ҰБТ — өмір соңы емес

   Біз сүріп жатқан өмір жолы түрлі сынақтардан құралған. Әрбірімізде әртүрлі. Алайда бүкіл түлектердің бастан кешетін жайты — ҰБТ. Кейбіреуін қуантса , кейбіреуін жылатар …
  Әрине , ең алдымен осы эмоциялардың қайсысын бастан кешетініміз , тікелей өзімізге байланысты. Іс-әрекетіңнің жемісін , нәтижеден көресің. Кейбір болашақ студенттер “грантқа” ұмтылу жолында тынбай еңбектенеді. Соңғы финиш — армандарының орындалуына әкеледі. Яғни грант иегері атанып , қалаған оқу-орындарында оқиды. Ал ендігі екінші типке жататындар: ҰБТ-ны маңызды нәрсе ретінде қабылдамағандар. Жеке басым  өзімді қай типке жатқызу керек екенін білмеймін. Дайындалдым , еңбектендім , алайда өзімді психологиялық тұрғыдан дайындау барысында , ҰБТ-ны маңызды нәрсе деп қабылдамауды ұйғардым. Бәлкім барлық мәселенің түйіні де, осы болар. Өз ҰБТ жолыма тоқтала кетсем , 11 сынып басында , мен тек ағылшын курстарына ғана барып жүрдім. Сол кездері ҰБТ мен үшін ешқандай маңызға ие болған емес. Себебі , мені сол кездері қызықтырғаны , тек шетелдегі оқу еді. Алайда , 11 сыныптың қараша айы менің ойымды түбегейлі өзгертті. Бұған түрткі болғаны — психологпен айтылған , жан дүние сырын ақтарған әңгіме. Сол әңгімелесуден соң түсінгенім , мен шын мәнінде өз елімнен жыраққа кетуге психологиялық тұрғыдан әлі дайын еместігім. Өзім үшін дұрысы деп , Қазақстанда қалуды шештім. Дереу арада курстарға жазылдым. Достық білім алу орталығы , мен үшін тек сапалы білім ғана емес , қызықты , теңдесі жоқ ұмытпас естеліктер сыйлады. Бейіндік пәндерімнен жоғарғы баллдар ала бастадым. Алайда мені сүріндіргені , математикадан өте әлсіз едім. Таңдау пәндерімді біршама рет ауыстырып , кемем біршама адасып жүрді. ГеоМаттан , ГеоАғылшынға ауыстым. Дегенмен , қанша қиын болса да , математикаға тоқталуды ұйғардым. Сөйтіп , қаңтар , наурыз ҰБТ-ларынан жеткілікті 80-90 баллдар шамасында алып жүрдім. Математика 14, максимум 17 баллға әзер жететін. Күні — түні грант ҰБТ-ға дайындалумен болдым. Бірақ кейбір сәттерде ештеңеге зауқым соқпай , ештеңе істемей , шындықтан қашып кеткім келетін. Осылайша , сабақты бірнеше апталар бойы оқымай кеттім. Қазір өкінетінім — мүмкіндікке берілген әрбір уақытты бағалауым керек еді …             02.06.2023. 1-ші ҰБТ сәті. Қобалжу сынды эмоциялар бойымды жаулап алды. Көп балл алуды армандадым , алайда іштей жеткіліксіз дайындалғанымды сезіп тұрдым. 4 сағат көзді ашып-жұмғанша өтті де , кетті. Соңғы шешуші сәтте жинаған ұпайларымды көруді ұйғардым. 86 балл. Иә ,бұл балл аз емес , алайда мен үшін грантқа мүлдем жеткіліксіз. Дегенмен , сол сәтте алда әлі тағы бір мүмкіндігім тұрғанындықтан , аса бір алаңдамадым. Екінші ҰБТ-да бұдан көп балл жинаймын деген едім мен сол кезде …   Екі ҰБТ арасы бір ай шамасы еді. Дайындалған күн мен түндерім өте берді. “Выпускной” кешім де  өтті де , кетті. Бір аптадан соң екінші ҰБТ да келіп жетті. Жоғарғы балл алудан үміттенген мен , сол төрт қабырғалы ғимараттан , ата-анамның маған деген сенімдерін ақтай алмадым — деген өкінішпен шықтым. Екінші жолғы ҰБТ-дан төрт баллға кем жинадым, яғни 82. Ең қызығы мен сол жолғы ҰБТ-ны тапсырған ең соңғы түлек болдым. Яғни уақыт аяқталуына 1 минут қалғанда ғана , “аяқтау” тетігін бастым. Бойымды өкініш сезімдері жаулап алды. Алайда стресске берілмедім. Өйткені , жанымнан мені ештеңеге қарамастан қолдайтын жандар , ең бірінші ата-анам , сосын жан достарым табылды. ҰБТ өмір соңы еместігіне сендірді. Олардың қолдауларының арқасында аса бір қынжылмадым. Дегенмен , ішкі жан-дүниемдегі ата — ана алдындағы өкініш сезімдері , әлі де кетер емес. Шынымды айтсам , қазір не істерімді де , білмеймін. Қай университетке құжаттарымды тапсыратыным да маған беймәлім. 86 , 82 деген баллдармен ГеоМат саласында грант ұтып алу мүмкін бе ? Бұл сәтте тек бақ шабама , бап шабама … Арман болған СДУ-ым да, тек арман болып қалды. Ішімде әлі де болсын , бір үміт оты жанып тұрғандай. Білмеймін , бірақ та барлығы реттеледі — деген сенімдемін. Иә , қазіргі таңда менен де , басқа қанша түлектер сүрінді , құлады. Айтатын бір шама сөзім: ҰБТ расында да , өмір соңы емес. Өз — өздеріңе қамқор болыңдар ! Міне , осылайша ҰБТ оқиғасы да, өз мәресіне жетті …

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *