Презентациядағы анимация

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

 4.3 Бейне жасау

Мектеп: №16 Т. Бигелдинов
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: А. Юсупова
Сынып: 4 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Презентациядағы анимация  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2.3.2  презентациялардағы нысандардың анимациясын келтіру;

4.2.1.2  құжатқа сурет енгізу

Сабақтың мақсаты 1.Барлық оқушыларға:

Презентациядағы нысандарға анимацияны енгізу

2.Кейбір оқушыларға:

Анимацияға эффекттіні қосу

3.Басым оқушыларға:

Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша жылжыту

Бағалау критерийі 1.      Презентациядағы нысандарға анимацияны енгізеді

2.      Анимацияға эффекттіні қосады

3.      Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша жылжыта алады

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Анимация, нысан, дизайн

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен  тіркестер:

Қазақша Орысша Ағылшынша
Анимация Анимация Animation
Нысан Объект Object
Дизайн Дизайн Design

 Анимация (лат. «anima» — «жан») –қозғалыстың әртурлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін экранда ……………………….

Құндылықтарға баулу

 

 

«Мәнгілік ел» ұлттық идеясы: «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы». Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңызды.

Алған білімдерін өмірде  қолдана білуге баулу

Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, музыка.
Алдыңғы білім

 

Презентациядағы бейне
 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар
Сабақтың басы

8 минут

 

1.Сыныпты ұйымдастыру:

Оқушылармен салемдесу

Оқушыларды тугелдеу

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Өткен сабақты сұрау мақсатында «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолданамын.

— Презентацияға бейнені қалай кірістіреміз?

— Бейне пішімі функциясымен қандай әрекеттерді

орындауға болады?

-Youtube-тағы барлық бейнелерді көру үшін     қанша уақыт қажет?

— Неліктен презентацияға бейненің бір бөлігін ғана кірістіруге болады?

Дескриптор:

—          Презентацияға бейнені кірістіре алады

—          Бейне пішімі функциясымен әрекеттерді орындай алады

—          Презентацияға бейненің бір бөлігін ғана кірістіре алады

ҚБ.Смайликтер беру арқылы бағалаймын.

 

 

 

 

 

Керемет          Жақсы             Орта

 

 

 

 

Қағаздан жасалған

ұшақ.

Сабақтың ортасы

25 минут

 

 Сабақта оқушылардың назарын бір жерге жинақтау үшін «Қарқын» әдісін қолданамын яғни Информатика пәніне тиісті термин сөздерді жылдам айттыру.

Кейбір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жауап береді, сыни ойлауын дамытады, пікірін қалыптастырады, шапшаңдыққа үйретеді.

Жаңа сабақ.

 

 

Тапсырма №1 «Жеке жұмыс» әдісі арқылы оқушылар  тапсырмаларды орындайды. «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында.

1.      Power point программасын аш

2.      Презентацияға суреттерді енгіз

3.      Суреттерді ерекшеле

4.      Анимацияны таңда

5.      Анимацияны орнат.

Дескриптор:

—          Презентацияға суреттерді енгізеді

—          Суреттерді ерекшелейді

—          Анимацияны таңдайды

—          Анимацияны  орнатады

 

ҚБ.Смайликтер беру арқылы бағалаймын.

 

 

 

 

Керемет        Жақсы              Орта  

 

Тапсырма №2  Деңгейлік тапсырма беремін

А-деңгейі

Анимацияны таңда

Анимацияны орнат

Б-деңгейі

Анимацияны орнат

Анимацияға эффектіні қос

С-деңгейі

Анимацияға эффектіні қос

Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша жылжыт

Дескриптор:

—          Анимацияны таңдай алады

—          Анимацияны орната алады

—          Анимацияға эффектіні қоса алады

—          Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша жылжыта алады

ҚБ.Смайликтер беру арқылы бағалаймын

 

 

 

 

 

 

     Керемет                    Жақсы              Орта

 

 

 

 

Сабақты бекіту:

1.      Анимациялық әсерлерді қалай қосамыз?

2.      Анимация әсерінің қандай түрлері бар?

3.      Анимацияның көмегімен суретті көрсетілген бағыт бойынша қалай жылжытуға болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

Сабақтың соңы

          7 минут

 Рефлексия пирамидасы

Оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды:

 
Мен білдім…
Маған қызықты болды …
Маған сабақта ұнағаны …
Мен жасай алдым …

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Үйге тапсырма Презентациялардағы нысандардың анимациясын келтіру  
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?   Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ барысында берілген тапсырмалар оқушылардың қабілеті мен қарқынына сәйкес сараланған.

Өткен сабақты сұрау мақсатында «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолданамын,өтілген тақырыпты пысықтап аламын.

 «Қарқын» әдісі арқылы саралау тәсілінің дереккөздер тәсілінен пайдаланамын .  Оқушылардың назарын аудару арқылы сыни ойлауын дамытады, пікірін қалыптастырады, шапшаңдыққа үйретеді.

«Жеке жұмыс»әдісі деңгейлік тапсырма беру арқылы оқушылардың білім

деңгейін саралаймын.

А-деңгей . Барлық оқушылар

Б- деңгей. Басым оқушылар

С- деңгей. Кейбір оқушылар

Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушыларды демеп, смайликтер беру арқылы , ынталандыру арқылы бағалаймын.

Критерий және дескриптор,   кері байланыс арқылы оқушыларды бағалаймын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.

Қауіпсіздік техникасын сақтауына коңіл бөлемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.  .
 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *