«Әр істе мән бар…»

 «Ішіп-жеп, ұйықтап-ояну өмірдің негізгі мәні бола алмайды.» Лев Толстой.     

 

Бұл ғаламға келген әр адамның биік мақсат, мұраты осынау дүниенің мәнін іздеуге, соны ұғынуға көмектесері анық. Дәлірек айтқанда,өмірдің мәнін білмеген адамда биік арман-мақсат болмайды. Ал «Өмірдің мәні не?» «Адамзаттың осы өмірге келгендегі парызы не?», » Адамға тіршіліктің керегі не? » деген секілді сұрақтар өзімізге жиі келіп, ойландырып жатады. Бұл сұрақтардың жауабын білу үшін алдымен адам баласының мақсатының, арманының мәнін ашып алсақ.

Адам баласы көбінесе қарабасының қамын ойлап, «ел ішпегенді ішсем, жұрт кимегенді кисем, шалқып өмір сүрсем» дейді, осыны арман мақсат қылып, тыраштанады. Бірақ бұның барлығы бос дүние, себебі адамзат бұндай арманға жетседе, бақытты бола алмайды.

Ал егерде дұрыс ниет етіп биік мақсат пен мұратқа жетіп, өмірдегі өз пайдаңды халқыңа, жақындарыңа, отбасыңа арнасаң сенен артық өмірдің мәнін ұғып, бақытты болған адам болмас еді. Тіптен өмірдегі парызыңды өтей алар едің. Сондықтан ізгі істі мұрат етсең бәрі жақсы болары хақ. Міне аталған сұрақтарға бір ғана жауап: арман-мақсатты дұрыс ниетпен қойған жөн, яки дұрыс ниет- еліме адал қызмет етсем, халқыма пайдам тисе, жақындарымды қуантсам деу екендігін ұмытпа.

Әлихан Бөкейхан атамыз: «хан баласында қазақтың хақысы бар, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп айтқанындай адамдық борышың-халқыңа еңбек қылу. Сол себептен әр істе мән бар! Оны іздеңіз! Ұғыныңыз! Дұрыс ниетте болыңыз!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *