Әлемді жаулаған әлеуметтік желі

Әлеуметтік желі— бүгінгі таңда кең тараған, тіпті әлемді жаулаған байланысу түрі. Қазіргі таңда адамдар TikTok, Instagram, WhatsApp, Facebook секілді әлеуметтік желілерсіз өмірін елестете алмайды. Пайдалы тұсын тиімді пайдаланғанымызбен, әйгілі әлеуметтік желінің “әлемді жаулауы” көз жұмып қарауға болмайтын қауіптілік.
Егер үңіліп қарайтын болсақ, әлеуметтік желілер біздің өмірімізді жеңілдетіп, өте көп мүмкіндіктерге жол ашады. Мысалы, кез келген адаммен шұғыл түрде байланысу қажет болғанда, оқушыларға сабаққа қажетті ақпаратты табуға немесе жәй ғана қызықты мәліметтерді алу үшін әлеуметтік желі көмекке келеді. Қоғаммен, қоршаған ортамен тығыз байланыста болуды қамтамасыз етеді.
Бірақ соған қарамастан біз әлеуметтік желінің зияны жайлы ойлап көрдік пе? Әлеуметтік желінің “әлемді жаулауының” себебі неде? Мұндай тәуелділіктің соңы не болмақ? Оны қалай тоқтата аламыз? Осы бір көкейтесті сауалдарға жауап іздейік.
Әлеуметтік желінің пайдасы айтты, айтпа, недегенмен, біз зиянды тұсын мүлдем елемейміз. Қазірға қоғам шындығын мойындар болсақ, не жас, не кәрі демей әлеуметтік желіге деген қызығушылық пен тәуелділік бәріміздің бойымызды жаулап алған. Жасөспірімдер мен орта буын өкілдерінің көп пайызды тәуелділігіне көз жұма қараған күннің өзінде, былдырлаған бүлдіршінге дейін Youtube желісінен балаларға арналған бейнетаспаны көрмесе мазасыщданып кетеді. Нағыз тығыз байланыс пен көңіл бөлу қажет сәтте баланың қолына ұялы телефонды ұстатып, жауапкершілікпен қарай алмаймыз. Санап айтсақ, бұл қауіптіліктің тек бастамасы ғана екенін ұғынамыз.
Екіншіден, жасөспірімдер арасындағы тәуелділік. Бәрімізде мәлім, жасөспірімдер жеке тұлға болып қалыптасу кезеңін бастарынан өткереді. Міне, осы сәтте балаға кез келген зат қызықты болып көрінеді. Бірақ, осы жерде тағы да үлкен қателікті байқаймыз. Әлеуметтік желідегі ақпараттың цензураланбауы және адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін сайттардың қатал қадағаланбай, өріп жүруі. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын бүкіл халықты дүр сілкіндірген “Синий кит” сайты. Қызығушылықпен байқап көрмек болған қаншама адамның өмірі қыршыннан қиылды. Ақыр соңында ойынмен қоштаспақ болғандар өмірмен де қош айтысып жатты. Бұл мәселе тез арада өз шешімін табуы қажет.
Осының барлығын қорытындылай келе, мен әлеуметтік желіге деген шектен тыс тәуелділікке қарсылық білдіре отырып, орынды қолдануды ұсынамын. Ол ең алдымен, өзімізге, содан соң қоғамға, қоршаған ортамызға зиян екенін ұғынайық. Әлемге әйгілі Әлеуметтік желінің “әлемді жаулауына” жол бермейік! Мен бұл мәселені шеше алатынымызға кәміл сенемін!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *