ҰСТАЗБЕН CҰХБАТ

ҚР білім беру ісінің үздігі, АРДАГЕР ҰСТАЗ  ЖАНАР СМАҒҰЛҚЫЗЫ СҰХБАТ

 

-Өзіңіз жайлы, еңбек өтіліңіз жайлы айтып өтсеңіз ?

Ұстаз: Еңбек өтілім1985 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік Қыздар Университетін бітірдім. Педагогика , психология  оқытушысымын. Осы салаға бүкіл өмірімді арнадым десем артық етпес. 1993  жылдан бастап, меңгеруші болып істегенмін. Әрбір жаңашылдықты қолдап отыруға, қолдануға барынша тырыстым.

-Жас мамандар туралы ой қозғасаңыз?

Ұстаз: Жас мамандар жаңа технологияға бейім, өз тарапымнан да соған бейімделуге тырысамын. Бұрынғы заманда технология, жаңа технология деген сөз болмаса да барынша қолдануға тырыстық.

-90 жылдарда қолданған технологияларыңыз жайлы не айтасыз?

Ұстаз: «Трисс» технологиясы. Ол 80 жылдан бастап, тіпті одан бұрын қолданылып келеді. Қазір жастар өте саналы, білімді, ақпараттық технологияны жақсы қолданып біледі. Енді мен 41 жыл стажыммен жастардан қалыспауға , заман талабына сай жұмыс жасауға тырысып жүрмін.

-Оқыту әдістерін одан ары жақсарту үшін қандай шаралар қолдану керек деп ойлайсыз?

Ұстаз: Материалдар көбейсе деп ойлаймын. Біздер көбіне шет елдің әдістеріне жүгінеміз. Соны жүйелеп жұмыс жасау керек. Осы менің ұсынысым. Барлығы жақсы, ақпараттық құралдар бар, жағдай жасалған, мемлекет тарапынан көп көмек көрсетіліп жатыр.

 

Рақмет!

Сұхбаттасқан: Кусаин Мөлдір

Жетекші: Рушанова Неля Берікқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *