Өмірімдегі маңызды таңдауым

 

Мен Қазақ Ұлттық университетінің Ақпараттық Технологиялар факультетінде оқимын. Дәл осы мамандыққа түсуді
армандадым және болашақта өмірімді байланыстырғым келеді. Менің университетім қаланың
басты жоғары оқу орны және әлемдегі ең ірі университеттердің бірі, тарихы молынан жайылған университет болып саналады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бай дәстүрі бар, оқу-ғылыми қызметте көп жылдық тәжірибесі бар университет.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстан Республикасы жоғары білім беру жүйесінің жетекші оқу орны, бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растайтын оқу орны.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жетекші ұлттық университет. QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ ат. әл-Фараби 2016 жылы әлемнің үздік 250 университетінің қатарына енді.
Енді мен өзім жайлы және қалай осы университетке түскенім жайлы айта кетейін.
Мен Ертай Марлен Кентау қаласының тумасы. Астана қаласының 2022-2023 түлектерінің бірімін. Отбасымның тұнғыш ұлы, тұнғыш немересімін және олар үшін менің болашағым маңызды болды. Осы университетке түсуімнің бірден бір себепкері болған сол кісілер деп білемін. Ұлттық бірінғай тестінен 102балл алып, осы университет грантына іліндім. Гранттың арқасында мен білім мен дағдыларымды кеңейте отырып, университеттің кең ауқымды ресурстарын пайдалып жатырмын. Осылайша, менің университетке грантпен түсуіп оқуым және өмірлік тарихымның маңызды кезеңі болды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *