Үштұғырлы тіл — көрнекті келешек

Серік Әлия Біржанқызы

Тіл — кешегі мен бүгінгіні жалғаған, ертеңге сыйлар үміті бар, ұлттық құндылығымыздың бұлтартпас айғағы, егеменді еліміздің рухани азығы. Қай ұлтта, қай мемлекетте болмасын тіл құдіретінің алар орны мен берер тәлімі тым бөлек.
Рухымызды асқақтатып, ұлтжандылығымызды айшықтайтын қасиетті тілімізге де айрықша құрмет көрсетілуі тиіс. Менің ойымша, тілге көрсетілетін құрмет — тіл байлығы мен тіл тазалығы. Тіл байлығы ұлттық болмысымыздың кескін-келбеті болса, тіл тазалығы сол келбетті барынша ажарландырып, айқындай түседі.
Басты тақырыпқа үңілер болсақ, тілдің айналасында сөз қозғалғаннан кейін «үштұғырлы тілдің» көшбасында тұрары тайға таңба басқандай белгілі.
Үштұғырлы тіл саясатының негізгі идеясы мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз деген ұғымға негізделген. Заман талабына сәйкес, бұл тұғырлы үш тіл адам жан дүниесінің рухани қазынасын толықтырып тұрады. Бұл саясаттың басты мәні де сол. Сондай-ақ біз бұл тіл жағдайында нағыз бәсекеге қабілетті ұлт, көшбасшы мемлекет ретінде қалыптаса аламыз. Себебі бірнеше тілде емін-еркін сөйлеп, жаза алу бәсекеге қабілетті тұлғаға айналдырады.
Тұңғыш Елбасымыздың пайымдауынша, қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі. Бұл үш тілдің маңыздылығын ұғыну арқылы көрнекті келешекке нық әрі сенімді қадам жасай аламыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *