Ұлттың күре тамыры-жер, жүрегі-тіл, тірегі-бірлік.

   Қазақ заманның кең маңдайының тақиясына тар келген заман мен қолы аузына жеткен кезеңің өзінде өзегі өшпеген мәселесі ұлты үшін аса маңызды болмақ. Қасиетті тілімізді байланыс құралы ретінде ғана емес ел болашағы үшін маңызды екенін түсінуіміз керек. Қазіргі бесіктен белі шықпаған өскелең ұрпақтың көріп отырғаны ертеңгі болашағын қалыптастырмақ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» болған кезде бармақ тістемес үшін. Әуелі тілдің маңызын түсініп, дәріптеу қашанда игі болмақ. Бабамыздан аманат болып қалған жерімізді сақтау үшін тілдің маңызы зор болмақ. Себебі біздің тарихымыз осы тіл үшін күреспен, жер үшін соғыспен өтіп бізге жеткен.

 Тілдің маңызын сезінген зиялы қауым, отаршылдыққа қарамай әділдік туын желбіретіп, талап етіп те, сұрап та көрді. Ұлттық идеялогияның маңызын білген азаматтар қара бастарын ойламады. Ұлттық мүддені сақтау қашанда бізге парыз. Бастарын бәйгеге салса да Қазақ тілінің жойылып кетпеуі үшін барын салды. Болашақ ұрпақ яки біздің білу керек нәрсемізде ерең еңбекпен келген мүддені сақтау, дәріптеу. Біз бейбіт заманда еркін меңгерген тіліміз-ұлттық тіліміз болуына аса мән беруіміз қажет. Өзге тілді тірлік үшін ғана біліп, бірлік үшін өз тіліңде еркін сайрауың керек. Мәңгілік ел болу үшін де- ұлттың тілін сақтау аса маңызды, себебі қатынас құралы болған тіл қашанда бірінші орында. Қазақша таза, дұрыс сөйлеу әлемде бар 600 ге жуық тілдің ең көп сөздігімен ерекшеленетінін ескере отырып құрметтеуіміз қажет.

  Мемлекет тарапынан Қазақ тілін әрбір азаматы білуі үшін бөлінетін ақшасы ауаға ұшпауы үшін. Қазақ тілін жетік білуді тал бесіктен үйретіп сөйлету, қызмет көрсету мекемелерде, қызметке алғанда талап етілуі тиіс. Жүрек айналтыратын қан әрбір ұрпақтың сөзінің қай тілде өрбігенін де, тарихты түсінгенінде. Болашағымызды қазірден қолға алу мемелекеттің емес әрбір тұрғыннан да мойнында.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. Ару:

    Керемет ойынды нақты жеткізіп қазіргі керек тақырыпты қозғағансын осы қалпыннан тайма👏😍

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *