Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

ЦИКЛОГРАММА

 ІІ апта  4 — 8 қараша

Ересек «Құлпынай» тобы

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Тақырыпша: «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»

Күн тәртібі Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма
Балаларды қабылдау Тәрбиешінің балаларды қабылдауы. Балалардың дене қызуын өлшеп, битшеңдікті, дене тазалығын тексеруіп қабылдау. Көңіл -күйлеріне назар аударып, жағымды жағдай орнату.
Ата – аналар-мен әңгімелесу Ата-аналармен пікірлесу; отбасында баланың өсуі мен дамуы үшін жағдай жасалуы жайлы әңгімелесу. Балалардың тазалығына мән берулерін ескерту.
Ойындар (педа-гог жетекшілігі

мен, құрылым-далған, еркін )

Құрылымдалған ойын:

«Бауда ма, бақта ма?»

Мақсаты: жемістер мен  көкөністерді  ажыратады.

Еркін ойын: «Қайсысы артық?»

 

Еркін ойын: «Жеміс пен  көкөніс» пазл құрастыру.

 

Құрылымдалған ойын:

«Күн тәртібі»

Мақсаты: Күн тәртібіі туралы білімдері қалыптасады.

Еркін ойын: «Ғажайып қалташа»

 

Таңертеңгі гимнастика Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар №5 кешені.
Таңғы асқа да-йындық.Таңғы ас Өз – өзіне қызмет ету дағдысы қалыптасады, кезекшілік дағдыларын  меңгереді.

 

Ұйымдас-тырылған оқу қызметіне дайындық Құрылымдалған ойын:  Тіл  ұстарту жат-уы:

Өс- өс- өс,

Тігіп  алдым  қос,

Екіге  екіні  қос.

Көңілде  жоқ қос.

Өс-өс-өс.

Өнегелі  болып  өс.

Ұқыпты  боп өс.

Ағаш  тез- тез өс.

Мақсаты: Дыбыстық мәдениеті дамиды.

Еркін ойын: «Салат»

Сәбізді  алып  тазалаймыз,

Үккішпен  үгіп  майдалаймыз,

Қаныттай  сеуіп  дәмдейміз,

Қаймақ  құйып  сәндейміз,

Міне  дайын  нәр  тағам,

Дәруменге  байыған.

 

Құрылымдалған ойын:  «Сергіту сәті»

Көшеде  дұрыс жүреміз, (қол ұстасып, айнала жүру)

Бірге ойнаймыз, күлеміз. (бір-біріне қарап, күлу) Бірге балық аулаймыз, (қолдарын алға созу) Міне, біздер қандаймыз! (қолдарын жоғары созу) Бөлінбейді іргеміз,

Мақсаты: Өлең мазмұ-нына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Еркін ойын: «Салат»

Сәбізді  алып  тазалаймыз,

Үккішпен  үгіп  майдалаймыз,

Қаныттай  сеуіп  дәмдейміз,

Қаймақ  құйып  сәндейміз,

Міне  дайын  нәр  тағам,

Дәруменге  байыған.

 

Құрылымдалған ойын:

«Сиқырлы дорба»

Мақсаты: Сипап сезу арқылы көкөністер мен жемістерді табады.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері 1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі

Мақсаты:

Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін құрметтейді.

Білімділік: Балалардың шағын ертегілерді айтып беру дағдылары қалыпта-сады. Үлгі бойынша  мазмұндауды үйренеді.

Дамытушылық:   Диалогтік сөйлеудің негіз-гі формасын меңгереді. Коммуникативтілігі дамиды.

Әдіс-тәсілдер:  Ширату, педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын, құрылымдалған ойын,

ашық сұрақтар, бала үні, сыни ойлау, миға шабуыл, уәждеу, диалог, тікелей бақылау, саралау, қолдау көрсету, кері байланыс.

Ресурстар: Сюжетті суреттер, кеспе суреттер, мнемокесте, ойыншық көкөністер мен жемістер.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын:

«Кім не жейді?»

Мақсаты: Аңдар мен құстардың немен қоректенетінін ажыратады.

Құрылымдалған ойын: «Бұл не?»

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді дәмінен ажыратады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Үлгі бойынша  мазмұндауды үйренеді;

Түсінеді: Шағын ертегілерді айтып беру дағдылары қалыптасады;

Қолданады: Диалогтік сөйлеудің негізгі формасын меңгереді.

 

2. Музыка

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Астық, дәнді дақылдар мен көкөністер-дің пайдалылығын  қысқа азық дайындаудың қажеттілігін түсінді.

Білімділік: Ел ырзығының қуанышын әнмен, бимен көркемдей біледі.

Дамытушылық:  Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Музыка тыңдау:  Осенний вальс. Чайковский

Ән айту: «Күзге сәлем» А.Еспенбетова

 Әуенді ырғақты қимыл: «Тәтті тосап»  биі Тақырыпқа байланысты суреттер, СД – дискілер. Ойын ойнау: «Айгөлек» ойыны

 

1.Жаратылыстану

Тақырыбы: «Дәрумендер еліне саяхат»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Дәрумендер пайдасы туралы түсінік қалыптасады.

Білімділік: Жемістер мен көкөністердің 4-5 түрін  біледі. Оларды ажыратады және  денсаулыққа пайдасын түсінеді.

Дамытушылық:   көкөністер мен жемістердің өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты таниды. Сыни ойлай алады.

Әдіс-тәсілдер: Ширату, педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Атын ата», құрылымдалған ойын:  «Жанды-жансыз», ашық сұрақтар, бала үні, кері байланыс.

Ресурстар: Тақырыпқа байланысты дәрумендердің суреттері, кеспе суреттер, ғажайып қорапша,

Құрылымдалған ойын:

«Пайдалы және зиянды тағамдар»

Мақсаты: Пайдалы және зиянды тағамдардың ерекшеліктерін ажыратады.

Құрылымдалған ойын: «Не артық?»

Мақсаты: Дәрумендері ажыратады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер туралы  түсініктері  қалыптасады;

Түсінеді: Табиғатта  өзін ұстауды ережелерін біледі;

Қолданады: Табиғаттағы ауа-райы жайын табиғат күнтізбесінде белгілейді.

 

2. Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Қатарға бір-бірден сапқа тұрады.

2. Қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады.

3. 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді. 20-25см.биіктікке секіру.

Қ/ойын: «Жемістерді жина»

 

1. Жапсыру

Тақырыбы: «Жеміс-жидекке арналған себет» (заттық)

Мақсаты:

Тәрбиелік: Адамдаргершілік нормаларды  бағалайды.

Білімділік: Ересектердің көмегімен оригами тәсілі арқылы қағазды бүктеп, жеміс – жидектерге арналған себет жасап желімдейді. Дамытушылық:   Қайшына дұрыс ұстап, пайдалана біледі. Командада жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер: Ширату, педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын, ашық сұрақтар, бала үні, сыни ойлау, миға шабуыл, уәждеу, өнім арқылы саралау, сенім білдіру, кері байланыс.

Ресурстар: Суреттер, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, тақтайша, сулық, ойыншық көкөністер мен жемістер.

Құрылымдалған ойын: «Жемістер мен көкөністер»

Мақсаты: Күз мезгілі-нің ерекшеліктерін ажыратады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Ересектердің көмегімен төртбұрыш, сопақшадан  қағазды бүктеуді біледі;

Түсінеді: Үлгіге қарап жапырақтарды  қиып желімдейді;

Қолданады: Қайшыны ұстау ережелерін қолданады.

 

2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады.

2. 20-25см.биіктікке секіреді.

3. Құрсаудан еңбектеп өтеді.

Қ/ойын: «Шарды ұста»

Әдіс-тәсіл: ойын технологиясы, көрсету, түсіндіру.

Көрнекілік: Гимнастикалық скамейка.Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сапқа тұру, құрылымын өзгертіп, қайта тұрады.

 

1. Драма                      

Тақырыбы: «Көкөністер айтысы» ертегісі

Мақсаты:

Тәрбиелік:  Құрдастарымен достық қарым-қатынасты меңгереді.

Білімділік: Таныс ертегілерді драмалау барысында дауыс күшін өзгертіп, түрлі интонацияда дыбыстайды.

Дамытушылық:   Сөйлеудің негізгі формасын меңгереді, яғни 2-3 сөйлеммен өз ойын жеткізе алады. Бала үні тыңдалады.

Әдіс-тәсіл: Ширату, ашық сұрақтар, бала үні, сыни ойлау, коммуникативтілік.

Ресурстар: Көкөністердің  суреттері, атрибуттары, ойыншық көкөністер мен жемістер.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кімнен кейін кім?

Мақсаты: Математикалық дағдылары қалыптасады.

Құрылымдалған ойын: «Көкөністер мен жемістерді тап!»

Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажыратады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Ертегіні интонациямен дыбыстайды;

Түсінеді: Сахналау барысында кейіпкердің бейнесіне еніп, мінез-құлқын келтіреді;

Қолданады: Ертегі желісін ретімен орындайды.

 

2.Математика негіздері

Тақырыбы: «3 санымен танысу және кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Кеңістікті бағдарлауды меңгереді.

Білімділік: 3 санының таңбасымен танысады.

Заттарды оңнан солға қарай орналастыра алады. Кеңістікті бағдарлайды.

Дамытушылық:  Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптасады. Сыни ойлай алады.

Әдіс-тәсіл: Ширату, педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: құрылымдалған ойын:  ашық сұрақтар, бала үні, сыни ойлау, бақылау, саралау, кері байланыс.

Ресурстар: 3 санының таңбасы, тақырыпқа байланысты кеспе суреттер,

Педагог  жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кім зейінді?»

Мақсаты: Математика-лық ұғымдары қалыптасады.

Құрылымдалған ойын: «Қанша жеміс көріп тұрсың?»

Мақсаты: Математика-лық ұғымдары қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: 1 саны туралы біледі;

Түсінеді: Цифрды заттың санымен сәйкестендіреді;

Қолданады: Үлгіні пайдалана отырып  1 санын салуды үйренеді.

 

3.Музыка

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Астық, дәнді дақылдар мен көкөністер-дің пайдалылығын  қысқа азық дайындаудың қажеттілігін түсінді.

Білімділік: Ел ырзығының қуанышын әнмен, бимен көркемдей біледі.

Дамытушылық:  Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Музыка тыңдау:  Осенний вальс. Чайковский

Ән айту: «Күзге сәлем» А.Еспенбетова

 Әуенді ырғақты қимыл: «Тәтті тосап»  биі Тақырыпқа байланысты суреттер, СД – дискілер. Ойын ойнау: «Айгөлек» ойыны

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: мәтінге сай қимылдар жасайды.

1.Құрастыру

Тақырыбы: «Жеміс-жидекке арналған себеттер» (қағаздан құрастыру)

Мақсаты:

Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін бағалайды..

Білімділік: Қағаздан  пішіндерді өре отырып, жеміс — жидектерге арналған себетті жасайды.

Дамытушылық:   Құрастыру, командада жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Қызығушы-лықтары артады.

Әдіс-тәсіл: Ширату, педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: құрылымдалған ойын:  ашық сұрақтар, бала үні, сыни ойлау, бақылау, саралау, кері байланыс

Ресурстар: Түрлі-түсті картон қағаздар, тақырып-қа байланысты суреттер, көкөністер мен жемістер-дің суреттері, ойыншық көкөністер мен жемістер.

Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Ащы, тұщы»

Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді дәміне қарай ажыратады.

Құрылымдалған ойын: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажыратады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: 1 саны туралы біледі;

Түсінеді: Цифрды заттың санымен сәйкестендіреді;

Қолданады: Үлгіні пайдалана отырып 1 санын салуды үйренеді.

 

2.Сурет

Тақырыбы: «Тәтті

алмалар» (заттық сурет)

Мақсаты:

Тәрбиелік:  Сурет салу техникасын меңгереді.

Білімділік: Үлгі бойынша дәстүрден тыс тәсілдермен алманың суретін салуды үйренеді. Рефлексия және кері байланыс бере алады.

Дамытушылық:   Шығармашылық ойлау, қиялдау  қабілеттері, ұсақ қол қимылдары дамиды. Командада жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер: Ширату, құрылымдалған ойын, жуан сұрақтар, бала үні, командада жұмыс, сыни ойлау, кері байланыс, бақылау, өнімді саралау, уәждеу, қолдау көрсету.

Ресурстар: Күз мезгілі туралы суреттер,

үлгі сурет, акварель бояу, сулық,

Құрылымдалған ойын:

«Сиқырлы түстер»

Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Құрылымдалған ойын: «Күз белгілерін тап!»

Мақсаты: : Күз мезгі-лінің ерекшеліктерін ажыратады.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Күзгі ағаштар мен жапырақтарды

бейнелеуді біледі;

Түсінеді: Күзгі ағаштар мен жапырақтардың ерекшеліктерін ескере отырып бояумен сурет салады;

Қолданады: Сурет салу техникасын игереді.

 

3.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Қолын жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұрады.

2. 50см.жоғары көтерілген арқанның астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіреді.

3. Гимнастикалық қабырғамен аралықтан аралыққа, оңға-солға ауысады.

Қ/ойын: «Киіз үйді жина»

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Оң және сол қолымен көлденеңнен нысанаға дәлдеп лақтыруды.

 

 

 

 

Серуенге дайындық Өз – өзіне қызмет көрсету дағдысы дамиды
Серуендеу Картотека №16 Картотека №17 Картотека №18 Картотека №19 Картотека №20
Серуеннен оралу.

Тазалық  шаралары

Балалар шешіну реттілігімен шешінеді, шкафтарына аяқ киімдерін ұқыпты жинайды. Педагогтың талаптарын орындайды.
Түскі асқа дайындық.Түскі ас Қолдарын сабындап жуып, өз сүлгілеріне сүртінеді. Сүлгілерін өз ұяшықтарына іледі. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, асты аз-аздан алып, шусыз шайнауды үйренеді, ас құралдарын қолдану дағдыларын сақтайды. Тамақтану әдебін сақтайды.
Тазалық шаралары. Күндізгі ұйқыға дайындық.Ұйқыға жатқызу. Әжетхана әдептілігін сақтайды, қолдарын, беттерін жуынады. Өз сүлгілеріне сүртініп, сүлгілерін өз ұяшықтарына іледі. Шешіну реттілігімен шешініп, орындық басына киімдерін ұқыпты жинайды.
Түскі ұйқы Балалар жағымды әуен « Бесік жыры» тыңдап, тыныш ұйықтайды.

Ертегі тыңдап ұйықтайды.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында массажды кілемшеде жүреді. Ұйқы ашар жаттығуы №8 кешен Сулы кілемшелердің үстімен жүреді. Бетті, қолды шынтаққа дейін жылы суда жуады. Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында массажды кілемшеде жүреді.
Бесін асқа дайындық.Бесін ас. Әдептілік сақтап әжетханаға барады, қолдарын, беттерін сабындап жуып, өз сүлгілеріне сүртінеді. Өз тарақтарымен шаштарын тарайды. Ұқыпты тамақтану дағдыларын сақтап асты аз-аздан тістеп алып, шусыз шайнауды үйренеді.
Дербес әрекет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың жеке даму картасына сәйкес  жеке жұмыс

Саусақ жаттығуы:

«Қонаққа  барамыз»

Басбармақтың  үйіне,

Келді  бүгін   қонақтар,

Бес  саусағың  біріксе,

Текке  кетпес  уақытың,

Барлық  саусақ – тату дос,

Бір – біріңе көмектес.

Мақсаты: Зейіндері дамиды.

 3.Вариативтік  бөлім:                                                                  

 «Өнерлі екен он саусақ»

Тақырыбы: «Досыма сыйлық» (мүсіндеу)

Мақсаты: Шағын көлемді кесекті есу арқылы мүсіндейді.

Ресурстар: Сюжетті суреттер, ермексаз, тақтайша, сулық.

 

3. Вариативтік бөлім 

 «Қауіпсіздік»

Тақырыбы:  «Ойнайық, аман-есен жүрейік» Мақсаты: Ауладағы, көшедегі қауіпсіздік туралы біледі. Үнемі үлкендердің бақылауында болу жайлы түсінеді.

Ресурстар: Қауіпсіздік туралы суреттер, жол ережесі белгілерінің суреттері.

Құрылымдалған ойын: «Фигураларды құрастыр»

Тапсырмалар беріледі:

1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;
2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;
3. Үй құрастыру;
4. Жалауша құрастыру;
5. Жұлдызша құрастыру.т.б.

Мақсаты: Қол қимылдарының икемділігі, көз мөлшері дамиды.

Құрылымдалған ойын: «Тазалық  бұйымдардың  атын  ата»

Мақсаты: Балаларды  тазалыққа  тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке баламен жұмыс:

Шығармашылық саласы бойынша Бексұлтан,  Әлішер,  Жанболат, Қорлан музыканы тыңдау дағдысын меңгерген. Мақсаты: музыканы тыңдау дағдысы қалыптасады.

Жеке баламен жұмыс:

Қатынас саласы бойынша Әділет,  Асель, Каусар, Нұркелді суреттер бойын-ша таныс шығармаларды

атайды;

Мақсаты: Ойлау қабілеттері дамиды.

Жеке баламен жұмыс:

Денсаулық саласы бойынша Жансұлу, Санжар, Нұрислам,

Нұржан және денені жалпы дамытушы

жаттығуларды орындайды.

Мақсаты: Қимылдары дамиды.

Жеке баламен жұмыс:

Әлеумет саласы бойынша Айзия, Абдрахман, Айжан, Алуа айналасындағы заттардың

міндеттерін біледі

Мақсаты: Заттардың

міндеттерін біледі

Жеке баламен жұмыс:

Таным саласы бойынша

Бахадур, Нариман, Айзере, Нұрдаулет  құрылыс материалда-рының бөліктерін  біледі, оларды түрлі тәсілдермен орналастырады.

Мақсаты: құрылыс материалдарының бөліктерін ажыратады.

Серуенге дайындық Балалар киіну реттілігін сақтайды, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлайды, киіміндегі олқылықтарды жөндейді.
Серуен Серуеннен оралу. Тазалық шаралары Балабақша ауласында серуен.

Балалар киімдерін ұқыпты шешеді, шкафтарына киімдерін ұқыпты жинайды.

Балаларды бақылау

Кешкі асқа да-йындық. Кешкі ас Әдептілік сақтап әжетханаға барады, қолдарын сабындап жуып, өз сүлгілеріне сүртінеді. Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын дұрыс қолдануды  сақтайды. Тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз шайнауды үйренуді жалғастырады.
Ойындар. Өзіндік іс- әрекеттер. Балалар -дың үйге қайтуы

Ата-анамен жұмыс

Еркін ойын: «Жеміс  пен  көкөністі  ажырат»

 

 

Еркін ойын: «Тазалық  бұйымдардың  атын  ата»

 

 

Саусақ жаттығуы:

«Қонаққа  барамыз»

Басбармақтың  үйіне,

Келді  бүгін   қонақтар,

Бес  саусағың  біріксе,

Текке  кетпес  уақытың,

Барлық  саусақ – тату дос,

Бір – біріңе көмектес.

Мақсаты: Зейіндері дамиды.

Құрылымдалған ойын:  «Өз   таңдауыңды  айт»

Мақсаты: Дұрыс  тамақтануды, тамақты  дұрыс  таңдай  біледі.

Еркін ойын: «Жеміс  пен  көкөністі  ажырат»

 

.

«Баланың дамуындағы ойынның маңызы» атты балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның маңызы туралы кеңес беру. Күз мезгіліне арналған ертеңгілік туралы ескертпелер.

 

 

Әдіскер ескертулері: _____________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________

 

Тәрбиеші: Баймаханова Кемал Алшыновна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *