде кездеспеді. Себебі, аласапыран заманда билік халыққа нақты саяси қадам мен соғыс жағдайындағы кейбір әскери операцияларды ғана таныстырып отыруға шамасы жетті. Дегенмен, газеттің өзі бір күндік болғанымен, сөзі – мың күндік. Қазақ, өзбек және қырғыз ұлтының оқығандары бас қосқан Жетісу облыстық әскери комитеті басылымды өзбек, қырғыз және қазақ тілімен аралас басып шығарды. Оқыған үш ұлттың өкілдері де газеттегі мақала мен жарғыларды оп-оңай түсінді. Газеттің алғашқы санында «Жер-су комитетін құру туралы міндеттер» деген мақала басылды. Онда облыстық атқару комитетінің жаңадан шығарған қаулылары басылып, соңында «жер – халықтыкы» деген ортақ түйін жасайды. Ізінше, «Жетісу ісші халық мұхбыры» келесі санына Түркістан кеңестік республикасының ережелерін жариялайды. Күннен-күнге мерзімді басылымның аясы кеңейіп, жаңа билікті жұрт арасында насихаттауда үлкен еңбек сіңіреді. Жетісу жұмысшыларының хабаршысы «ақтар» мен «қызылдардың» қырқысқа түскен әскери операцияларын үзбей басып отырды. Басылым қызылдардың жеңісін ұрандата жариялап, ел ішінде кеңестік биліктің жылдам орнауына ат салысты. Халық көкпарға түскен ұлттық мүддесін газет бетінен тапты. Елге жаны ашыған басылым еңбекшілердің ерен жеңісін насихаттап, бейбітшілікке даңғыл жол салып берді. Облыстық баспасөз комитеті азамат соғысы жылдарында жаңа газеттің мазмұнды әрі айна-қатесіз таза шығуына жауапты етіп Сабыржан Шәкіржанды тағайындады. Сабыржаннан бөлек газет басшылығында С. Ғаббасов есімді белгілі қаламгер жүрді. Екеуі де ел ішінде кеңінен танылған, қолынан қаламы түспеген, сөз тізгінін берік ұстаған асыл азаматтар болатын. Журналист мамандар тапшы болса да, газет тоқтап қалмады. Аласапыран дәуірде тарыдай шашыраған қазақтың бірігуіне, жаңа билікке бой үйретуіне, қынадай қырылып кетпей, ұрпағын аман сақтап қалуына жетісулық газет көп көмектесті.
Газет басылымының нөмерлерінде ақтар мен қызылдардың соғысы туралы мәліметтер жарияланып отырған болатын.Газеттің бір нөмерінде-біздерге азамат соғысында атақты «Черкасск қорғанысына» қатысушылардың ерлік істері аян. Солтүстік майданның бөлімдері Лепсі уезінен оңтүстік жаққа қарай аттанып кеткен кезде бірқатар селолар мен ауылдардың еңбекшілері қорғаныс ауданын құрды. Сөйтіп, жауынгерлерінің саны 5 мыңға жеткен «Черкасск қорғанысына» қатысушылар бір жылдан аса-1918 жылдың тамыз айынан 1919 жылдың 14 қазанына дейінгі уақыттың ішінде күші мен сан жағынан көп басым атаман Анненковтың ақ гвардияшыларының шабылуына төтеп береді- деп жазылған. «Мұхбір» газетінде черкасшылардың осындай ерлік істері жайында хабарлар жиі басылып тұрды. Сөйтіп, «Жетісу ісші халық мұхбірі» және кейін осы басылымның орнына дербес қазақ газеті атанып шыққан «Көмек» те Қазақстанда, оның ішінде Жетісу өңірінде болып жатқан азамат соғысының барысы жайында егжей-тегжейлі жазып, оқырмандарын хабардар етіп отырған. Енді газеттің жайына қайтып келетін болсақ, онда С. Шәкіржановтың айтуынша, бастапқы кезеңде газеттің тілі татар тіліне ұқсастау еді. Өйткені, редколлегияда қазақ болмаған. Кейін әріп теруші мен редколлегияның екі мүшесі қазақ болды. Ақыры газет таза қазақ тілінде шыға бастады.
Бұл газет жетісудағы қазақ халқына сонымен бірге ұйғыр, дүнген, татар, өзбек еңбекшілеріне, кеңес өкіметінің мәні мен маңызын насихаттап, оларды жаңа өмір құру жолындағы күреске шақырды. Сөйтіп, Жетісудағы тұңғыш қазақ газеті «Мұхбірдің» 41-нөмірі шығып, тоқтатылды. Себебі, Жетісу облыстық ұлт істері бөлімі 1918 жылы 3-желтоқсанда «Мұхбірдің» орнына дербес қазақ газеті шығарылып, оның аты «Көмек» деп аталсын, газет аптасына екі рет шығатын болсын, ал газеттің алғашқы нөмірі 1500 дана болып басылып, халыққа тегін таралсын» деген қаулы қабылданды.

Қорытындылай келе,Жетісу газеті басылымының тарихында газетті сақтап қалуы үшін,яғни осы біздің күнге дейін жеткізу үшін,басылымның жиі атын ауыстырып отырғанын байқауға болады.Сонымен басылымның тарихы жолы осылай басталғанын түсініпте,білмекте қажет.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультетінің

1 курс студенті

Ынтықбаев Рақым

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *