Өзгеріс маған не берді?

Алибекова Зарина Мамеджановна

Мен,Алибекова Зарина Мамеджановна Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жас қанат ықшам ауданында орналасқан «№198 жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі типтік  жобада салынған оқу орнында 2015 жылдан бастап жұмыс жасаймын. Мен бұл курсқа келгенге дейін қандай мұғалім едім? Күнделікті сабағымды дайындаймын, дәптер тексеремін, сабағымды беремін, басқа да жұмыстарымды жасап болған соң теледидар көремін, кітап оқимын, көптеген интернет желілерде отырамын менің басты міндетім осы деп ойладым. Көп ретте сыртқы дүниемен араласпаймын, өзіме қажеттіні ғана керек деп ойлаймын, өзгеге қажеттіні ойламаппын. Бұл курсқа келмес бұрын менде бұл курс маған не береді, қажеті қаншалықты, не үшін оқу керек, өзгерістің тиімділігі қандай деген кері пікірде болғаным рас.«Өзгелерді үйрете жүріп, өзімізде үйренеміз»-дегендей алдымен бұл курста жан-жақты білім алып пікірімнің өзгергені менің өзімді де таңқалдырды. Қазақстан Республикасының  басшыларының біліктілігін арттыру  тоғыз айлық  курстарының бағдарламасы басшының көшбасшылығына, мұғалімнің оқыту үдерісіне, оқушыға, тіпті мұғалімнің өзінің рөлі мен көзқарасының түбегейлі өзгеруіне  бағытталған деген пікір қалыптастырдым.Өмірде болып жатқан іс әрекеттердің барлығына кері байланыс жасаумен қатар сын тұрғысынан ойлайда білу керектігі менің жұмысыма ғана емес өміріме де өзгерістер енгізгенін мойындамасқа болмас.«Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім».

Білімге сыни тұрғыда қарау, талдау арқылы менің ішкі әлемім өзгеріске ұшырап жатыр. Бірінші күнгі курстағы көзқарасым бүгінгі күні мүлдем өзгерген сияқты. Мен өз пәніме және әдіс- тәсілдерге басқаша көзқараспен қарап, оны іске асыру үшін ұжымымның білім берудегі санасын жақсы жаққа өзгерте отырып, менде көп күш жігер болу керектігін және өзімнің өзгеру қажет екендігін ұғындым. Қазіргі таңда бұл курстан  үйренгенім көп, алдағы уақытта әлі де үйренемін және болашақта әріптестеріме үйрететін боламын.

«Егер болашақтың өзгеруін қаласаң, өзің қазіргі сәттің өзгерісі бол»-дегендей мен өзіме сыни көзқараспен қарай отырып бойымдағы қасиеттерді жеңе білгендіктен өз-өзіме деген сенім қалыптасты. Менің өзгеруге толық мүмкін­дігім бар екенін түсіндім. Өзім ғана өзгеріп қоймаймын, айналамдағы әріптес­терімнің өзгеруіне де, мектепке де өзгеріс енгізуге дайынмын.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *