“Әйел энергиясы” форумы

Алматыда алғаш рет әйелдерге арналған форум өткізілді.

   

17 қыркүйек 2023 жылы сағат 13:00 мен 20:00 аралығанда Алматы қаласында “Бақшасарайда” Айгүл Байдаулетова ұйымдастырған “әйел энергиясы” форумы өткізілді.

“Әйел энергиясы” форумында табысты, іскер әйелдер өзін-өзі дамыту, қаржыны дұрыс басқару, бизнес бастау мен жеке өмірге қатысты сырларымен, пайдалы кеңестерімен бөлісті. Форумда 6 спикер болды.

Форум спикерлері: 1) Байдаулетова Айгүл.

Форум ұйымдастырушысы әрі авторы, кәсіпкер әйел. Форумда “Өмірдің ащысы мен тұщысын қалай жеңеміз?” Тақырыбында әңгіме қозғады.

  1. Ләйлә Сұлтанқызы. Медиа-менеджер, қоғам қайраткері, “LS-MEDIA” негізін қалаушы. Ләйлә Сұлтанқызы форумда әйелдерге олардың құндылықтары жайында өз кеңестерімен бөлісті.
  2. Жұлдыз Абдукаримова “Әйел ханшайымы — 2020”, “Сезін” кітабының авторы, 4 баланың анасы. Жұлдыз қатысушыларды өз нәзіктігімен тамсандырып, әйел нәзіктігі тақырыбында сөйледі.
  3. Лаура Лесбек блогер, эксперт, кәсіпкер. 22 жасында өз өмірі туралы кино түсірген жас продюсер. Форумдағы тақырыбы: “Проявление дегеніміз не? Ішіндегі тұншыққан әйелдің потенциалын ашып, нақты тұлғаны қалай қалыптастыруға болады?”.
  4. Динара Сатжан. Журналист, тележүргізуші, медиалық тұлға кәсіпкер. Форумда жеке бренд қалыптастырудың маңызы жайында сөйледі.
  5. Айгүл Ерубаева. Кәсіпкер, мотиватор, ментор, блогер, қытаймен сауда жасау эксперті. Айгүл форумда 1 жылда 0 ден бастап 50 млн қалай табуға бодатындығы жайында өз кеңестерімен бөлісті.

“Әйел энергиясы” форумында қатысушыларға спикерлердің сөйлегендері ұнаумен қатар, қатысушылар арасында Дубайға жолдама ойнатылып, 1 бағы жанған қатысушы Дубайға жолдама ұтып алды.

Форум тығырыққа тіреліп, депрессиядан шығудың жолын іздеп жүрген әйелдерге, өзін тұлға ретінде дамытып, рухани дамуын қолға алғысы келетін нәзік жандарға үлкен көмегін тигізді.

“Әйел энергиясы” форумы 8 сағат өткізілді. Форумда спикерлерден бөлек, әншілерде құпия қонақта болды.

Форум біткеннен кейін вип қатысушылармен спикерлермен бергі кафеде кешкі ас өтілді.

Сонымен, тек 1 күн ғана өтілген бұл форум халық көңілінен шығатындай жоғары деңгейде өткізілді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *