«Ұлттық код негізі – ұлттық тәрбие»

Ашық сынып сағаты Мектеп: ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ
Күні: 26.02.2021. Мұғалімнің аты-жөні:  Исина Айжан Камельхановна
Сынып: 9 «В» Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

20
 
Сабақ тақырыбы «Ұлттық код негізі – ұлттық тәрбие»
Сабақ мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі туралы білімдерін терендету. Қазақ халқының адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрімен сабақтастығын түсіндіру, еліміздің кейбір салты мен ырымдарын үйрету. Ұлттық мәдениетке, халқымыздың тарихына қызығушылық, өз халқының салт-дәстүрін сақтауға, дамытуға дайын азаматты қалыптастыру. Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Адамгершілікке, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Тілдік  мақсат

 

Оқушылардың әдеби сөйлеу мәдениетін, өз ойларын еркін жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру
Құндылықтарға баулу. Құндылықтарды дарыту Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, өз елінің патриоттарын қалыптастыру, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ тілі
Сабақ барысы
Сынып сағаттың  жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

 

Ресурстар
Сабақтың басы

(2 минут)

 

 ZOOM платформасында амандасу, сабағымызға сәттілік тілеу  

 

ZOOM платформасы

Сабақтың барысы

 

 

 

 

 

 

Білу

Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор :

Жалпы түсінік қалыптастыру. Әңгімелеу, өз ойын айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіздер ме оқушылар, ашық сынып сағатымызға қонаққа келген мұғалімдер.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «ұлттық код негізі ұлттық тәрбие ». -Ұлттық код дегенді қалай түсінеміз? -Жаһандану деген не? Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды дейміз. Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қазақтың ұлттық коды деп қазақ халқының жаратылысын, табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын айқындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары бағаланатын қасиеттері, солардың сығымдалып тұжырымдалған формуласы қазақтың ұлттық болмысының сырын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын құпия кілттің тап өзі боп шығуы ғажап емес.

Дильназ: Ұлттық кодты қарапайым тілмен айтқанда «қазақи тегіміз, қазақи діліміз, қазақи санамыз бен болмысымыз» деуге болады.

Жалпы дүниеге келген әр адамның бойындағы, қанындағы қасиеттері оның шыққан тегіне, алған тәрбиесіне байланысты деп ойлаймын. Алайда оларды ары қарай бағдарлап дамыту ата-анасына, отбасына, өскен ортасына тікелей байланысты. Отанын сүйгіш, ұлтжанды ақын ағамыз М.Шахановтың сөзімен айтқанда, әр адам туған анасынан басқа да өзінің тағдырын тамырсыздықтан қалқалап, өміріне мәңгі астана болар құдіретті 4 Ананы танып-біліп, қадірлеп-қастерлегенде ғана өз ұлтының шын мәніндегі толыққанды өкілі бола алады.  Ал ұлттың ең негізгі және бірінші көрсеткіші ол – тілі. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов үлкен ескерту жасап кетті.

Осы орайда сыныбымыздың ақын қызы Арайлым Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған өлеңі бар екен. Қабыл алыңыздар!!! (Өлең оқылады)

1.    Байғазы — балалардың, жастардың жаңа киімі, қуанышты сәттерге берілетін сый
3Кәде — айтта, ойын тойда мейрамдарда берілетін сый. Той кәделері тойбастар, айттық, көрімдік, тәбәрік, жыртыс, сарқыт.

2.    Ұшықтау — тамақтан, иістен ұшынған адамды ұшықтау
 Тұсаукесер тойы — сәби жүре бастаған кезде ата –анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады. Арнайы жіп дайындап, жылдам жүретін адамға қидырады.
       2. Тілашар тойы — бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде, тілі тез шығуы үшін дәстүрлі «тілашар»тойы ырымын жасайды.
       3. Атқа мінгізу тойы — баланың буыны бекіп, ат үстінде өзін -өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді.
       4Сүндет тойы — ер балаларды 5-7 не 9 жасында сүндетке отырғызады.
       5. Тоқымқағар — бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.
 Соғым басы — қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады. қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.
       2. Жаңбыр шақыру — құрғақшылық болса өткізіледі. Бұл шарада құрбандыққа мал шалынып, 10-12 жастағы күнәсіз балалар алла Тағаладан «жауын жау, жауын жау» деген тілектер тілейді. Құрбандыққа шалынған малдың беті құбылаға қаратылып, қаны суға ағызылады.
       3. Қыз ұзату тойы — ат байлар, құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады. Түрлі ойын-сауық өткізіледі, жар-жар  айтылады. Қыз аттанарда «Сыңсу» айтады.
    4. Қыз айттыру — жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.

Балалар мен сендерді 3топқа бөліп, үйге тапсырма берген болатынмын. Ұлттық құндылықтарды, ұлттық қодты сіңдіру мақсатында тапсырма берілген болатын.

Олай болса І топқа сөз беріледі.

Санжар!Біріншіден, ұлттық код ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды. Мұны мақала авторы «Ұлттық бірегейлікті сақтау»  тарауында айтып отыр. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық  бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Едбасы айтқандай, ұлттық сал дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Арайлым мамасымен бірге бесікке бөлеу рәсімін көрсетеді.

Зейін! Бесікке байланысты ырым-тыйымдар

• Бос бесікті тербетпейді.

• Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

• Бесіктің теріс жағына отырмайды.

• Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.

• Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

Таир: Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бірімен бірі байланысып, ұштасып жатады. Осынау қасиетті үш затты қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп жіберетін болған әрі күлін де аяқасты қылмай, көміп тастаған.

Құрметті оқушылар және қонақтар біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қалған, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз қажет. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші  сергіту сәті ретінде  сіздерге қазақтың қара домбырасымен «Ата толғау» күйінен үзінді орындап берейін

Келесі сөз екінші топқа сөз беріледі.

Саят: Жаңғырған қоғамның  өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты  жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.

Ғалым: Ұлттық код, ұлттық салт-дәстұрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз.

Ботагөз мамасымен бірге тұсау кесу рәсімін  көрсетеді.

 

Еңді соңғы ІІІ топтың  қандай дәстүрді дайындап келгендігін көрейік.

Мейіржан: мен атам екеуіміз қазақтың бойына сіңіп кеткен бата беру салтын көрсеткіміз келеді. Видеоға алдын ала түсіріп алған едік. (Видео көрсетіледі.)

Оқушылар үш топтың да ата-аналарымен дайындап келген дәстүрлеріңді тамашаладық. Дәстүрден кенде емес екендеріңді көрсеттіңдер. Сендерге ризамын.

 

 

 

 

 

Оқушы сөзі

Оқушы ойы

Оқушылар дайындаған видео

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

(5  минут)

 

 

 

Дескриптор : өз ойын еркін жеткізу

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант  пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік.
“Сен де бір кірпіш  дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыз  айтқандай  балалар мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр.

Туған жеріңе, туған өлкеңе сен  қандай үлес қосар едің?

 

Мұғалімнің сабақты қорытындылауы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *