Ұйымдастырған іс-әрекеті «Ғажайып саяхат» Қазақ тілі. №9 мектепалды топ

Мақсаты: 1. Балалардың қазақ тілін оқытуға деген қызығушылығын ояту

және қолдау, әдістемелік тәсілдер мен ойындардың алуан

түрлілігімен, дәстүрлі емес тәсілдермен білімге танымдық

қызығушылық таныту.

Балалардың өзін-өзі көрсетуіне ықпал ететін ортаны ұйымдастыру;

коммуникативті қарым-қатынас мотивациясын құру. Тосын

сәттерді, балалардың қозғалыс белсенділігіне жағдай жасау, жаңа

тәсілдермен таныстыру, сол арқылы балалардың сабаққа деген

қызығушылығын, болып жатқанның бәріне қатысуға деген

ұмтылысын ояту.Балаларды белгілі тілдік материалды жаңа ойын

жағдайларына көшіруге үйрету.

«Жануарлар», «Киімдер», «Оюлар», «Түстер», «Санау тақырыптары

бойынша лексикалық және грамматикалық материалдарды

жандандыру.

2.Балалардың психологиялық қабілеттерін, есте сақтаудың барлық

түрлерін,  соның ішінде моториканы дамыту. Балалардың қазақ

тілін оқытуға деген қызығушылығын ояту және қолдау, әдістемелік

тәсілдер мен ойындардың алуан түрлілігімен, дәстүрлі емес

тәсілдермен білімге танымдық қызығушылық таныту. балалардың

психологиялық қабілеттерін, есте сақтаудың барлық түрлерін,

соның ішінде моториканы дамыту.

  1. Басқалармен, оның ішінде жануарлармен достық қарым-қатынас

мәдениетін, төзімділігін, мәдениетін тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, ойын, өлең, тақпақ, ән тындау, сөздік жұмыс,

сергіту сәті, тосын сый.

Қолданылатын көрнекіліктер: Тақырыптар бойынша демонстрациялық

материал. Ойыншық-аңдар, Боб құртақан, «Луллия»шеңберлері,

чемодан көрнекілігі, электронды ойын үлгілері, суретке қажетті

құралдар, табиғи материалдар.

 

Мұғалім: -Балалар бүгін біз ғажайып саяхатқа барамыз.

Барғыларын келе ме?

Балалар: -ия

Балалар қарандаршы мынау ненің суреті?

Балалар: — ұшақ-кілемнің суреті.

Мұғалім балалармен ұшақ -кілемге отырып ұшады.

Фонетикалық жаттығу

– Кілеміміз ұшады, бетімізді жел соғып у-у -у дыбыс шығарады.

– Міне, біз дәл бұлттың арасынан ұшып келе жатырмыз, ал кілем күшейіп келеді: «р–р–р»

-Міне біз керемет хайуанаттар бағына ұшып бара жатырмыз, кілеміміз тоқтап, «т-т-т» дейді.

 

Ұшақ ұшып жатыр, ызылдайды — [ы-ы-ы]

Ал жылан жорғалап, ысқырады — [с-с-с]

Гүлдегі ара ызылдайды — [з-з-з]

Пеш үстіндегі шәйнек ызылдайды — [ш-ш-ш]

 

-Ал, міне, біз сендермен бірге, ғажайып хайуанаттар бағына ұшып келдік. Жүріндер, онда қандай жануарлар бар екенін көрейік.

Ой бу жануарлар бізден қорқып тығылып қалыпты.

 

Ойын «Аңдарды тап» балалар хайуанаттар бағындағы тығылып қалған аңдарды бір құлағы, көзі, немесе құйрығы арқылы табады.

Балалар суреттерге қарап дене мүшелері мен бейнесі, терісінің түстері арқылы толық сөйлем айтып аңдарды табады арыстанның құйрығы, банан ұстаған маймылдын қолы, аюдың басы, пілдің кұлағы т.б осылайша балалар хайуанаттарды табады.

Жарайсындар, балалар!

Сергіту сәті

Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді

Сергіту жаттығуын орындайды.

Балалар, осы ғажайып хайуанаттар бағында Боб есімді мейірімді құртақан жұмыс істейді, өкінішке орай, оның жұмысы көп ол сендерден көмек сұрады. Жануарларды тамақтандыру керек, оған көмектесейік! Бірақ бізде барлық тәттілерге жеткілікті екенін білу үшін хайуанаттар бағында қанша жануар бар екенін және қанша көкөніс пен жеміс бар екенін санау керек.

 

(балалардан көкөністерді, жемістерді, жануарларды қайта санауды сұрау. Жеке бекіту)

«Аңдарды тамақтандыру» ойыны «Луллия»шеңберлері

— Балалар,  маған аңдарды тамақтандыруға көмектесіндерші. Міне, мен бір нәрсені ұмытып кеттім, кім не жейді, нені ұнатады, сендер маған есте сақтауға көмектесесіндер.  Аңдарды жақсы көретін тағамына қосыңдар. (Балалар айналмалы шеңберлер арқылы жануарлар жейтін тағамдардың суреттерін сәйкестендіреді)

Жарайсындар, балалар! Боб есімді құртақан сендерге рахмет айтады.

 

Балалар сендерге қандай аңдар ұнады.

«Сурет салу арқылы немесе табиғи материалдармен ұнаған аңды жасау»
(табиғи материалдармен жұмыс)

Мақсаты: қол еңбегін дамыту.
Шарты:
• Әр топқа тапсырмаларды бөліп беру;
• Қажет заттармен таныстыру;
• Электронды ойыннан үлгі көрсету;
• Тапсырманы орындауға уақыт беру;
Қажет заттар: ақ қағазға салынған жанарлар суреті, мақта, түйенің түбіті, желім.
Балалар өздеріне берілген тапсырманы орындау үшін, қажетті заттармен танысады, электронды ойыннан үлгіні көріп алады, кейін тапсырмаларын орындауға кіріседі.

Балалар, біздің сапарымыз сендерге ұнады ма? Жаңа достарымыз үшін сүйікті әнімізді айтайық!

Рефлексивті — коррекциялаушы

Қорытынды бөлім.

— Достарым, енді топқа оралатын кез келді. Сиқырлы ұшақ кілемі бізді көптен күтті, өз орындарына отырындар.

— Міне, біз топқа келдік. Енді сендер аналарыңыз бен әкелеріңізге, достарыңызға және біздің қызықты сапарымыз туралы, бүгін қайда болғанымыз және не көргеніміз туралы кез келген адамға айта аласыз.

 

Балалар бүгін аңдар туралы не білгенімізді электронды оқулық арқылы тексеріп көрейікші?
— Электронды оқулығымыз арқылы аңдарды  тауып көрсетіп,  не жейді толық жауап.
Аңдарды топтастырып көрсетіп, дыбысталуын салып көрейік?
Тамаша, балалар! Сендер тапсырманы өте жақсы орындадындар!

— Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар.
Мақтау, мадақтау

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *